Зертханалық жұмыс №6 Ауыспалы егістерді ландшафтқа байланысты зерттеу тәсілдері



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі22,81 Kb.
#13153
1   2   3
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Қазақстанның құрғақшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең  тараған.

Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.  Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады.

Көп жылдық шөлтер топырақты органикалық заттармен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды құртады. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөптерді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп  қыртысындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танапқа қарағанда гектарына 2,3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда гектарына 0,7 ц жоғары.   Қарақұмық тамырының жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесі құрылысындағы айырмашылықтары топырақ ылғалдығын пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер — жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі терең қабаттардан пайдаланады, ал көптеген басқа есімдіктер ылғалды топырақтың беткі қабаттарынан жұмсайды.    Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың мөлшерін әрқалай жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көп жылдың шөптер тары мен арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі даңылдарды алмастырғанда қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.  Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.

Бір жылдың отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, қарашіріктің азаюына, соңынан топырақ құрылымының нашарлауына ұрындырады.   Құрғақ дала және дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауіптілігі байқалады. Бұл аймақта кеп жылдың шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, суға тезімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Дәнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін кептеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар дақылға жатқызады және оларды ауыспалы егістің соңынан орналастырады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ  аграрлық университеті мен А.И.Бараев атындағы Қазақ АІНҒЗИ деректері  бойынша сұлының жазғы егісін сүрі танапты эрозиядан қорғауға және топырақтың санитарлық жағдайын жақсарту  үшін пайдалануға болады. Сұлының  жасыл балаусасының өнімділігі гектарына 50-75 ц жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет