Эмоционалды және ерік процестері



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі1,02 Mb.
#92253
  1   2   3
Байланысты:
ерік

ЕРІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

  • Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі бар, мұны психологияда мотив(себеп) деп атайды.
  • Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив – оның түрлі қажеттіліктері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсат қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін әр түрлі әдіс амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын танып қана қоймайды, сонымен бірге оның қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.

Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар:

  • Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар:
  • Еріксіз қозғалыстар (түшкіру, жөтелу,шашалу, көздің жұмылуы т.б.);
  • Ерікті қозғалыстар – қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты) бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәрізді), күрделі тарихи қызметке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.
  • Ойланып істелінетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыс-тарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.

ЕРІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Ерік процесінде ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалынады.Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, көптеген қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адам сөз арқылы нұсқау алады не тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес, қимыл- қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыстарды тежей алу , тек алда тұрған мақсатқа сәйкес қозғалыс жасау - I және II сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.

ЕРІКТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

  • Ұнамсыз: өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.
  • ЕРІК САТЫЛАРЫ:
  • Бірінші - даярлық кезеңінде мақсат белгіленеді, мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдері анықталады және шешім қабылданады; екінші -орындайтын кезеңде алынған шешімді атқару іске асады.
  • Шешім қабылдау- бұл белгілі бір мақсатқа, сол мақсатты орындауға апаратын іс-әрекеттің белгілі бір тәсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нәтижесінде мектеп бітіруші университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдау туралы шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет