Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Жоғарғы пункттерге түгел жауап берiлген соң, жұмыс дәптерi оқытушыға көрсетiлiп, тәжiрибелердi орындау және қорытындылау нәтижелерi бағаланады



бет38/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Жоғарғы пункттерге түгел жауап берiлген соң, жұмыс дәптерi оқытушыға көрсетiлiп, тәжiрибелердi орындау және қорытындылау нәтижелерi бағаланады.


Тәжiрибе 1 - Мыстың ионын темiр металлымен тотықсыздандыру
Пробиркаға 5 –10 тамшы мыс сульфатының ерiтiндiсiн құйып, наждак қағазымен тазартылған шегенi салыныз. Ненi байқадыныз? Қандай процестер жүрдi?


Тәжiрибе 2 - Йодид-анионды хлор суымен тотықтыру
Пробиркаға 2 – 3 тамшы КI ерiтiндiсiн құйып үстiне жаңа дайындалған хлор суын тамшылап құйыңыз. Ненi байқадыңыз? Пробиркадағы сұйықты сумен әлсiз сары түске боялғанша сұйылтыңыз. Осыдан кейiн сұйықты екi пробиркаға бөлiп, бiреуiне крахмал ерiтiндiсiнiң бiрнеше тамшысын, екiншiсiне бiрнеше тамшы бензол құйыңыз. Ненi байқадыңыз?


Тәжiрибе 3 - Йод молекуласын йодид–анионға дейiн натрий сульфитiмен
тотықсыздандыру
Пробиркаға йодтың 2-3 тамшысын құйып, үстiне натрий сульфитiнiң ерiтiндiсiн йод түссiзденгенше тамшылатып қосыңыз. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап берiңiз.


Тәжiрибе 4 - Fe+2 ионын перманганат-анионымен тотықтыру
Пробиркаға 2-3 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып үстiне 2-3 тамшы 2н H2SO4 қосыңыз. Осыдан кейiн пробиркаға ерiтiндi түссiзденгенше тамшылатып темiр (II) сульфатының ерiтiндiсiн қосыңыз. Жоғарыда келтiрiлген сұрақтарға жауап берiңiз.


Тәжiрибе 5 - Перманганат-анионның әртүрлi ортада тотықтырғыш
қасиеттерiн бақылау
а) Пробиркаға 1-2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 1-2 тамшы концентрлi КОН ерiтiндiсiн қосып, үстiне ерiтiндiнiң түсi қызғылттан жасыл түске өзгергенше натрий сульфитiнiң ерiтiндiсiн тамшылатып қосыңыз.
б) Пробиркаға 1 –2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 2-3 тамшы су қосып үстiне қоңыр тұнба түзiлгенше натрий сульфитiнң ерiтiндiсiн қосыңыз.
в) Пробиркаға 1-2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 2-3 тамшы күкiрт қышқылын қосып, үстiне қызғылт ерiтiндi түссiзденгенше натрий сульфитiнiң ерiтiндiсiн тамшылап қосыңыз.
Үш тәжiрибенi де жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отыра қорытындылаңыз.


Тәжiрибе 6 - Cr+3 ионын сутек пероксидiмен тотықтыру
Пробиркаға 1-2 тамшы Cr(NO3)3 ерiтiндiсiн тамызып үстiне алғашқыда пайда болған Cr(OH)3 –ның тұнбасы ерiгенше КОН қосыңыз. Осыдан кейiн ерiтiндiге тамшылап Н2О2 ерiтiндiсiн қосу керек ерiтiндiнiң жасыл түсi сарыға өзгергенше. Сары түске ерiтiндiнi ТТР нәтижесiнде түзелген CrO4-2 (хромат–анион) бояйды. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап берiңiз.


Тәжiрибе 7 - Fe+2 ионының сутек пероксидiмен тотығуы
Екi пробиркаға 2-3 тамшы темiрдiң (II) сульфатының ерiтiндiсiн тамызып, 1-2 тамшы 2н H2SO4 ерiтiндiсiн қосыңыз. Пробирканың бiреуiне 1-2 тамшы 3% Н2О2 тамызыңыз. Осыдан кейiн екi пробиркаға да 2-3 тамшы дистиллденген су және 2-3 тамшы аммоний роданидiнiң NH4SCN ерiтiндiсiн қосыңыз.
Н2О2 қосылған пробиркадағы ерiтiндiнiң түсi қалай өзгердi? Не себептен?


Тәжiрибе 8 - NO3- - анионның алюминиймен аммиакқа дейiн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет