Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА



Pdf көрінісі
бет252/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   267
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Хамит А.Б., Абилхаирова Ж.А. 
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында 
Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев: 
«Орта 
білім 
жүйесінде 
жалпы 
білім 
беретін 
мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп 
түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі 
оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын 
игеруі тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын[1]. Осы 
міндеттердің шешімі ретінде 2016 жылы барлық 1-сыныптар, оқытудың жаңартылған 
білім беру жүйесіне көшті. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың 
тиімділігін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, өмірлік білімін жалғастыру – білім беру 
үдерісінің негізі болып табылады. 
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, 
оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық 
және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда 
функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның 
үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – 
жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. 
Бастауыш сынып үшін жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні - баланың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
.
Яғни, оқушы өзінің мектеп қабырғасында 
алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі 
«Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Бастауыш сыныптарда зерттеу жүргізу 
дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа «Жаратылыстану» 
пәні енгізілді.
 
Бұл пәннің артықшылығы: бала тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына 
және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, 
ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қытай философы Конфуций айтқан «Маған 
айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-
үйренемін» дегендей 
«Жаратылыстану» 
пәні 
оқушылардың 
фунуционалдық 
сауаттылығын арттырып, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуға жағдай жасайды. 
Бастауыш сыныптарына арналған оқу жүктемесі: 
Сынып 
Апталық жүктеме 
Жылдық сағат саны 


33 


34 


68 


68 
1-кесте. Бастауыш сыныптарына арналған оқу жүктемесі 


553 
Бастауыш сыныптарына арналған пән мазмұны: 
№ 
Бөлімдер 
Бөлімшелер 
1 Мен зерттеушімін 
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 
1.2 Табиғатты тану әдістері 
2 Тірі табиғат
2.1 Өсімдіктер 
2.2 Жануарлар 
2.3 Адам 
3 Заттар және олардың қасиеттері 
3.1 Заттардың типтері
3.2 Ауа 
3.3 Су 
3.4 Табиғат ресурстары 
4 Жер және ғарыш
4.1 Жер
4.2 Ғарыш 
4.3 Кеңістік және уақыт 
5 Табиғат физикасы
5.1 Күш және қозғалыс 
5.2 Жарық 
5.3 Дыбыс 
5.4 Жылу 
5.5. Электрлік 
5.6 Магниттілік 
2-кесте. Бастауыш сыныптарына арналған пән мазмұны 
 
Жаратылыстану ғылымдар бөліміне қоршаған әлемді қарастыратын және 
таныстыратын ғылымдар саласы жатқызылады. Бұл бөлімді ғарыш, оның құрылымы мен 
эволюциясы туралы (астрономия), жер туралы (география) процестердегі химия, физика, 
биология, адамды биологиялық түр ретінде және оның эволюциясымен шығу тегі туралы 
ғылымдар біріктіреді. Жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы оқытудың бірінші 
кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс және тұтас түсінік қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Табиғат туралы ғылымды одан әрі саралап зерттеу үшін негізгі база
қаланады. Пәнді зерттеу кезінде құбылыстардың өзара байланысы, эволюция және 
заңдылық идеялары туралы оқушылардың өзіндік түсінігі қалыптаса бастайды

Бұл өз 
кезегінде жаратылыстану ғылымдарының өзара сабақтастығын байытуға, пәнаралық 
байланыстарды жүзеге асыруға ықпал етеді деп есептеймін. Жаратылыстану ғылымы 
пәндері оқушыларда ғылыми көзқарастың қалыптасуына зор ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін жаратылыстану пәні маңызды білім беру 
мәселелерін шешу, қарым-қатынас шеңберін мейілінше кеңейту, өмірлік құндылықтарды 
талдау және кәсіптік өзін-өзі анықтау бағдарларын таңдау тәсілі болып табылады. 
Бастауыш мектепте оқыту үдерісі негізінен оқушыларда қарапайым ұғымдарды игертумен 
аяқталады. Онда қоршаған әлем туралы жалпы оқу материалының белгілі бір деңгейі 
көрсетіліп, зерттелетін объектілер мен құбылыстардың маңызды белгілері біріктірілген.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар әлемді биологиялық, физикалық, химиялық 
құбылыстарға бөлмей, біртұтас жүйе ретінде қабылдайды.
Жаратылыстану курсында 
бастауыш сынып оқушылары тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары, денелер мен 
заттар, қасиеттер және олардың адамзатқа пайдасы туралы бастапқы білім алады. Қазіргі 
өмір биология, химия, физика, география, экология салалары бойынша мәліметтерсіз 
мүмкін емес. Ғылыми білім адамға табиғатты түрлендіруге, табиғи күштерді басқаруға, 
жаңа машиналар мен технологияларды құруға мүмкіндік береді. Сондай ақ, Ыбырай 
Жақаевтың «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, 
жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі» және 


554 
Шыңғыс Айтматовтың «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы 
қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді» деген 
нақыл сөздерін назарға ала отырып, оқушыларға адамның табиғатпен тығыз байланысын, 
оған ұқыпты, мұқият қарау қажеттігін түсіндіруіміз тиіс. 
Оқушылардың 
білімін қалыптастыру барысында жаратылыстану курсы 
бейорганикалық (атомнан ғаламшарға дейін, жергілікті жерден географиялық қабыққа 
дейін) және органикалық (организмнен экожүйеге дейін) жүйелермен таныстырады. Бұл, 
оқушыларға біріншіден өмір мен адамның пайда болу ортасы ретінде биосфера – жер 
бетінде болып жатқан барлық құбылыстар мен процестерді қарастыруға; екіншіден, 
табиғатты тану, түрлендіру және пайдалану процесінде адамның рөлін сипаттауға 
мүмкіндіктер береді[2,3].
Бұл, бастауыш мектептегі жаратылыстану курсының мақсаты мен міндеттері, 
әлемнің тұтастай бейнесін қалыптастыру және ондағы адамзаттың алатын орнын 
айқындау негізінде, ең алдымен, оқушылардың жаратылыстану ғылымдары түсініктері 
мен ұғымдарды меңгеруін қамтамасыз етуі тиіс. 
Оқу процесінің мазмұны оқу мақсатын жүзеге асыру құралы болып табылады және 
балаларды неге үйретемін, қандай білім мен іс-әрекет тәсілдерін таңдаймын деген сұраққа 
нақты жауап береді. Оқу пәніндегі білім құрылымы мен оны баяндау тәсілі 
жаратылыстану әдістемесіне тән жалпы және арнайы педагогикалық принциптермен 
анықталады. 
Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнін оқытуды жүзеге асыру педагогтың 
жоғары біліктілігін талап етеді. Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің маңызды 
міндеттерінің бірі – интеграцияланған ғылымдардың табиғат пен оқу пәнінің арасындағы 
өзара байланысты орнату, соның негізінде оқу материалдарын оқушылардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып іріктеу . 
Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі – бұл мектеп пәнінің ерекшеліктерімен 
негізделген бастауыш сынып оқушыларын оқыту және дамыту үдерісінің жүйесі туралы 
ғылым. 
Әдістеме маңызды міндеттерді шешуге арналған: 

Бастауыш мектептегі жаратылыстану ғылымдарының білім беру мақсатын 
дұрыс анықтауға; 

Материалды іріктеу қағидаларын және оқу пәнінің мазмұнын анықтауға; 

Оны оқытудың тиімді әдістерін, нысандары мен құралдарын әзірлеуге; 

Жаратылыстану курсын оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының 
дамуына оңтайлы жағдай туғызу мүмкіндіктерін анықтауға; 
Жаратылыстану пәні әдістемесінің негізі педагогика ғылымы екені анық. 
Педагогика әдістемесі дидактика мен тәрбие теориясынан алынған білімдермен 
байытылады. Дидактика оқытудың теориялық негіздерін құрайды. Ол барлық мектеп 
пәндеріне ортақ оқыту принциптерін, әдістерін, құралдарын және формаларын 
қалыптастырады. Жалпы оқыту және тәрбие теориясынан тыс әдістеме теориясын құруға 
болмайды. Қазіргі педагогикалық тұжырымдамалар әдістемелік ғылымның дамуына үлкен 
әсер етеді. 
Берілген мәліметтерді қабылдау шарттары:

Көрнекі құралдарды пайдалану. Табиғи объектілердің артықшылықтары 
көрініс табуы тиіс. Олардың шағын, үлкен көлемді немесе тұрғылықты жерден 
табылмаған жағдайда, модель, макет немесе техникалық құралдарды (фото, 
бейнематериал) пайдалану қажет.

Зерттелетін заттар мен құбылыстардың сөздік сипаттамасы дәл, бейнелі 
болуы тиіс. Мұғалім сөзі бақылау объектісінің жалпы және елеулі сипаттарына 
бағытталуы тиіс. Бұл баланың санасында әдіс пен сөз арасында байланыс орнатуды 
қамтамасыз етеді.


555 

Баланың барлық сезім органдары практикалық жұмыстарды жүргізуге 
бағытталады. Практикалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтар нақты, анық, балалардың 
назарын зерттелуші объектілердің басты қасиеттеріне аударуы тиіс. 
Дұрыс түсініктердің пайда болу шарттары:

Жад бойынша сурет салу. Бұл әдіс "өткен тәжірибені жандандыру" және 
кеңістіктік бейнені қалыптастыру үшін маңызды. Бұл ретте зерттелген объектіні егжей-
тегжейлі жаңғырту емес, осы ұғыммен белгіленген барлық объектілердің елеулі белгілері 
көрінетін схемалық сурет талап етіледі. Мысалы, гүл өсімдігінің бөліктерін зерттеу 
кезінде тек шөпті өсімдіктің ғана емес, ағаштың, бұтаның да суреті жасалуы мүмкін.

Кестелерді, схемаларды толтыру. Бұл әдіс әдетте практикалық жұмыс 
жүргізілгеннен кейін қолданылады. Бұл ретте, балалар қарапайым тәжірибе арқылы 
зерттеген табиғи объектілердің қасиеттері есте сақталады.

Сезімдерді жаңғыртуды талап ететін сұрақтар мен тапсырмаларды 
қарастыру. Мысалы, оқушылар қандай тәжірибе көмегімен судың мөлдір екенін, ол жақсы 
еріткіш екенін анықтау керек. 
Бастауыш жаратылыстану курсын оқытудың әдістемелік негіздерін әзірлеу 
барысында бастауыш сынып оқушыларының психикасының даму заңдылықтарын 
зерттейтін психологияға жүгінетініміз белгілі. Бастауыш мектепте жаратылыстану курсы 
материалдар мазмұнын іріктеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. 
Психологияның міндеті жаратылыстану сабақтарында әртүрлі қызмет түрлерін жоспарлау 
және мұғалім үшін балалардың таным және қабылдау процестерінің деңгейін анықтау. 
Бұл оқу процесінің жүйелілігін, толық қамтылуын қамтамасыз етеді. 
Жаратылыстану ғылымы өскелең ұрпаққа әлемді танудың эмпирикалық 
тәжірибесін, жаратылыстану пәнінің негізгі тұжырымдамаларына сәйкес әлемнің 
тұтастығы мен алуан түрлілігін көрсететін, табиғатты зерделеудегі сабақтастық 
қағидаттарын түсінуді көздейді. Қазіргі кезеңде жаңа білім беру мектебін құрудың негізі 
қоғамның мәдени және рухани жаңғыруы болуы тиіс. Осыған байланысты бастауыш білім 
беру мазмұнында жаратылыстану ғылымының тұжырымдамалары ғана емес, бастауыш 
сынып оқушысының қоршаған орта жағдайына бейімделуіне ықпал ететін табиғат 
құрылымына баламалы көзқарастар да көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет