Жоспарлау- бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой әрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын және қажетті әрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, әрекеттің нәтижесіне алдын ала бағалау беріледі.
Жоспарлау - бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой әрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын және қажетті әрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, әрекеттің нәтижесіне алдын ала бағалау беріледі.
Алынған шешімді орындау - келесі негізгі кезең. Орындауда адамныңеркі аңғарылады.
Ерік үрдісінің сатылары
.
Ерік сапалары
ТОҚТАМҒА КЕЛГІШТІК
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
ТАБАНДЫЛЫҚ
Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіпті талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашкы қиындықтармен кездескенде өз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып көрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді.