Флегматик-бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.

Меланхолик-бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді.

Мінез
Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамның, мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді. Ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт -бағдарын анықтауға ықпалын тигізеді, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, ал қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Адам мінезінің қалыптасуының қоршаған ортасына және оның өзінің қатынасына байланысты.