349
және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің
тәсілдері мен түрлерін таңдау.
Білім беру жүйесіндегі психодиагностикалық өзіндік принциптердің ерекшеліктері
бар. Өйткені көптеген зерттеулерде ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-
практикалық диагностиканы бір-бірінен ажырата білу қажеттігі айтылған [4].
Ғылыми-практикалық диагностика қоғамдық іс-тәжірибенің түрлі міндеттеріне,
оқушылардың таным процестеріне дамыту міндетіне және мұғалімдердің жеке басының
ізгіліктілік бағытын бқабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін
айқындау міндеті және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктік бағытын зерттеуге
бағытталады.
Білім беру мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз
байланысты бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен
қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын ұсынып отыр.
Мектептегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында
оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап
отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын
құрастыру қажет.
Мектеп психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру.
Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие
және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог
қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету [5].
Психолог болу - қызығы мен қиындығы қатар жүрер өзіндік ізденісті қажет ететін
мамандық. Психолог - өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан
шығаруға бағыт-бағдар беретін маман. Психолог - өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің
жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – баланы қорғаушы,
психолог — көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі
күйзеліске түскен жандарға психологиялық тұрғыдан көмектесетін маман.
Әдебиеттер тізімі:
1.Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы: Қазақ университетi, 1992. - 112
бет.
2. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы // Өзгеріс - Перемена, Қарағанды,
2002.
3.Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті
ұйымдастыру. - А, 2003 ж.
4.Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М.: Генезис,
2000. - 298 с.
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: Владос, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: