З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза



Pdf көрінісі
бет30/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Байланысты:
академ жазба

5.5 Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза 
және болжам, теория
Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза және 
болжам, теория – бұл теориялық зерттеулердің әдістері. 
Идеализация 
– бұл шын мәнінде жоқ немесе іс жүзінде жүзеге 
асырылмайтын (мысалы, мүлдем қатты дене, мүлдем қара дене, сызық, 
жазықтық) объектілерді ойша құрастыру. Идеализация мақсаты: нақты 
объектілерді оларға тән қасиеттерден айыру және бұл объектілерді белгілі 
бір нақты емес және гипотетикалық қасиеттермен беру. Бұл ретте мақсатқа 
қол жеткізу келесі жолдармен асырылады: 
1)
көп сатылы абстракциялау (мысалы, қалыңдықты абстракциялау 
«жазықтық» ұғымын білдіреді); 
2)
қандай да бір қасиеттің ойша өзгеруі (мүлдем қатты дене); 
3)
қарапайым абстракциялау (сұйықтықтың қысылмауы). 
Кез келген идеализация белгілі бір шектерде ғана заңды болып келеді. 
Формализация 
– жасанды тілдердің көмегімен, мысалы, математика 
тілінде олардың құрылымын таңбалы түрде көрсету арқылы әртүрлі 
объектілерді зерттеу әдісі. 
Формализацияның артықшылықтары: 
- ол проблемаларды (мәселелерді) шешу тәсілінің жинақталуын 
қамтамасыз етеді; 
- символикалық мәндердің қысқалығы мен айқындығын береді; 
- символиканың бір мағыналы болуы; 
- объектілердің таңбалы моделін қалыптастыруға және осы объектілерді 
зерттеудің нақты заттары мен процестерін зерделеуді алмастыруға мүмкіндік 
береді. 
Аксиоматикалық әдіс 
– ғылыми теорияны құру әдісі, онда кейбір 
тұжырымдар дәлелсіз қабылданады, ал қалған барлық білімдер белгілі бір 
логикалық ережелер бойынша шығарылады. 
Гипотеза және
болжам
. Теорияның ғылыми білім жүйесі ретінде 
қалыптасуында гипотеза немесе ғылыми болжам маңызды рөл атқарады. 
Гипотеза теориялық зерттеу әдісі ретінде нақты материалды ұғыну нысаны, 
фактілерден заңдарға көшу нысаны болып табылады. 
Гипотезаның дамуы 3 сатыда өтеді: 
1)
нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту; 
2)
гипотезаны қалыптастыру, яғни жасалған болжамнан нәтижелерді 
шығару, оның негізінде болжамды теорияны өрістету; 
3)
алынған қорытындыларды практикада тексеру және осындай тексеру 
нәтижелері негізінде гипотезаны нақтылау. Егер тексеру салдары шындыққа 
сәйкес келсе, гипотеза ғылыми теорияға айналады. 
Теория 
– теориялық зерттеу әдісі ретінде шындықтың кейбір 
саласындағы құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын әрі түсіндіретін және 
осы саладағы ашық заңдарды бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі. Теория 


58 
зерттеудің эмпирикалық деңгейінде алынған нәтижелерден құрылады. 
Теорияда нәтижелер ретке келтіріледі, ортақ идеямен біріктірілген үйлесімді 
жүйеге келтіріледі, теорияға енгізілген абстракциялар, идеализация және 
қағидаттар негізінде нақтыланады. 
Жаңа теорияға келесі талаптар қойылады: 
-
ғылыми теория сипатталатын объектіге барабар болуы тиіс, бұл белгілі 
бір шектерде экспериментті зерттеулерді теориялық зерттеулерге алмастыруға 
әсер етеді; 
-
теория шындықтың кейбір саласын толық сипаттаудағы талаптарын 
қанағаттандыруы тиіс; 
-
теорияның өз шеңберіндегі әртүрлі компоненттер арасындағы өзара 
байланыс түсіндірілуі тиіс. Бір тұжырымдардан басқасына ауысуды 
қамтамасыз ететін теорияның әртүрлі ережелері арасында байланыс болуы 
тиіс; 
-
теорияның ішкі қарама-қайшылық талаптары және оның тәжірибелік 
деректеріне сәйкестігі орындалуы тиіс; 
-
теория эвристикалы, конструктивті және қарапайым болуы керек. 
Теорияның эвристикалылығы оның алдын ала және түсініктеме 
мүмкіндіктерін көрсетеді. Теорияның математикалық аппараты нақты сандық 
болжам жасауға ғана емес, сонымен қатар жаңа құбылыстарды ашуға да 
мүмкіндік беруі тиіс. 
Теорияның конструктивтілігі оның негізгі ережелерін, принциптері мен 
заңдарын тексерудің белгілі бір ережелері бойынша жасалатын қарапайым 
түрінен құралады. Теорияның қарапайымдылығына арнайы символдардың 
көмегімен ақпаратты қысқарту мен алмастырудың жалпыланған заңдарын 
енгізу жолымен қол жеткізіледі. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Тұжырымдамаларға сипаттама беріңіз: зерттеу объектісі
зерттеу пәні, гипотеза, әдістеме, әдіс. 
2-тапсырма. Өз зерттеуіңіздің әдіснамалық және теориялық негіздері
туралы ойыңызды жүйелеңіз. 
3-тапсырма. Зерттеу әдістерін таңдау ұстанымдарын өз дипломдық 
жобаңыздағы зерттеу әдістерін іріктегенде қолдана алдыңыз ба (аласыз ба)? 
4-тапсырма. Зерттеу жұмысыңызда қолданылатын әдістерді анықтаңыз, 
ойыңызды дәлелдеңіз. 
5-тапсырма. Төменде берілген жағдайларды зерттеу үшін мәліметтерді 
жинауға ыңғайлы зерттеу әдісін анықтаңыз. 


59 
1. Қаланың автобус қызметін оңтайландыру үшін Smаrt Сіty 
интеллектуалды көлік жүйесін қамтамасыз ету туралы зерттеу жүргізу. 
2. Мұрағаттық бөлмелерде автоматты өрт сөндіру жүйелерін әзірлеу 
керектігін анықтау. 
3. Телекоммуникациялық құрылғылардың антенна-фидерлік жолдары 
бойынша зерттеу жүргізу. 
4. Алматы қаласындағы АlmаTV операторының РОN технологиясы 
негізінде қатынау желісін ұйымдастыруын анықтау. 
 
6-тапсырма. 
https://www.youtube.com/watch?v=tg-kECorP44
 
сілтемесі 
бойынша 
Анар Мұхтарованың «Диссертацияның зерттеу методология бөлімін 
жазу» тақырыбындағы вебинарын тыңдап, талқылаңыздар.
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ғылым және ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы түсінігіңіз қандай? 
2.
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің айырмашылығы мен 
ұқсастығы неде? 
3.
Таным теориясының деңгейлерін атаңыз. 
4.
Ғылыми-зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. 
5.
Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не? 
6.
Ғылыми индукция әдістерінің өзара әрекетінің себептерін 
анықтаудың әдістеріне тоқталыңыз. 
7.
«Абстракциялау», «талдау», «синтез» ұғымдарына түсінік беріңіз. 
8.
«Индукция және дедукция», «модельдеу» ұғымдарына түсінік беріңіз. 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не? 
а) объективті шындықты тану тәсілі
b) зерттеудің маңызды саласын қамтитын күрделі ғылыми міндет 
с) ғылыми зерттеудің белгілі бір саласын қамтитын ғылыми міндет 
d) оқиғаның немесе құбылыстың жаңа интуитивті түсініктемесі 
е) бір ойдың дұрыстығы немесе жоққа шығарылуы 
2. Теориялық деңгей әдістерін табыңыз. 
а) есеп, өлшеу, сауалнамалық сұрау, әңгімелесу, тестілеу
b) диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық 
с) бақылау, сипаттау, салыстыру, эксперимент, модельдеу 
d) аксиоматикалық, гипотетикалық, формализация, абстракциялау
е) сипаттама, түсініктеме, болжамдық гипотеза
 


60 
3. Зерттеу техникасы дегеніміз не? 
а) қандай да бір әдісті пайдалану үшін арнайы тәсілдер жиынтығы 
b) таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы 
с) объективті шындықты тану тәсілі 
d) іс-әрекеттердің белгілі бір реттілігін, зерттеуді ұйымдастыру тәсілі 
е) күрделі теориялық немесе практикалық міндет 
4. Эмпирикалық зерттеу әдістерін көрсетіңіз. 
а) сипаттама, түсініктеме, болжамдық гипотеза 
b) аксиоматикалық, формализация, абстракциялау, жалпы логикалық 
с) диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық 
d) талдау, синтез, индукция, дедукция 
е) бақылау, салыстыру, өлшеу, эксперимент
5. Нысанды жүйелі, мақсатты қабылдау деген не? 
а) бақылау
b) салыстыру 
с) өлшеу 
d) эксперимент 
е) индукция 
6. 
Шынайы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын немесе 
айырмашылығын анықтау деген не? 
а) бақылау
b) өлшеу 
с) салыстыру 
d) эксперимент 
е) дедукция 
7. Зерттеу барысында қажетті табиғи жағдайларды пайдалану жолымен 
оған белсенді және мақсатты әсер ететін объектіні зерттеу әдісін көрсетіңіз. 
а) салыстыру 
b) эксперимент
b) өлшеу 
с) бақылау 
е) модельдеу 
8. Аксиоматикалық әдіс
 
дегеніміз не? 
а) ғылыми теорияны құру әдісі 
b) таңбалы түрде көрсету арқылы әртүрлі объектілерді зерттеу әдісі 
с) объектілерді ойша құрастыру әдісі 
d) сол саладағы ашық заңдарды бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі 


61 
е) нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту 
әдісі 
9. Идеализация дегеніміз не?
а) нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту 
әдісі 
b) таңбалы түрде көрсету арқылы әртүрлі объектілерді зерттеу әдісі 
с) ғылыми теорияны құру әдісі 
d) сол саладағы ашық заңдарды бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі 
е) объектілерді ойша құрастыру әдісі
10. Теория
 
дегеніміз не?
а) құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын әрі түсіндіретін білім 
жүйесі
b) таңбалы түрде көрсету арқылы әртүрлі объектілерді зерттеу әдісі 
с) объектілерді ойша құрастыру әдісі 
d) ғылыми теорияны құру әдісі 
е) нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту 
әдісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет