20. Парабулия-қозудағы ерік активтілігінің бұрмалануы. Адекватты емес қимылмен мимиканың өзгерісімен көрінеді.Науқасқа гриммассивті бейне, Парабулия-қозудағы ерік активтілігінің бұрмалануы. Адекватты
емес қимылмен мимиканың өзгерісімен көрінеді.Науқасқа
гриммассивті бейне, жүрісі өзгерген, негативизм және
импульсивтілік тән. Сонымен қатар бағыныштылықтың
жоғарылаған және төмендеген эхо-симптомдары тән. Бұл
шизофренияларда кездеседі.
Амбитенденттілік- белгілі бір тітіркендіргіштерге қосарланған,
қарама-қарсылық реакциясы мен қимыл іс-әрекеттің қосарлануы.
Қозғалыстық бұзылыстар - психотикалық жағдайларда жиі
кездеседі. Қозғалыстың және толықтай жүріс-тұрыстың бұзылысы
қоршаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аудартады және
олармен психикалық дерт белгісі ретінде дұрыс қабылданады.
Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде бөлінеді -гипо-, -гипер-,
және дискинетикалық – яғни қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне,
күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді.
21. Эмоциональды бұзылыстар синдромы Депрессивті синдром – көңіл-күйдің нашарлығымен (гипотимия), ойлаудың тежелуімен және қимыл активтіліг Эмоциональды бұзылыстар синдромы
Депрессивті синдром – көңіл-күйдің нашарлығымен
(гипотимия), ойлаудың тежелуімен және қимыл активтілігінің
төмендеуімен көрінеді (депрессивті үштік). Гипотимикалық
бұзылыстар диапазоны жеңіл басылымнан, қайғыдан, терең
сағыныштан яғни, науқас ауырлықты, кеудесінде ауру сезімін
сезуден жоғары.
Ассоциативті процестердің баяулауы: ойының баяу және аз
болуы, жағымсыз жағдайлармен: ауру, өзін-өзі кінәлау ойы
байқалады. Сұрақтарға қиналып жауап береді, сұрақ пен жауап
арасындағы пауза ұзақ болады.
Қимылының аз болуымен және біртектілігімен қимыл әрекетінің
баяулауы байқалады. Науқас қимыл үстінде бір қалыпта тоқтап
қалуы мүмкін (депрессивті ступор).