Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет249/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   267
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Ислам А. Ұлттық мәдениет контекісіндегі дүниенің тілдік суреті. Ф.ғ.д. 
диссертациялық автореферат. – Алматы, 2004 – 38 б. 


543 
2.
 
Бабенко Л.Г., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. – 
Москва: «Наука», 2008 – 496 с. 
3.
 
Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі. (Б. Соқпақбаев шығармалары 
бойынша). Ф.ғ.к. диссер. – Алматы, 2006. – 32 б. 
4.
 
Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1994. – 496б. 
5.
 
Сарышова К.С. Эмоцияны бейнелейтін қазақ фразеологизмдері. – Алматы: «Асыл 
кітап» баспасы, 2011. – 192 б. 
СЫР ӨҢІРІ-ӨРКЕНИЕТТЕР ОРДАСЫ 
Шойман А.Т., Аңсатова М.Н. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
«Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де 
қастерлі өлке, қасиетті мекен.» 
Н.Ә.Назарбаев
 
Топырағын түртіп қалса,тасын төңкеріп қарасаң қарт тарихтан хабар бертін қазақтың 
қазыналы жерінде талай дүние тұныи жатыр. Бұл атыраптың әртөбесінде айтылмаған 
сыр,жазылмаған шежіре жатыр. Біздің Сыр өңірінде халықтың рухани жаңғыруына мол 
мүмкіндік беретін аса маңызды мадени нысандар:ежелгі қалалар мен ескерткіштер,киелі 
мекендер мен кесенелерүлгі етерлік рухани құндылықтар аземес. Ал осыны алты 
құрлыққа айшықтау, дәуірдің жауһарындай дәріптеу біздің мойынға артылған асыл 
парыздың бірі болса керек.Оның үстіне ұлттық рухтың көсегесі көгерсін десек, осынау 
жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп,болшақ қабасы бүтін аманаттау да 
жауапты іс.Ежелг ісақтардың киелі байтағы Шірік-Рабат, Сортөбе, Асанас, Орта 
ғасырдағы оғыз қыпшақтардың басты қалалары - Жанкент, Жент, Баршынкент, 
Өзкент,Ақорда мен Қазақхандығын алғашқы астанасы Сығанақберідегі Алаш жұртының 
бас қаласы етіп таңдаған Қызылорда шаһарының Сыр бойына Өркениетпен біте қайнасқан 
мәдениеттер ордасы болғандығына айқын айғақ. Жібек жолы бойымен жүріп өтетін транс 
ұлттық сауда керуенжолдары да Сырдың бойында тоғысатын.Әрі қарай сауда керуендері 
Ақмешіт маңынан Торғай,Орал,Ембі өзендері арқылы теріскей-батысқа жол тартса, келесі 
тармағы Тобыл мен Ертісті бойлай теріскейге, Шубойы мен Балқаш көлін Басып шығыс 
бағытта қарай өтетін.Ең басты себеб-тарихтың көне парактарында танбаланған Ақмешіт 
қазақылықтың қаймағы бұзылмаған құт мекен еді. 
Әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі,сара жолыболады. 
Тарихи деректер бойынша Сыр бойы өте ерте кезден бастап сақтар-массагеттер 
мекендеген. Шірік-Рабат қала-қорымы,Ұйғырақ,Түгіскен қорымы Сыр бойындағы ежелгі 
дәуірден сыр шертетін ескерткіштер. 
Ертедегі грек тарихшысы Герадот массагеттер туралы былай деп жазады: “Батысында – 
Кавказға барып тірелетін Каспий теңізі мен щығысында – шексіз жазық даламен ұласып 
жатқан осы кең-байтақ өлкенің көп бөлігін массагеттер мекендейді екен.Сырт киімімен 
тұрмыс салттарына қарағанда олар скифтерге ұқсас.Өздері атүстінде де,жаяу да шайқаса 
береді.” 
Арал теңізі маңында оның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде және Сырдарияның 
оң жағалауында парадарайа сақтары өмір сүрген. Ежелгі грек жылнамашылары сақ 
тайпаларының осы бөлігін массагеттер немесе яксарттар деп атаған.Парадарайа сақтары 


544 
құрамына дайлер немесе дейхиилер кірді, олар Сырдарияның Орталық жағалауында өмір 
сүрген еді. 
Сақ тайпаларының дамыған мәдениеті болды.Негізгі тұрғын жайы үшін киіз үйді 
пайдаланды.Үйдің негізгі құрал-саймандары сынбайтын заттардан, ағаштардан,теріден 
жасалынады.Ал балшықтан жасалған ыдыс-аяқтардың қабырғалары өте қалың,табандары 
ойық болған. Сонымен қатар табылған көне жәдігерлер сақ заманының материалдық 
мәдениеті,өнері,мифологиясы туралы мол мәлеметтер алуға мүмкіндіктербереді.”Алтын 
адам” сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. 
Қазіргі 
таңда 
халықтың 
ұлттық 
санасы 
оянып,тарихи 
тұлғалардың 
танылуына,архитектуралық,археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай 
дүниесіне ұмтылысы күн санап өсіп келе жатыр.Сыр өңірі көне дәуірлерден мәдениет 
ошағының ордасындай болғаны ақиқат.Бұл тенеудің тегін айтылмасы белгілі.Көршілес 
елдер үшін түріктер ең қаупті жауға айналады.Олар көп кешікпей батысқа жорық 
жасап,Арал теңізіне дейін жетеді.Содан кейін Сырдария солтүстікке бұрылатын жерде 
оны кесіп өтіп, Әмударияның солтүстік жағымен Арал теңізін кесіп өтіп,Бұхараға 
бұрылады. Сөйтіп түріктер бүкіл орталық Қазақстанды,Жетісу мен Хорезімді 
бағындырады. 
Түріктер тек саяси ғана емес,экономикалық үстемдікке де ие болады. Бастыс пен 
Шығысты 
жалғастырып 
жатқан 
“ҰлыЖібек 
жолы” 
түріктердің 
қолына 
тиеді.Зерттеушілердің 
деректеріне 
қарағанда 
“Жібек 
жолы” 
арқылы 
будда 
діні,адСириямен Арабтан исламдіні тараған. 
Түрік қағанаты кезінде Ұлы Жібек жолы барынша жандана түсті. Бұл жолдың 
тармақталған бір бұтағы Шу, Талас және Сырдария алқаптарындағы, Арал маңындағы 
қалаларды басып өтетін. 
Бұл аймақтарда көшпелі түрік тайпаларымен отырықшы халықтар этникалық жағынанда 
туыстар немесе біркелкі этникалық саяси қауымға халықтардың бір-біріне осылай 
жақындасуына олардың салт-дәстүрінің үйлесімділігіне Ұлы Жібек Жолы көп әсерін 
тигізді.Өркениет пен жетістіктердің алғашқы қадамы болды.Бұл жолды түрік қағанаты 
үнемі қадағалап отырды.Ұлы Жібек Жолының маңызды бір тармағының бойында 
орналасқан Сығанақ қаласы Шығыс пен Батыстың көптеген ірі қалалармен 
сауда,экономикалық,саяси және мәдени байланыстарда маңызды рөл атқарады. 
Ұлы Жібек Жолы-Қытай жерінен басталып,Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген 
керуен жолы.Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстемінен 
өтті.Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып,XVI ғасырға 
дейін қызмет етті.Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай 
соғыс,өрт,аштық,апат-ойрандардың куәсі болған.Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда 
жүйесі дамып қана қоймай,Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып,мәдениет және 
дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен 
Жетісу 
мен 
Оңтүмтік 
Қазақстан 
даласын 
кесіп 
өтетін.Отырар,Тараз,Сайрам(Испиджаб),Түркістан,Суяб,Баласағұн т.с.с көне қалалар тек 
сауда ғана емес,мәдениет және ғылым орталықтары болды. 
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары»-«әлем 
айнасы»дейтін.Себебі,бұл жақта кез-келген дүниені айырбастауға ,сату мен сатып алуға 
болатын.Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару- жарақтар,киім-кешек пен ер-
тұрмандар саудаға түсетін.Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар 
кіретін.Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын.Саудамен қатар,бұл аймақта білім 
мен ғылым саласы дамыды.Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен.Бүгінгі 
таңда көне қала Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес,сондай-ақ,бүкіл түркі 
әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш 
сезімін оятады деп ойлаймын.Суяб және Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде 
сауда жәрмеңкелері өткізілетін.Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып,сауда 
қарым-қатынасын орнатады.Қарлұқ қағанатын солтүстік-батыс жағында,Сырдарияның 


545 
орта және төменгі бойында ,оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X 
ғасырларда Оғыс тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.Оғыздардың 
ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы.Оғыздар IX ғаырда 
Сырдария бойына келіп орналасады,бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт 
соғысуға тура келді.Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға 
бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады. 
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта 
ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді.Оғыздардың 
қоныс өрістері Ырғыз,Орал,Ембі,Ойыл өзендердің бойларында,Сырдарияның Қаратау 
баулайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен.Олар Сырдарияның орта және төменгі 
ағысы бойында,Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. 
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы- Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала 
болды.Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу,Есіл және Нұра бойларына баратын сауда 
жолының үстінде орналасқан.Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі мал шаруашылығы 
болды.Оғыз тайпааларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап,жайлауға 
Каспий маңындағы далаға көшкен.Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе 
өсірген.Әсіресе,қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған.Сондай-ақ оғыз бай-
феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған.Көшпелі оғыздар 
түйе,оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер де өсірген.Оғыздар аңшылықпен де 
айналысты.Оғыз кедейлері Арал теңізінен,Сырдариядан,тағы басқа да өзендерден балық 
аулап 
кәсіп 
қылған. 
Қалалардағы 
үйлер 
көбіне 
тастан,ағаштан,қамыстан 
тұрғызылды.Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент,Жент,Жуара,ал 
Сырдарияның орта ағысында Қарнақ,Сүткент,Фараб,Сығанақ және Сауран т.б. қалалары 
болған.Оларда қолөнер кәсібі,соның ішінде мал өнімдері мен шикізатты өңдеу 
дамыды.Оғыздарда құмырашылық өнідірісі өркендеді.Олар мекендейтін аумақтарда 
темір,күміс,алтын,мыс және асыл тастар өндірілді.Жанкент жайлы ең бірінші жазба 
естеліктер IX-X ғасырлардың үлесіне тиеді,ал ХY ғасырда қала туралы деректер 
жоғалады. Тек арада үш жыл өткен соң,XYIII ғасырда ғана Жанкенттің аты қайта 
жаңғырады.Алайда,бұл,қираған Жанкент қаласы жайлы жазбалар,Жанкент қаласы 
жөнінде орыс саяхатшысы П.И.Лерх өзінің 1867 жасаған археологиялық экспедициясынан 
соң құнды мәліметтер қалдырған.Қираған қаланың орнын қазу үстінде араб әріптері 
табылған.Аңыз бойынша Жаркентті билеп тұрған қатігез Шанжар хан Қарабура әулиенің 
қарғысына ұшырап,1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болады.Сол дәуірдегі 
Жанкент шаһарының билеушісі Шанжан хан Бегім сұлуға құлай ғашық болып 
үйленеді.Бірде қызғаншақ хан ұрынқұлақтан өзінің жарының азғындық жасағанын 
естіп,оны қатты жазалайды.Алайда бұл хан нөкерлерінің от салуы болатын.Бегім сұлудың 
әкесі Қара бура әулие бір сұмдықтың болғанын сезіп,Жанкент шаһарына барғанда,барлық 
жайтқа қанық болады.Бірақ қызының адал,пәк екендігіне еш күмәні болмаған ол Шанжан 
ханға ашуланып,”ертең алаңға халқыңды жина,егер менің қызымның кінәсі болмаса 
кесілген кесілген қол мен бұрымы орнына келеді.”депті.Жанкент шаһарының халқы 
алаңға жиналып,керемет сиқырдың куәсі болады.Яғни,Қара бура әулиенің айтқаны 
келеді.Қатты ашуланған әулие Шанжар ханіа қарғыс айтып,ордаңды жылан қаптасын 
деген екен. Бірде аспаннан бір мес түсіп жарылып,ішінен ордалы жылан шығып Жанкент 
шаһарының бүкіл халқын өлтірген-мыс.Ал бұл кезде Бегім сұлу құс болып ұшып кеткен 
деседі.Ал,сақатлған жазба деректерге сүйенсек, 1219жылы күзде Жанкент қаласына 
моңғолдар шабуыл жасайды.Халықты қырып,қаланы түгелдей өртеп жібереді.Отқа 
оранған қаланың үстімен қаһарлы Жошы хан шауып өтеді.Қала ХІYғасырда бұрынғы 
қалпына 
келеді.Енді,жаңа 
Жанкент 
араб-мұсылман 
мәдениетінің 
орталығы 
саналады.Осылайша’’Мың өліп,мың тірілген’’Жанкент тағы бір ғасыр өткен соң 
мәңгілікке жойылады.Яғни,ХҮ ғасырдан бері қаланың көне тарихтың куәсіндей орны ғана 
жатыр.Аумағы төрт шаршы шақырым жерді алатын қасиетті де қасіретті қаланың сыры 
мен мұңы қойнында.Ол жайлы тарих пен шежіре ғана сыр шертеді.Қаланың күншығыс 


546 
қапталын қоршап жатқан қалыңдығы екі метрден асатын ескі қорған сол заманның 
ескерткішіндей ата-бабаларымыздың өткен өмірін көз алдымызға елестетеді.Жанкент 
қаласының орны Қазалы ауданының қазіргі”Өркендеу”ауылының оңтүстік-шығысында 
өткен тарихтың куәсіндей болып жерге шөгіп жатыр.Ал,киелі топырақтың астында біз 
білмейтін қаншама сыр бар? Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи-мәдени ескерткіштер 
шын мәнінде кімге болса да ғажайып әсер қалдырады.Бүтін бір халықтар мен 
мемлекеттердің гүлдену һәм құлдырау кезеңдерін бастан өткерген,тарихтың бізге 
беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар ата-бабаларымыздың өткен өмірінің тілсіз 
куәгерлері болып қала береді.Ұлы даланың жеті қырының кез келгені-Қазақ елінің 
өміріндегі ерекше мұра.Атқа міну мәдениеті,ежелгі металл өндіру мен өңдеу 
технологиясы,өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани 
байлығының айшықты белгісі-«аң стилі өнерi»,бүкіл әлемді тамсандырған Дала 
өркениетінің жәдігері –“Алтын адам”жауынгері,түркі әлемнің бесігі саналатын Алтайдан 
бастау алатын түркі тарихы,әлемдің экономиканың өркендеуіне септігін тигізген-Ұлы 
Жібек 
жолы 
жүйесі,Қазақ 
елінің 
ұлттық 
брендіне 
лайықты 
алма 
мен 
қызғалдақтар,еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес,сонымен қатар әрбір 
қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.Жаһандану кезеңінде,ұлт тарихының мәдениеті 
мен құндылықтарын білу,насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі.Айтылып 
өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарих жаңаруы үшін Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық.Оның 
ішінде,ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және 
шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін “Архив-
2025”жетіжылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік 
береді. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 
Алматы: “Атамұра” 1998 ж 285 бет 
2.Қазақтың тарихы. Алматы: “Дәуір”,1994ж 446 бет 
3.Жолдасбайұлы С “Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Алматы 2010 ж 
336 бет 
4.Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет