Зерттеуші


Зерттеу  жҧмысының  әдістемелік  негізі



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,67 Mb.
#4081
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Зерттеу  жҧмысының  әдістемелік  негізі:  профессор  Архангельскийдің 
«Жылқы  еті,  оның  тамақ  ретіндегі  қазіргісі  мен  болашағы»  деген  еңбегіне  сүйене 
отырып, талдау, жүйелеу, қорыту жасау. 
Зерттеу жҧмысының  жаңалығы мен дербестік нәтижесі:  күнделікті  ҿмірде 
адамдар жылқы малы туралы жалпы мҽлімет білгенімен, оның түрлері мен пайдалы 
жақтары  туралы  кҿп  деректер  айтылмағандықтан,  жылқы  туралы  мҽліметтер  мен 
оның емдік қасиеттерін жинақтап, бір жүйеге түсіру. 
Зерттеу  жҧмысы  нәтижесінің  қорытындысы:  адам  денсаулығын  сақтауда 
жылқыдан алынатын ҿнімдердің ерекше рҿл атқаратыны мен шикізат кҿзі екендігін 
ұғындыру. 
Кіріспе.  Жылқы  –  халқымыздың  ерекше  қастерлеген,  жанына  жақын 
кӛрген  қасиетті  тҥлігі.  Қазақ  халқының  ежелден  күн  кҿрісі,  жан-жақты  түрлі 
тіршілігі  –  бҽрі  де  тҿрт  түлік  малға  байланысты  болады.  Оның  үміті  де,  тілегі  де, 
таянышы да, қуанышы мен қызығы да сол мал болып келді. Ол сойсаң – азық, кисең 
–  киім,  мінсең  –  кҿлік  болып,  елдің  тіршілігінің  тірегі,  байлығының  қайнар  кҿзі 
болды.  Сондықтан  да  қазақ  қай  түлік  болса  да,  оны  барынша  ҽлпештейді.  Баяғы 
заманннан қазақтың амандасуы да: «Мал-жан аман ба», дегеннен басталатын. 
Қазақ халқы үшін тҿрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқының 
адам үшін атқаратын қызметі ҿте жоғары бағаланатын. «Жылқы – малдың патшасы» 
деген  мақал  сол  кезде  туған  болатын.  Мереке-қуанышта,  қайғы-қасіретте,  басқа 
күндерде де түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған. 
Халқымыздың  ерекше  қастерлеген,  жанына  жақын  кҿрген  қасиетті  түлігінің 
бірі  – жылқы. Жалпы кҿшпелі  тұрмыс кешкен халықтардың ең кҿп ҿсірген малы  – 
жылқы. Жылқы ең алдымен ҿте ерте кездерде кҿлік малы ретінде қолға үйретілген. 
Ҿйткені сол замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан 
қолайлы мал болмаған. Ҿмірі жылқы баласын кҿрмеген  адамға бір рет аламан бҽйге 
кҿрсетсеңіз,  мың  күнге  рухани  күш  алады.  Желдей  есіп,  ана  аттың  үстіне  мініп 
кеткісі келіп, елегізіп тұрады. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздің туа-түп негізінің 
ерекшелігіне байланысты. 
Зерттеу бӛлімі. Ежелгі жылқылар. Жылқының ең алғашқы қолға үйретілген 
негізгі отаны, яғни мҽдени орталығы – Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық 
Азия  жҽне  Қазақстан.  Ҿйткені  сол  замандарда  елді  қоныстырда  жүргізілген 
археологиялық  қазбалардан  қолға  үйретілген  жылқы  малының  сүйек  қалдықтары 
кҿптеп  кездеседі.  Кҿкшетау  облысы,  Айыртау  ауданынан  (ботай  елі)  жылқы 
сүйектері  табылған.  Бұл  сүйек  қалдықтары  біздің  дҽуірімізге  дейінгі  3-4  мың  жыл 
бұрын  жылқының  қолға  үйретілгеніне  дҽлел.  Қолға  үйретілген  жылқы  малының 
арғы  тегі  жабайы  жылқылар  –  тарпан  мен  керқҧлан.  Бұл  жабайы  жылқылар  ерте 
замандарда  Еуропаның  оңтүстігінде,  Орталық  Азия  мен  Қазақстанда  үйірімен 
жайылып жүрген. 
Қазақ  тумысынан  жылқымен  жағаласып,  жылқымен  жарысып  ҿскен.  Жер 
жүзінде  жылқының  жасын,  мінез-құлқын,  түр-түсін,  қадыр-қасиетін,  түп-тұқиянын 
ҿзгеден  артық  білетін  бір  жұрт  болса,  ол  –  қазақ.  Халқымыздың  жылқы  малына 
деген  сүйіспеншілігі  еш  тҿмендеген  емес,  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,  дамып, 
жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дҽуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен 
байланыстырған  жаңа  қанатты  сҿздер  туындап  отырды.  Аса  талапты,  таланты  тас 
жарып  тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз.  «Талаптың мініп 
тұлпарын,  тас  қияға  ҿрледің»,  -  деген  Абай  сҿзі  осыған  дҽлел.  Жҽне  дарынды  мен 
дарынсызды,  жақсы  мен  жаманды  шенестіргенде  айтылатын:  «Тұлпардан  тұғыр 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
145 
озбас шабылса да, оған да үкі тұмар тағылса да», - деген де Абайдан қалған қанатты 
сҿз. 
Албаты  кетіп,  арам  тер  болған  дарақылықты:  «Бҽйге  алмаған  жүйріктен,  белі 
жуан  бесті  артық»  (Шалкиіз  жырау),  -  деп  түйреді.  Қалжырағанды  қатайтып, 
шаршағанды  шыңдап,  босағанды  беркінтіп,  ерлікке  шақыратын  жігерлі  сҿздер 
Махамбет  аузынан  түйдек-түйдегімен  түсіп  жатады:  «Ереуіл  атқа  ер  салмай, 
ерлердің ісі бітер ме?»… 
Халқымыздың  жылқыға  деген  ерен  құрметінің  белгісі  оны  мҽңгіліктеу  – 
еркерткіш мүсіндерін орнату болады. 
 
Ұлы Даланың символы Құлагерге ескерткіш 
Талдықорған қаласында жығылып жатқан арғымақтың  – Құлагердің аянышты 
халін  бейнелейтін  ескерткіш  бар.  Ақан  Серінің  Алашқа  ҽйгілі  болған  Құлагерінің 
күңіренген тағдырын кҿз алдыңызға елестетіп, бас имей ҿтпейсіз бұл арадан. 
Жылқыға  деген  мұндай  құрмет  кҿшпенді  басқа  жұрттарда  да  кездеседі. 
Моңғолияда «Арвай хэр» («Бидай кер») деген атағы шыққан аттың атында қала бой 
кҿтеріп,  «Арвай  хэрге»  алып  ескерткіш  орнатқан.  Ал  батыс  елдері  ҽпсаналарында 
адам  кеуделі,  арғымақ  кейпінде  бейнеленген  кҿшпенділер  ҽулеті  Азия  тҿрінен 
аттанып,  бүкіл  ҽлемге  атақ-даңқы  жайылса,  осы  аттың  арқасы.  Атты  ҽскерлердің 
алмаған  қамалы,  жетпеген  жері  болмады.  Аралық  қашықтықтар  «күндік  жер», 
«айшылық жер» деп аттың жүрісімен есептелді. 
Ең  ҽуелі  ҽлемге  ҽйгілі  Орхон  ескеркіштеріндегі  Тоныкҿк,  Күлтегін  құлпы 
тастарынан  кҿшірілген  ойма  жазуларға  тоқтаймыз.  Бар-жоғы  42  жыл  ҿмір  сүрген 
Күлтегін  бабамыз  16  жасынан  бастап,  қару-жарақ  асынып,  қол  бастап,  қағанатын 
қорғап,  бүкіл  ҿмірін  аттың  жалында,  жорық  сапарда  ҿткізеді.  Сол  бір  кезеңдердегі 
қан майдан, сұрапыл соғыстарда теңдесі жоқ Күлтегін қолбасшының астына мінген 
сайгүліктері  талай  қырғынға  Күлтегінмен  бірге  кіріп,  жеңіске  ортақ  болған  атақты 
Алып  Шалшы  мен  Азман  ақтардан  «алты  айлық  жерді  алты  аттаған,  бір  тҿбенің 
шаңын  бір  тҿбеге  қосқан,  суға  салса  батпайтын,  отқа  салса  жанбайтын  жүрісте  – 
кҿлік, жауда – серік ҿзіміздің ҽйгілі Тайбурыл, Байшұбарларды кҿргендей боламыз» 
(Күлтегін. Кҿне түркі жазба ескерткіші. – Алматы: Жалын, 1986. – 14 б.). 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
146 
Анау Алтайдан ауған қырғыз халқының Ұлы Манас жырында Кҿкетай ханның 
астынан  арқыраған  шағырдай  боз  атты  кҿреміз.  Иҽ,  жұмыр  жердің  жартысын 
жаулаған Шыңғыс қағанның қос қызылы эпостық жырдың арқауына айналған. Сол 
ұлы қаған ҿмірінің соңында 1226 ит жылы Таңғытқа жорыққа аттанады. Сонда қаған 
теңбіл шұбарын  мініп жүрді  деп жазылған шежіреде (Моңғолдың құпия шежіресі). 
Мұның  бҽрі  неге  мехнаты  кҿп  тасқа  ойып  жазылды?  Ол  жылқы  болмысындағы 
адамға  күш-қуат  беретін  аса  құпия  тылсым  қасиетіне  деген  ерекше  ілтипаттың 
кҿрінісі  деп  білеміз.  Егер  жылқыда  рух  шақырар,  арқа  қоздырар  құдірет  болмаса, 
онда ол жай бір басқа түліктермен бірдей белгіленбей, елеусіз қала берер еді. Ат ҽн 
мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды 
ҽндер,  «Құлжагер»,  «Тел  қоңыр»,  «Қос  күрең»,  «Кҿк  дҿнен»  сияқты  күйлер  ҿмірге 
келді. 
Қазақстан жеріндегі жылқы тҧқымдары. Қазақы жылқы – негізінен кҿлік 
ретінде, ҽрі еті мен сүтін пайдалану үшін де ҿсіріледі. Оның дене бітімі шымыр, ауа 
райының  қатаң  жағдайларына  тҿзімді  келеді.  Олар  жыл  бойы  жайылады,  ҽрі  жем-
шҿп таңдамайды, жал-құйрығы қою, жүні қалың болады. Қазақы жылқының негізгі 
тобын «жабы» деп атайды. Ол алыс жолға шыдамды, дене бітімі ірі шомбал, еті мол, 
ҽрі  мықты  болады.  Дене  тұрқы  ұзын,  қарны  жуан,  аяқтары  қысқа.  Тез  қоңданады, 
жұмысқы тҿзімді, ҽрі салт мінуге де ыңғайлы жҽне жүрісті келеді. Биелері тҽулігіне 
18-20 литр сүт береді. 
Адай жылқысы да қазақы жылқы қатарына жатады. Оны жергілікті халықтар 
«дала кҿркі» деп ерекше дҽріптейді. Бұл жылқы негізінен салт мінуге бейімделген. 
Басы шағын, кеудесі жинақы, арқасы түзу, шоқтығы биік, аяқтары жіңішке ҽрі сидаң 
етсіз сіңірлі болады. Орташа салмағы 420 кг. Биелері тҽлігіне 12-15 литр сүт береді. 
Кӛшім жылқысы. Бұл Батыс Қазақстан облысының жерінде ұзақ жылдардағы 
сұрыптау нҽтижесінде шығарылған. Олардың шоқтығы шығыңқы, кеудесі  кең, тҿсі 
алшақ,  қабырғалары  шеңберлі,  арқасы  тегіс  ҽрі  жазық,  сауыр  сом  етті  аяқтары 
сүйекті келеді. Жайылымда жақсы семіреді. Олар қара жұмысқа шыдамды жҽне ұзақ 
жүріске дес бермейді. 
Қостанай  жылқысы.  Жылқының  бұл  тұқымы  1951  жылы  жеке  қолтұқым 
болып  бекітілді.  Оның  денесінің  ұзындығы  орташа,  мойны  түзу,  басы  онша  үлкен 
емес,  арқасы  жалпақ, алқымы кең, аяқтары сіңірлі,  тұяқтары дҿңгелек келеді. Олар 
қыста  қорада  ұсталып,  жазда  жайылымға  шығарылады.  Қара  жұмысқа  кҿнбіс, 
жүрдек келеді. 
Дон жылқысы. Мұның шыққан жері Дон ҿзенінің маңы. Жергілікті жердің ауа 
райына ҿте тҿзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, толық болады, кҿкірегі кең, 
қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын жҽне тік, жауырыны қысқа, алдыңғы 
аяқтары  тік,  артқы  аяқтары  қайқылау,  тұяқтары  берік  болып  келеді.  Дон  жылқысы 
салт мінуге қолайлы. 
Ахалтеке  жылқысы.  Ескі  тұқым  болып  саналады.  Ол  осы  күнгі  түркімен 
жылқысының  ұрпағы.  Күй  талғағыш,  сымбатты,  ҽсем  келеді.  Басы  ашаң,  мойны 
ұзын,  тік,  шоқтығы  биік,  арқасы  жұмсақ,  жоны  ұзын,  тұтас  сауырлы,  жіліншіктері 
жіңішке,  тұяқтары  берік.  Басқа  жылқылардай  емес,  жайылымда  баққанды 
ұнатпайды,  қатты  суықты  кҿтере  алмайды,  сүйектері  жұқа  жаратылған,  жүйрік 
болады. 
Орыстың  желісті  жылқысы  кішірек,  денесі  де  қысқа,  мойны  біркелкі, 
шоқтығы кҿтеріңкі, аяқтары ұзын, тұлғасы тығыз, бұлшықеттері шығыңқы келеді. 
Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы. Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып 
саналатын  малы  –  жылқы  екендігі  белгілі.  Еті  мен  сүті  –  шипа,  ҿзі  кҿлік,  ер-

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
147 
батырларымызға серік жануар. Басты қасиеті: жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек 
жұмысын  жақсартуға,  мүшелердің  қалтылдағына,  буын  сүйектерді  жібітуге 
қолданылады. 
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы. Шаш қарайтуға жылқы еті 
жуылған  суға  шашты  жуып  тұрса,  таз,  теміреткінің  салдарынан  ағарған  шашты 
қарайтады. Ұмытшақтыққа жылқы жүрегін қуырып жесе, пайдалы болады. Бүйректі 
қуаттандыруға  жылқы  етін  қақтап  пісіріп,  сүтпен  бірге  ішіп-жейді.  Қан  тамыр 
ауруларына,  холестериннің  артуынан  болатын  жүрек,  қан  тамыры  ауруларына 
жылқы  етін  жҽне  майын  біршама  ұзақ  уақыт  лайықты  мҿлшерде  тұтынса, 
холестеринді  тҿмендетіп,  қан  қысымының  жоғарылауын  тежейді.  Орнына  дұрыс 
түспеген буындарды түзетуге: қазақ оташылары жылқы майын қолданады. 
Бүйе  шаққанда:  уытты  қайтару  үшін,  атты  қатты  терлетіп,  ер-тоқымының 
ішпегіне  сіңген  терді  суға  жуып  шығарып  алып,  тыныстай  алмай  қатты  қызып, 
күйіп-жанып  жатқан  адамға  даярланған  судан  бір  шыны  ішкізеді.  Осылайша 
жалғастырып,  бірнеше  шыны  ішкізсе,  дене  қызуы  қайтып,  науқас  тынышталады. 
Жҽне  аттың  терісіне  шүберекті  шылап,  жараға  тартады.  Халық  аузында:  «Жылан 
жылқының  тері  иісінен  қорқады»,  -  дейтін  сҿз  бар.  Жылан  шағудан  сақтану  үшін 
жолаушы  жүріп  немесе  мал,  егін  күзетінде  жүріп,  далада  ұйықтайтын  болса,  ерді 
жастанып, тоқымды тҿсеніп, айыл-тұрманды қоршап қойса, жылан жоламайды. 
Ҽзірлеу ҽдісі: жылқының ерітілмеген немесе ерітілген майын мертігіп, орнына 
түспеген  жерге  5-7  күн  тартады.  Сылап  жақса  да  болады.  Осы  арқылы  ілінген 
шеміршек  сүйек  немесе  буындар  жібіген  мҿлшерлі  уақыты  толғанда  қайта 
сындырып, түзеп таңады. Керек мҿлшері: 9-15 грамм. Құрамында А, С дҽрумендері, 
тұқымында: май, ұшқыш май, ет сілтісі, органикалық қышқылдары бар. 
Қымыздың  емдік  қасиеттері.  Бие  сүтінен  адамға  ҿте  пайдалы  сусын  қымыз 
жасалады.  Қымыз  адам  ағзасына  тез  сіңімді,  сонымен  қатар  тамақ  құрамындағы 
белоқтар  мен  майларды  сіңіруді  жеңілдетеді.  Қымызды  ҿкпе  ауруларын,  асқазан 
ауруларын,  бүйрек  ауруларын  емдеп,  тҽбетті  жақсарту  үшін  пайдаланады.  Кҿп 
ауыратын адамдарға жылқы етін береді. Тіпті қант диабетімен ауыратын адамдарға 
пайдасы  бар.  Қымыз,  біріншіден,  ас  қорытуды  жақсартады.  Оған  қымызда  болған 
сүт  қышқыл  мен  спирт  ашытулары  ҽсер  етеді.  Қымызды  асқазанның  қышқылы 
кҿбейіп кеткенде немесе азайғанда ішеді. Ол процесті қалыпқа келтіреді. 
Асқазан қышқылы аз болғанда оны кҿбейту үшін ас ішудің алдында ғана ішу 
керек, егер қышқылы кҿп болса, қымызды ас ішуден бұрын 2 сағат бұрын ішу керек. 
Екіншіден, қымыз тҽбет ашады. Тамақ ішуге ықылас білдіртеді. Ол асқазанға, ішекке 
тез  ҿтетіндіктен  іш  құрылысының  қимылын  жақсартады.  Денеден  артық,  қажетсіз 
заттардың  термен,  ҽрмен  шығып  кетуіне  жол  ашады.  Үшіншіден,  қымыздың 
құрамындағы  незин  антибиотигі  туберкулез  бактериясының  ҿсуіне  кедергі  жасап, 
сол  аурудан  сауығуға  кҿмектеседі.  Сондықтан  да  қымыз  шҿліңді  қандырады, 
тамағыңды  тойдырады,  кҿңіліңді  кҿтереді,  ішкен-жегеніңді  сіңіреді.  Міне,  бұл 
кеңестерді үнемі жаныңызға жиып, қажетіңізге жаратуыңызға болады. 
Ат  әбзелдері.  Ат  ҽбзелдерін  қазақтар  қадір  тұтқан.  Жылқыға  салт  мінгенде 
ыңғайлы ҽрі дұрыс отыруына себеп болатын ҽбзел. Ер-тоқымның құрамына: терлік, 
киіз тоқым, қайыстан ҿрілген айыл-тартпа, үзеңгі, құйысқан, ҿмілдірік жҽне кҿрпеше 
мен қанжыға кіреді. Осының бҽрі  ағаштан ойылып  жасалған қаңқаны толықтырып, 
ер-тоқым  атауына  ие  болады.  Терлік  –  аттың  арқасына  жабылатын  терді  сорып 
тұратын материалдан даярланады. Тоқым – кҿлемі терліктен кіші ердің қаңқасының 
екі  қапталына  ҿлшеніп  қиылған  киіз.  Тҿрт  бұрышты  болып  келеді.  Бұл  аттың 
арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында тҿселеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
148 
Терліктің үстіне тоқымды қойып, терліктің артық қалған бҿлігін киіздің үстіне 
қайырып  қоямыз.  Бұлардың  үстіне  ағаш  ерді  қоямыз.  Ағаш  ердің  үстіне  кҿрпеше 
тҿселеді. Кезек айыл тартпаға да келді. Ер-тоқым ҽрі бері жылжымас үшін жҽне екі 
қапталға  ауып  кетпес  үшін  ойлап  табылған  қайыс  баулар.  Айыл  ердің  үстіндегі 
кҿрпешенің үстінен жіберіліп, аттың алдыңғы қабырғаларының тұсынан байланады. 
Ал,  айыл  –  ердің  қапталының  артқы  жағына  байланған  бау.  Бұл  аттың  артқы 
қабырғалары  тұсынан  байланады.  Үзеңгі  –  атқа  жерден  тез  міну  үшін  ойлап 
табылған  тепкішек  немесе  ілмек.  Бұл  да  ердің  ағаш  қапталына  қайыспен  байлану 
арқылы  ердің  бір  бҿлігіне  айналады.  Құйысқан  –  бір  ұшы  аттың құйрығына  ілініп, 
екі  ұшы  ердің  екі  қапталына  бекитін  құрылғы.  Бұл  ер-тоқымның  алдыға  қарай 
жылжып  кетпеуі  үшін  қажет.  Мысалы,  таулы  жерден  еңіске  қарай  түскенде  аттың 
мойнынан ауып түспес үшін. Ҿмілдірік – керісінше, аттың кеудесінен (тҿсінен) ердің 
алдыңғы  екі  қапталына  бекитін  құрылғы.  Бұл  ер-тоқымның  артқа  жылжымауын 
қамтамасыз етеді. Кҿбіне  шоқтығы биік жылқыларға қолданылады. 
Қанжыға  –  ердің  артқы  екі  қапталына  бекіген  екі  бау.  Бұл  аулаған  аңыңды 
байлап  алуға  немесе  қажетті  заттарыңды  байлап  алуға  арналған  бау.  Жылқыға 
бағыт-бағдар беріп отыратын құрал – жүген жҽне қамшы. 
Шідер деген үш тармақ, 
Үш аяққа – үш қармақ. 
Азат аяқ біреу-ақ, 
Ата қазақ біледі-ақ. 
Қашағаның қаша алмас, 
Адымын кең аша алмас. 
Қашағаннан басқаға, 
Мұндай бұғау жасалмас. 
Ӛре 
Сол жіліншек, оң тірсек, 
Жалғанды бір жіппен. 
Қашағаның күрсініп, 
Түңіледі тірліктен. 
Аттап-аттап алыстап, 
Кетуі де мүмкін-ау. 
Ҿре салмай, шідер сап
Қоймадың ба, шіркін-ау! 
Тҧсамыс 
Екі аяғың атыңның, 
Қосып байла, батырым. 
Қос аяқтап, қарғылап, 
Оттай берер ақырын. 
Салармын деп күрмей-ақ, 
Жіппен байлап жүрмей-ақ. 
Жасап алсаң тҧсамыс
Болар едің сен қазақ. 
Кісен 
Жылқыға жау – бҿрі бар, 
Одан кейін ұры бар. 
Ұры алмаудың тҽсілін, 
Осы бастан біліп ал. 
Кісен соқтыр ұстаға, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
149 
Атыңа сал мықта да. 
Кілтіңді жоғалтпа, 
Ешбір жерге тастама. 
Фразеологиялық  тіркестер:  ат  тұяғын  тай  басар,  ат  жалын  тартып  мінуі,  ат 
үстінен  түспеген,  тақымы  атқа  тиген,  ат  құлағында  ойнады,  жылқы  мінезді,  ат 
тҿбеліндей, ат бауырына түсіп, ат құлағында ойнау, атқа мінер. 
Қорытынды.  Ҿмірі  футбол  ойынын  кҿрмей  ҿскен  баланы  бір  рет  стадионға 
ертіп барса, сайыстың соңына ҽзер шыдап, шаршап қайтады. Ҿмірі жылқы баласын 
кҿрмеген балаға бір рет аламан бҽйге кҿрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады деп 
ойлаймын.  Желдей  есіп,  ана  аттың  үстіне  мініп  кеткісі  келіп,  елегізіп  тұрады.  Бұл 
біздің ұлттық негізіміздің ерекшелігіне байланысты. 
Жылқы  малының  адамға  тигізер  пайдасы  сан  алуан.  Ол  тамақ  та,  киім  де, 
дҽрумен  ретінде  де,  құрылыс  материалы  да,  кҿлік  те  болып  табылады.  Жылқыдан 
алынатан ҿнімдердің денсаулық сақтаудағы рҿлі де ерекше. Олар кҿптеген ауруларға 
дҽрі  ретінде  пайдаланылады.  Қазіргі  уақытта  жылқының  пайдасын  елемейді. 
Осының барлығын ҿз жаныңызға жиып-теріп, қажетіңізге жаратуға болады. 
 
Әдебиеттер 
1 «Егемен Қазақстан» газеті. 
2 «Мінбер» ұлттық Интернет-газеті. 
3 Тоқтабаев. Қазақ жылқысының тарихы. 
4 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. 
5 Есенберлин І. Кҿшпенділер. 
 
НҦРМАХАНОВА Қҧндыз, 
№40 орта мектебінің 6 сынып оқушысы, 1 май ауылы, 
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАЖЕКЕЕВА Жҧлдыз, 
№40 орта мектебінің мҧғалімі, 1 май ауылы, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
КИЕЛІ СЕКСЕУІЛ 
 
Сексеуіл  –  түрік  сҿзі,  қазақшаға  аударғанда  «аттың  құйрығы»  деген  мағына 
береді.  Ауа  райы  ыстық,  құрғақ  болғанда  жапырақтары  түсіп,  тҿмен  қарай  иілген 
бұтақтары шынымен де аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Олар ҽбден қурағанда 
топыраққа  ҿте  кҿп  мҿлшерде  тұз  бҿлінеді,  сондықтан  сексеуілдің  діңінің  астына 
кҿптеген  ҿсімдіктер  тіршілік  ете  алмайды.  Жеті  қат  жер  астынан  кен  іздеушілер 
еліміздің  заңдары  бойынша  орман  қорының  меншігіндегі  аумақта  бұрғылау  ісін 
орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға 
ішінара  белгіленген  алқапта,  сынған  бақтақтарын,  қурағандарының  санитарлық 
мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердің ауласында тау-тау болып 
үйілген  сексеуіл  дҿңкелері  оған  місе  тұтушылықтың,  қанағатшылдықтың  жоқ 
екендігін айқын аңғартып тұр. 
Сексеуіл  егістік  қорғау,  орман  алқабын  отырғызуда,  құмға,  ҽсіресе  топырағы 
тұзданған  құмдарға  отырғызуға  пайдаланылады.  Сексеуіл  ормандарын  мемлекет  ҿз 
қорғауына  алды.  Сексеуіл  тұқымын  кейде  ауылшаруашылығына  арналған  арнайы 
ұшақпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сҿз 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
150 
бар  емес  пе?  Бүгінде  кең-байтақ  қазақ  жерінің  60  пайызы  шҿлді  аймаққа  айналып, 
топырақтың  құнарлылығы  тҿмендеп,  тұзданып  барады.  Сҽйкесінше,  мал  жҽне 
ҿсімдік  шаруашылығындағы  ҿнімділік  азайды.  Қоршаған  ортаға  орасан  зор  залал 
келіп, халықтың денсаулығы нашарлап кетті. 
Сексеуіл  егістік  қорғау,  ормен  алқабын  отырғызуда,  құмға,  ҽсіресе  топырағы 
тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. 
Жалпы, ҽлем елдерінде сексеуілдің онға тарта түрі болса, біздің елімізде оның 
ақ,  қара  жҽне  «зайсандық»  деп  аталатын  үш  түрі  ғана  кездеседі.  Ал  біздің 
облысымызда  сексеуілдің  ақ  жҽне  қара  түрлері  кездессе,  зайсандық  сексеуіл  тек 
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аумағында ғана ҿседі. 
Сексеуіл  құмды  шҿлдің  қорғаны  болып  табылады.  Олай  дейтініміз  –  құмды 
бекітіп,  ұстап  тұрады.  Сексеуілдің  жас  ҿскіндері  түйеге,  қойға  жақсы  азық.  Оның 
себебі  жас  бұтақ  жапырақтың  қызметін  атқаратын  болғандықтан  құрамында  малға 
қажетті барлық органикалық заттар болады жҽне кҿп суы бар. Бұл малға бір жағынан 
азық болса, екіншіден, сусын. 
Сексеуіл  шҿлдің  тірі  қазба  байлығы  болып  табылады.  Оның  себебі  отқа 
жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас кҿмірден кем түспейді. Сексеуіл 
күлінен  сақар  (тыңайтқыш)  ҿндіріледі.  Сексеуілдердің  қоршаған  ортаның  тепе-
теңдігін  сақтап  тұруда  ерекше  орны  бар.  Дүлей  соққан  желден  құм  кҿштерін 
тоқтатады.  Сексеуілдерді  қорғаныш  ететін  жан-жануарлар  мен  жҽндіктер  қаншама. 
Ҽсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы ҿсіп-ҿнулеріне ҿте қолайлы. 
Сексеуілдің  Қазақстанда  қолданылуы  мен  жойылуы  туралы  айтар  болсақ, 
қазірге  дейін  жұрт  сексеуілдерді  отқа  тамызық  ретінде  пайдаланатын.  Нарықтық 
қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт ҿзгерді. Кҿмірдің жетіспеушілігі мен 
қымбаттаушылығы  елді  мекендерде  тұратындарға  ауыр  тиіп,  сексеуілді  таза  отын 
ретінде қолдана бастады. 
Бұрын  ауыл  іргесінде  ҿсетін  сексеуілдерді  қазір  елу,  алпыс  шақырым 
қашықтықтардан  ғана  кҿре  аламыз.  Қалаларда  кҽуап  орындары  кҿптеп  ашылып, 
сексеуілге  деген  сұраныс  барынша  артып,  халықтың  сексеуілді  қолдануы  артты. 
Соның  салдарынан  сексеуіл  алқаптары  бұрынғы  кҿлемдерінен  мүлдем  кішірейіп 
кеткен.  Тіптен  тұқымы  құрып  кету  алдында  тұр  десек  те  қателеспейміз.  Бұл 
қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жалаңаш қалған ҿлкелерден құмдар кҿшіп, 
аңдары басқа жаққа ауып жатыр. 
Қандай  бір  ағзаның  сусыз  тіршілік  ете  алмайтыны  белгілі.  Ал  құмды,  шҿл 
жерде  судын  аз  екендігі  ҿзінен-ҿзі  түсінікті.  Осыған  орай  сексеуіл  су  «аулауға  да» 
бейімделіп  алған,  оны  жас  сексеуілдің  ҿсуін  бақылаудан  айқын  байқауға  болады. 
Кҿктемде сексеуілдің тұқымы ҿне бастасымен-ақ жер  асты  суы ыстықтың ҽсерінен 
тереңге сіңе бастайды. Тұқымнан шыққан тамыр тез ҿсіп, суды қуалағандай тереңге 
тез  ұзартып  ҿсе  береді.  Осы  жылдамдықпен  сексеуіл  тамыры  бірінші  жылы  үш 
метрге  дейін  ұзарады.  Бұдан  кейінгі  жылдары  сексеуіл  тамыры  20-30  метрге  дейін 
ұзарып ҿседі. 
Жеті  жүз  мың  тұрғыны  бар  біздің  облыс  халқы  жылына  40  мың  текше  метр 
отын пайдаланылады дегеннің ҿзінде, 50 жылға жететін отындық сексеуіл қоры бар. 
Орман  шаруашылығын  ғылыми  негізде  жүргізу  ережесі  бойынша  мұндай  кҿлемде 
пісіп  жетілген,  қартайған-шіріген  сексеуілдікті  одан  ҽрі  ұстап  тұру,  жалпы  орман 
шаруашлығына кері ҽсерін тигізеді. Ол жерде тамыры арқылы жҽне тұқыммен ҿсіп-
жетілген ҿскіндердің кҿбеюі шектеледі. Темірді қыздыру, басқа металдарды балқыту 
үшін ұсталар қызу-қуатымен сексеуіл шоғын пайдаланады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
151 
Шҿлейтті,  құмды  далада  табиғи  ҿсетін  қатты  ағаш  тұқымдасқа  жататын 
сексеуілдің  жалпы  ақ,  қара,  Зайсан  деп  аталатын  үш  түрі  бар  екені  жоғарыда 
айтылды. Осы аталған түрлердің Шиелі ауданында ақ жҽне қара түрлері ҿседі. Ағы 
құмды  тҿбелерде,  қарасы  тегіс  жазықтарда  ҿседі.  Оларға  баяу  бой  кҿтерер 
кірпияздық  тҽн.  Жиырма  бес  жылда  1,5-2  метрге  дейін  ҿседі.  Олар  осы  кезде  ғана 
пісіп жетіледі. 
Ақ  сексеуіл  –  бойы  1,5-тен  2,5  метрге  дейін  жететін  тал  –  шілік.  Негізінен 
құмдауыт  ҽрі  сортаңдау  жерлерде  ҿседі.  Құрғақшылыққа  бейім.  Жапырақтары  ҿте 
кішкене.  Бұтақтары  ұсақ,  жұмыр,  шырынды,  күңгірт.  Органикалық  заттар 
ҿркендерде  ғана  бар.  Кҿктемнің  бас  кезінде  ҿркендерінде  ұсақ-ұсақ  жасыл  түсті 
гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт 
немесе  қызғылт  түсті  үлпілдектері  болады,  сол  арқылы  бір  жерден  екінші  жерге 
ұшып  кетеді.  Сексеуілдің  ҿркенін  ауызға  салып  шайнаса,  оның  дҽмі  сортаң-кермек 
татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде жҽне қыста 
жейді.  Оның  тамыры  10-11  метр  тереңдікке  дейін  кетеді.  Сирек  те  болса  ара-
арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін ҿсетіндері бар. 
Қара сексеуіл  аққа қарағанда жуандау ҽрі ірі келеді. Оның ҿсу биіктігі кҿбіне 
10-12  метрге  дейін  жетеді.  Ал  тамыры  11  метрден  де  тереңдікке  кетеді.  Сұрғылт 
қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см. Оның ұшында жоғары қарай тік ҿскен ҽжептҽуір 
шырынды  жас  бұталары  бар.  Жетілмеген  жапырақтары  сүйел  тҽрізді.  Топырақтың 
тұздылығына тҿзімді. Тұқымдары жҽне түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы 
кҿбейе  алады.  Ағашының  кҿлденеңінен  сынуы  ҿте  қиын,  оның  есесіне  ұзынынан 
жақсы  ажырайды.  Бұлар  шоғырланып  ҿседі.  Алыстан  қарасаң,  қалың  жынысты 
орман  тҽрізді.  Ҿз  ұрығы  есебінен  табиғи  түрде  ҿсуге  бейім.  Біздің  елімізден  басқа 
Орта  Азияның  шҿлді,  құмды,  сортаң  жерлерінде  кҿп  кездеседі.  Сондай-ақ,  тақыр 
жерлерде  де  ҿсуге  бейім.  Қара  сексеуілдің  де  жас  ҽрі  жұмсақ  бұтақтарын, 
жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді. 
Қазіргі  уақытта  сексеуілдің  кҿп  қолданылуымен  қатар  жойылу  қаупі  де 
алаңдатарлық  мҽселе  болып  отыр.  Биология  ғылымында  «энтомология» сҿзі 
бунақдене  деген  мағына  береді.  Сондықтан  сексеуілдің  ең  бірінші  жауы  сүген 
қоңызы болып табылады. Оның личинкалары температура кҿп ҿзгермейтін сексеуіл 
тамыр  мойынның  айналасын  бұрандалап  тесіп,  кіріп  алады  да,  жыл  сайын  кҿбейе 
береді.  Оның  тескен  саңлау  жолдарына  шҿл  саңырауқұлағы  –  перия  орны  теуіп, 
ағашты  жей  береді.  Біртіндеп  сексеуілдің  ара  да,  балта  да  сындыра  алмайтын 
темірдей ағашы борпылдап, жұмсарады, енді күшті жел соққан кезде, ҽлі де кҿп жыл 
жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады. 
Сексеуіл  ҿсімдігінің маммалогиялық жауларына  жер  асты  құм  тышқандары 
қосылып, жер астында сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды. Құмтышқан 
жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай, сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп 
қояды. Жемісі жер бетінінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан, тышқан оған 
ҿрмелеп  шығып,  бұтағын  бағбандарша  кесіп  түсіреді.  Кейде  бір  жылдық  жемісті 
түгелдей  құртып  жібереді.  Құмтышқандар  суы  мол  шырынды  жас  бұтақтарды  да 
қиып  түсіреді  де,  сусынын  қандырады.  Кесілген  бұтақтың  орнына  бұрынғыдан  да 
шырынды бұтақ ҿседі, тышқан оны кесіп сусындайды. Осылай кҿп қайталанған соң 
ақыры сексеуілдің күші таусылады да, кеуіп қалады. 
Ал  сексеуілдің  үшінші антропогендік жауларына  адамдар  жатқызылады  екен. 
Оңтүстіктің  аязы  қысып  тұрған  шақта  қызуы  қатты  отын  –  сексеуілге  ауыл 
тұрғындары  жаудай  тиюде.  Арнайы  қозғалатын  аймақтағы  отын  атаулыны  жүк 
кҿліктерімен  де,  арбамен  де  тасып,  түгесуге  кіріскендей.  Тіпті  оған  осы  аймақты 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
152 
қорғауы  тиіс  қызметкерлердің  ҿзі  де  бел  шешіп,  білек  сыбанып,  кірісіп  кетіпті. 
Табиғатқа  қорған  болуы  тиістілердің  ҿздері  сексеуілдің  жойылу  қаупі  алдында 
тұрғанын ойламайды. 
Сексеуілдің  ұлғаюы,  экологиялық  жағдайды  жақсартуға,  құм  кҿшкінін 
тоқтатуға,  мал  жайылымын  жақсартуға,  микроклиматты  оңалтуға,  адамға,  жан-
жануарға  пайдалы.  Сондықтан  сексеуілді  «Қызыл  кітапқа»  енгізу  жҿніндегі 
ұсынысты  толық  мақұлдауға  болады.  Орман  шарушылығын  жүйелі  түрде,  ғылыми 
негізде  жүргізу  үшін  жоғарыда  айтылған  жайттар  толық  ескеріліп,  жүйелі  түрде 
арнайы  мамандардың  бақылауымен  санитарлық  кесу  жүргізіп  отыру  қажет.  Бұл  – 
орманды  таза  сақтау  үшін  арнайы  жүргізіп  отырмаса  болмайтын  шара.  Ҽрі  халық 
қажетті  отынмен  қамтамасыз  етіледі.  Арал  теңізінің  құрғаған  ұлтанындағы  табиғи 
ҿсіп  тұрған  ҿсімдіктер  мен  бұталар,  сонымен  қатар  адам  қолымен  егілген  сексеуіл 
жҽне  басқа  ҿсімдіктер  толық  «Қызыл  кітапқа»  енгізілуі  тиіс.  Себебі  ондағы  ҽрбір 
ҿсіп  тұрған  ҿсімдік  экологияны  жақсартуға  жұмыс  істеп  тұр.  Бүгінгі  таңға  дейін 
сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді  ұрлап сататын қарақшылар азаймай, 
күннен-күнге кҿбею үстінде. 
Сексеуіл тұқымнан ҿніп биіктей бастасымен оның кҿлеңкесіне күннен қашқан 
қияқтар мен астық тұқымдастары қоныстана бастайды. Олардан қорғанған сексеуіл 
жерден  сорып  алған  тұздардың  артығын  денесінен  шығарып,  жерге  шашады. 
Жылдан  жылға  жиналған  тұз  қалыңдап,  топырақ  беті  тұздан  тұратын  қалыңдығы 
саусақтың  қалыңдығындай  қабыршаққа  айналады.  Бұл  кезде  күннен  қашқан  астық 
тұқымдастар  мен  қияқтар  сексеуіл  түбінен  қолмен  сыпырғандай  жоғалып,  ҽлі  де 
сексеуіл кҿлеңкесі түсетін тұзды қабыршақты шетіне жағалай орын ауыстырады. 
Бір гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 
1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең. 
Сексеуілден  лимон,  қымыз  қышқылдары,  сода,  С  витамин,  түрлі  бояу  т.б. 
заттар алынады. Халық аңыздарында сексеуілдің қасиетін даралап, пір тұтады. 
Сан  ғасырлық  тарихы  бар  қазақ  жерін  қай  саласына  қарай  ойыса  айтсақ  та, 
мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000-ға жуық ҿсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. 
Тіпті бірінші орында тұр десек те болады. 
Ҿсімдіктер  дүниесінің  осындай  молдығына  байланысты  олардың  ішінде  мол 
қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес ҿсімдік сексеуілдің ерекше 
қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Мал бағумен 
ықылым  заманнан  айналасқан  қазақ  халқы  ҿсімдіктердің  емдік,  дҽрілік  қасиетін 
ертеден  білген.  Сондықтан  да  осы  жүзеге  асыру  мақсатында  сексеуілдің  халықтық 
педагогикасында алатын орны ерекше. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет