Єл-фараби атындаѓЫ


ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. AD-AS МОДЕЛІ



бет20/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
5. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. AD-AS МОДЕЛІ


5.1. Өндіріс факторлары

Әлуетті шығарылым көлемі барлық өндірістік факторлар өндіріске толық көлемде қосылғандағы шығарылым деңгейін білдіреді.


Шығарылым өндіріс факторларының шығындарымен анықталады:


Y = F(K, L),

мұндағы К – жиынтық капитал көлемі, L – еңбек шығындары. Бәсекелік фирманың пайдасын максимизациялау шартынан еңбекке сұраныстың тәуелділігін шығаруға болады:




LD = LD(w/P, K),
мұндағы w – атаулы жалақы мөлшерлемесі, Р – бағалар деңгейі, w/P - нақты жалақы. Еңбекке сұраныстың тәуелділігі капиталдан тікелей, ал нақты жалақыдан кері болады. Неғұрлым нақты жалақы жоғары болса, соғұрлым фирмалар еңбекке сұранысын азайтады.


5.2. Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс дегеніміз – экономикада өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет шығындарының сомасы. Яғни сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Біз жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.
MV =PY
Мүнда: М – ақша ұсынысы ;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.
М / Р =( М / Р)D = kY
Мұнда k = 1/V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М / Р =( М / Р)D сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім санына пропорционалды екенін көрсетеді.

Р


AD
Y


5.Сурет. Жиынтық сұраныс
Жиынтық сүраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысынң деңгейіне (РY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Y өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Y арасындағы кері тәуелділік механизімін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыру керек.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет