Темперамент - әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс - тұрысы мен қимыл - қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
ТЕМПЕРАМЕНТ ТҮРЛЕРІ ХОЛЕРИКАЛЫҚ
ФЛЕГМАТИКАЛЫҚ
САНГВИНИКАЛЫҚ
МЕЛАНХОЛИКАЛЫҚ
Холерик-бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.

Сангвиник-бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды.