196
электролиттердің шығуына әкеледі, бұл менструация алдында сүт бездерінің
сезімталдығының жоғарылауына, дене салмағының, ашуланшақтықтың
жоғарылауына (менструация алдындағы синдром) әкеледі
.
Сонымен әйелдердің жыныс гормондарының негізгі қызметі - әйелдердің
жыныстық ортасын
(половая сфера) кӛбеюге дайындау. Бұл дайындыққа:
примордиалды ұрық жасушаларының пісіп-жетілуі;
имплантация үшін қажетті тіндердің дамуы;
овуляция уақытының гормоналдық тұрғыдан бақылануы;
жүктілікке қажетті ортаны қалыптастыру;
босану мен лактацияның гормоналдық реттелуін қамтамасыз ету.
Әйелдердің жыныс гормондары холестериннің метаболизміне қатысады.
Әйелдерде ер адамдармен салыстырғанда активті репродукциялық жаста
холестериннің деңгейі тӛмен болады. Бұл эстрогендердің әсерінен ТЖЛП
синтезінің жоғарылаумен және ТТЛП синтезінің тӛмендеуімен байланысты.
Менопаузадан (менструациялардың тоқтағаннан) кейін холестериннің деңгейі
артады да, ер адамдардағы сияқты болады.
Достарыңызбен бөлісу: