Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет30/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
3.3 Бақылау тапсырмалары:

1. 250 мл суда 40 г қант ерiтiлген. Осы ерiтiндiдегi қанттың массалық үлесiн есептеңiз.


2. 15% NаОН ерiтiндiсiнiң 500 граммындағы ерiген заттын және ерiткiштiң массаларын есептеңiз.
3. 36% НСI (ρ = 1,183 г/мл) ерiтiндiсiнiң 100 миллилитрiнде неше грамм хлорлы сутек бар? Осы ерiтiндiнiң молярлық, эквиваленттiк концентрацияларын және титрiн есептеңiз.
4. 1н К2SO4 ерiтiндiсiнiң 200 миллилитрiнде неше грамм калий сульфаты ерiген?
5. 0,5 л 96% Н24 (ρ =1,84 г/мл) ерiтiндiсiнiң массасы неше грамм болады?
6. 26% КОН ерiтiндiсiнiң тығыздығы 1,24 г/мл. Осы ерiтiндiнiң 5 литрінде КОН –ның неше молi бар?
7. 500 мл 32% НNО3 (ρ =1,20г/мл) ерiтiндiсiне 1 л су қосылды. Алынған ерiтiндегi НNО3 – ның массалық үлесi қандай?
8. 20% NaCI ерiтiндiсiнiң 400 граммынан 100г су үшырылды. Қалған ерiтiндегi NаСI – нің массалық үлесi қандай?
9. 20% НNО3 ерiтiндiсiнiң 1 миллилитрiнiң массасы 1,119г. Осы ерiтiндiнiң тығыздығының мәнi қандай болады ?
10. 3 л 8% Na2SO3 (ρ =1,075 г/см3) ерiтiндiсiн дайындау үшiн неше грамм натрий сульфитiн алу керек?
11. 2 л 1 М НСI ерiтiндiсiн дайындау үшiн неше мл 36% НСI (ρ = 1,183 г/мл) алу керек?
12. 1 л 2н Н24 ерiтiндiсiн дайындау үшiн неше мл 96% Н24
(ρ = 1,84 г/мл) алу қажет?
13. 500 мл 0,5н Nа2СО3 ерiтiндiсiн дайындау үшiн неше грамм натрий карбонатын алу қажет?
14. 300 мл 1М СuSO4 ерiтiндiсiн дайындау үшiн мыс купоросының (СuSO4 ּ 5Н2О) неше граммын алу керек?
15. 20 г мыс сульфатының кристаллогидраты (СuSO4 ּ 5Н2О) 1 л суда ерiтiлдi. Ерiтiндiдегi таза сусыз мыс сульфатының (СuSO4) массалық үлесiн есептеңiз.
16. 500 г 15% NaCI ерiтiндiсiн дайындау үшiн 5% және 30% NaCI ертiндiлерiнiң қандай массаларын алу қажет?
17. 1 % CuSO4 ертiндiсiн дайындау үшiн 8% CuSO4 ертiндiсiнiң 100 граммына қанша су қосу керек?
18. 100 мл 0,1 н Н2С2О4 ерітіндісін дайындау үшін неше грамм қымыздық қышқылының кристаллогидратын (H2C2O4*2H2O) алу керек?
А)0,56 В) 0,63 С) 0,38 Д) 0,45 Е) 0,90




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет