Зат және энергия алмасудың жастық ерекшеліктер



бет3/3
Дата22.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#51758
1   2   3

Көмірсулардың алмасуы.

Көмірсулардың алмасуы.Көмірсулар организмге,негізінен,өсімдіктекті тағамдармен,сондай-ақ аз мөлшерде жануар текті тағаммен түседі . Олар дене массасының 1-2%-ын құрайды . Азықтық тағам құрымына кіретін көмірсулар адам организмінде глюкозаға дейін ыдырайды. Глюкоза қанға түседі де, бүкіл организмге тасмалданады. Глюкозаның артық мөлшері гликоген түұрінде бауырда, бұлшық етте қорға жиналады.Басқа бөлігі жасуша ядросы мен цитоплазмасының құрамына кіреді және жүйке жүйесінің (ми) қалыпты іс –әрекеті үшін маңызды рөл атқарады.Қандағы глюкоза мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты және 0.08-0,12% -дан аспайды.

  • Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде , мысалы, дене жұмысы кезінде гликоген бауырда глюкозаға дейін ыдырайды да , қанға түседі. Бұл процесс ұйқы безінен бөлінетін инсулин және глюкагон гормондары арқылы реттеледі. Көмірсулар органимзмде , сондай-ақ нәруыздар мен майлардың ыдырау өнімдерінен синтезделеді. 1г көмірсу ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді.Энергияның бір бөлігі дене еңбегіне жұмсалады да, жылу көзі болып табылады,ал белгілі бір бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады. Организмде көмірсулардың артық мөлшері майларға айналады.

Минералды заттар.

организмде тұздар және олардың иондары түрінде болады. Олар зат алмасуға қатысады, жасушаға әртүрлі химиялық қосылыстардың түсуіне және олардың шығарылуына әсер етеді. Мысалы, йод қалқанша без гормонының, темір гемоглобин молекуласының құрамына кіреді және оттек пен көмірқышқыл газының тасымалдануына қатысады. Кальций және фосфор тұздары сүйек құрамына кіреді. Күкірт апен мырыш ұйқы безі гормондарының құрамында болады. Калий мен натрий жасуша мембранасының таңдап өткізу қабілетіне әсер етеді. Хлор тұз қышқылының құрамды бөлігі болып табылады және асқазан сөлінің құрамына кіреді. Адам денесіндегі минералды заттардың жалпы мөлшері, шамамен, 4,5% құрайды. Осы элементтердің барлығы организмге тамақ, су және ас тұзымен түседі. Темір көкөністер мен жемістерде, етте және жұмыртқа сарыуызыда көп. Темір жетіспегенде қаназдық дамиды. Йод өсімдіктекті өнімдерде, әсіресе теңіз қырыққабатында көп. Йод жетіспегенде, қалқанша без ауруы-зоб дамиды. Кальций көп мөлшерде сүтте, ірімшікте, жұмыртқада болады. Сонымен, минералды тұздар- энергия көзі емес және қоректік заттар болмаса да, олардың организм үшін маңызы зор. Балаларда минералды тұздар алмасуының бұзылуы олардың өсуі мен дамуының кешеуілдеуіне апарып соғады.

Зат алмасу.

Көміртегі айналымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет