Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет26/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99
Прогестеронның
 
химиялық табиғаты:
 
гормон құрылысы жағынан 
глюкокортикостероидтарға ұқсаған , яғни С
4
пен С
5
кӛміртектері арасында қос 
байланыс және С
3
кӛміртегінде кетотобы болады. Сондықтан осы 
гормондардың әлсіз әсеріне ие болады.
С
О
СН
3
О
ПРОГЕСТЕРОН
Әсер ету механизмі
 

екіншілік.
 
Физиологиялық әсері: прогестеронды жүктіліктің гормоны деп атайды
себебі ол жатырды ұрықтың имплантациялануына дайындайды, бала 
жолдасының түзілуін, сүт бездерінің ӛсуін қамтамасыз етеді, жатыр бұлшық 
еттерінің қозғыштығын тӛмендетеді, калийдің экскрециясын жоғарылатады, 
организмде натрий мен хлорды сақтайды (қанда қалдырады), овуляцияны 
тежейді. Кӛп мӛлшерде болғанда прогестерон натрий-уретикалық әсер етеді
себебі минералокортикоидтардың ӛз рецепторларымен байланысуына кедергі 
жасайды. Прогестерон дене температурасының жоғарылауына әкеледі, себебі 
гипоталамустың термореттеуші орталығын тікелей стимулдейді. Сондықтан 
дене температурасының жоғарылауы овуляцияның жүргенінің кӛрсеткіші деп 
санауға болады. Прогестеронның рецепторлары мида кездеседі, мінез-құлық 
ерекшеліктерін осымен түсіндіруге болады.


197 
Эстрогендердің секрециясының реттелуі. эстрогендер мен прогестеронның 
секрециясы ЛГ және ФСГ арқылы реттеледі. Қандағы ФСГ мен ЛГ-нің 
мӛлшерінде циклдік ӛзгерістер байқалады және осы ӛзгерістерге аталған 
жыныс гормондарының секрециясы тікелей тәуелді. Ӛз кезегінде ГТГ-ның 
секрециясына гипоталамустың рилизинг-факторлары әсер етеді. ГТГ-нің 
секрециясы қандағы эстрогендер мен прогестеронның мӛлшеріне тәуелді 
болады, яғни кері байланыс та орын алады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет