Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет41/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
7.2 Тәжірибелік бөлім


Тәжірибелерді орындау ережесі: Студент алдымен тәжiрибенiң орындалу барысын мұқият оқып, дәптерге қысқаша түрде орындалу барысын жазуы керек. Тәжiрибелердi орындап, көзге көрiнетiн өзгерiстердi жазып алғаннан кейiн, реакциялардың молекулярлық және иондық теңдеулерi жазылып, жұмыс нәтижелерi қорытындыланады да, жұмыс дәптерi оқытушыға көрсетiлiп бағаланады.
Тәжiрибе I - Комплекстi катиондарды және аниондарды алу

а) Күмiс аммиакатының түзiлуi. АgNO3 ерiтiндiсiнiң 2-3 тамшысына 2-3 тамшы HCI ерiтiндiсiн қосыңыз. Не түзiлдi ? Түзiлген тұнбаның бiр бөлiгiн басқа пробиркаға құйып үстiне 8-10 тамшы концентрлі (25%) аммиак ерiтiндiсiн қосыңыз. Қандай өзгерiс байқалды? Алынған мөлдiр ертiндiге ортаның реакциясы қышқыл болғанша бiрнеше тамшы HNO3 қосыңыз. Не байқадыңыз ? Әрбiр реакцияның теңдеуiн жазыңыз. Комплекстi қосылысты атаңыз. Iшкi және сыртқы сферасын көрсетiңiз.


б) Мыс аммиакатының түзiлуi. СиSО4 ерiтiндiсiнiң 2-3 тамшысына аммиак ерiтiндiсiн көгiлдiр тұнба түзiлгенше бiртiндетiп тамызыңыз. Тұнбаның бiр бөлiгiн басқа пробиркаға ауыстырып, үстiне артық мөлшерде аммиак ерiтiндiсiн қосыңыз. Ненi байқадыңыз? Реакцияның теңдеуiн жазыңыз. Түзiлген комплекстi тұзды атаңыз. Комплекс түзушi ионның зарядын және координациялық санын көрсетiңiз.
в) Гексафторферрат(III)-анионның түзiлуi. FеCI3 ерiтiндiсiнiң 2-3 тамшысына 3-4 натрий фторидiнiң ертiндiсiн тамызыңыз. Сары түстi темiр хлоридiнiң ерiтiндiсi түссiзденедi. Себебi ерiтiндiнi сары түске бояп тұрған Fе3+ ионы F-(фторид-анионмен) түссiз комплекстi ион [FeF6]3- түзедi. Реакцияның теңдеуiн иондық және молекулалық түрде жазыңыз.


Тәжiрибе 2 - Комплекс түзушi ионның тотығуы

2-3 мл хлор суына 2-3 тамшы калий гексацианферраты (II)-ның K4[Fe(CN)6] ерiтiндiсiн қосыңыз. Осыдан кейiн артық мөлшердегi хлордан құтылу үшiн пробиркадағы ерiтiндiнi қайнатыңыз. Хлордан кұтылған соң, комплекс түзушi орталық ионның тотығуы нәтижесiнде түзiлген гексацианферрат (III)-анионды ([Fe(CN)6]3-) анықтау үшiн FeSO4–ның кiшкене кристалл бөлшегiн салыңыз. Көк түнба түзiлуi керек. Реакциялардың теңдеуiн молекулярлық және иондық түрде жазыңыз.




Тәжiрибе 3 - Комплекс түзушi ионның тотықсыздануы.

2-3 тамшы K3[Fe(CN)6] ерiтiндiсiне темiр (II) сульфаты ерiтiндiсiнiң 2 тамшысын тамызыңыз. Ерiтiндiнiң түсiне көңiл аударыңыз. Осыдан кейiн 2-3 тамшы сутек пероксидiн Н2О2 және 1-2 тамшы КОН қосыңыз. Қандай өзгерiстер байқадыңыз ? Реакциялардың теңдеулерiн молекулалық және иондық түрде жазыңыз.




Тәжiрибе 4 - Темiр тұздарының тұрақтылығын салыстыру

а) FeCI3 ерiтiндiсiнiң 2 тамшысына 1-2 тамшы KCNS ерiтiндiсiн тамызыңыз. Ерiтiндiнiң түсi темiр роданидiнiң түзiлуiне байланысты қан-қызыл түске боялады. Реакцияның теңдеуiн жазыңыз.


Бұл реакция - Fe3+-ионына тән реакция, сапалық анализде үш валенттi темiр катионын осы реакцияның көмегiмен анықтайды.
б) Алдыңғы тәжiрибенi FeCI3 ерiтiндiсiнiң орнына K3[Fe(CN)6] ерiтiндiсiн алып қайталаңыз. Комплекстi қосылыстың ерiтiндiсiнде бос күйiнде жүрген Fe3+-катионы жоқ екендiгiне, яғни қан-қызыл ерітінді түзілмейдігіне көз жеткiзiңiз. Не себептен Fe3+ катиондары комплекстi тұз K3[Fe(CN)6] ерiтiндiсiнде KCNS реактивiмен анықталмайтындығын түсiндiрiңiз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет