Адамгершілік – мазмұны да, құрылымы да күрделі. Достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, ұят т.б. жатады.
Интеллектік – адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланыста. Оған: болжау, ықтималдық, жаңашылдық, интуиция, күдіктену, сенімділік және т.б. жатады.
Эстетикалық – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл сезімдер – сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.