Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
Орындаған: Узакбай А
Тобы: ЖМҚБ-06-21
Қабылдаған: Ибраимова А.
Презентация
Тақырыбы:ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері.
Субмәдениет ұғымы
Ғылымда << СУБМӘДЕНИЕТ >> термині латынтілінің << sub – төменгі >> , неміс тілінің << kultur – мәдениет >> деген ұғымынан шыққанын түсіндіреді . Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатындықтан субмілениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандайда бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, << субмәдениет >> ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігіні, табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббитінің салдарынан пайда болады. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін << ерекше адамдармыз >> деп қоғамнан оқшауланғанды қалайды. Олардың өміріндегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады. Жасстар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады..
Субмәдениеттің түрлері
1. Музыкалық субмәдениет : белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ ;АРТ
2. Арт – субмәдениет : әннен басқа өнер түріне, анимадил,жалпы хобби турасында қауымдасқан топ .
3. Интернет – субмәдениет : интернет қауымдастығы, жалпы виртуалды кеңістікке ортақ тіл табысқандар .
4. Индустриялды және спорттық субмәдениет : қалалану процесіне байланысты және фудбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ .
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен , жаңа лептің бастау алған кезеңі болды . Ол тек техникалык жетістіктер , ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес . Сонымен қатар рухани , мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты . Сондай заман нәтижелерінің бірі фанатизмнің психологиялық ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына , жынысына қарамай , бір идея толқынына біріктіруі , яғни « субмәдениет » ұғымының қалыптасуы . Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді . Субмәдениет өкілдерін , қала көшелеріне шықсаңыз , міндетті түрде көресіз және бірден танисыз . Өйткені олардың киім киістері де , өздерін ұстауы да , сөйлеулері де өзгеше . Осы субмәдениет біздің қоғамдағы жастар алып барады . Субмәдениет жастардың өзіндік қоғам құрып , бегілі бір топ ішіндегі бейформалды , яғни , қоғамнан бөлек бірлестігі , осы бірлестік мәдениеті . Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазір бар әлемде кең таралған . Оған , әсіресе , жасөспірімдер көп қызығады
Субмәдениет дегеніміз-қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. «Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда «алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі.
Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұ- ралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар), діни топтар (секталар) және жаңа технологияның дамуына байланысты (хакерлер, геймерлер) субмәдениет бірлестіктері айрықша даму үстінде. Готика, эмо, скинхэд, анимэ табынушылары секілді спецификалық суб- мәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен әсіресе ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт- дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды қнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады . Еліміздің де қала көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар»
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады. Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи субмәдениеті – жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды [1].Хиппи субмәдениетіне тән хиппи растмандары яғни Растафари (раста) деген топтар да бар. Олар Иегова сектасының бағытын бұрмалаушылар. Олар ХХ ғасырдың 60-жылдары Ямайкада пайда болған «регги» музыкасының табынушылары. Сүйікті түстері қызыл, сары, жасыл