9. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР ,ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ Экономикалық циклдер Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Экономикалық циклдің фазалары:
1.Шың.Сипатталады:
Экономикалық өсудің жоғары қарқындылығы
Өндіріс деңгейінің анағұрлым жоғары болуы
Инвестициялардың,бағалы қағаздар бағамдарының, пайыз қойылымының,еңбекақының,табыстардың өсуі
Жұмыссыздықтың қысқаруы
2.Құлдырау.Экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады:
Өндіріс көлемінің төмендеуі
Табыстардың көлемінің төмендеуі
Жұмыс орындарының қысқаруы
Инвестициялардың қысқаруы
Бағалардың төмендеуі
Өндірістік күштердің бұзылуы(негізгі капиталдың құнсыздануы,өндірістік қуаттылықтың толық қолданылмауы,жұмыссыздықтың өсуі)
3.Депрессия – құлдыраудың ең төменгі нүктесі.Сипатталады:
Жаппай жұмыссыздық
Еңбекақының төменгі деңгейі
Тауарлық қорлардың қысқаруы
Өндіріс өспейді де,төмендемейді де
Бағаның төмендеуінің тоқтауы
Ссудалық пайыздың төменгі деңгейі
4.Көтерілу.Сипатталады
Негізгі капиталдың жаңартылуы
Жұмыссыздықтың қысқаруы
Еңбекақының өсуі
Бағалардың өсуі
Пайыз қойылымының жоғарлауы
Тұтыну тауарларын сұраныстың өсуі
Жұмыссыздық Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.