Єл-фараби атындаѓЫ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР ,ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ



бет37/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
9. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР ,ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Экономикалық циклдер
Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Экономикалық циклдің фазалары:
1.Шың.Сипатталады:

  • Экономикалық өсудің жоғары қарқындылығы

  • Өндіріс деңгейінің анағұрлым жоғары болуы

  • Инвестициялардың,бағалы қағаздар бағамдарының, пайыз қойылымының,еңбекақының,табыстардың өсуі

  • Жұмыссыздықтың қысқаруы

2.Құлдырау.Экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады:

  • Өндіріс көлемінің төмендеуі

  • Табыстардың көлемінің төмендеуі

  • Жұмыс орындарының қысқаруы

  • Инвестициялардың қысқаруы

  • Бағалардың төмендеуі

  • Өндірістік күштердің бұзылуы(негізгі капиталдың құнсыздануы,өндірістік қуаттылықтың толық қолданылмауы,жұмыссыздықтың өсуі)

3.Депрессия – құлдыраудың ең төменгі нүктесі.Сипатталады:

  • Жаппай жұмыссыздық

  • Еңбекақының төменгі деңгейі

  • Тауарлық қорлардың қысқаруы

  • Өндіріс өспейді де,төмендемейді де

  • Бағаның төмендеуінің тоқтауы

  • Ссудалық пайыздың төменгі деңгейі

4.Көтерілу.Сипатталады

  • Негізгі капиталдың жаңартылуы

  • Жұмыссыздықтың қысқаруы

  • Еңбекақының өсуі

  • Бағалардың өсуі

  • Пайыз қойылымының жоғарлауы

  • Тұтыну тауарларын сұраныстың өсуі

Жұмыссыздық
Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет