22. Депрессивті синдромға психотикалық варианттағы бұзылыстар: сандырақ ойлар өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту (параноидты депрессия) өзін- Депрессивті синдромға психотикалық варианттағы бұзылыстар: сандырақ ойлар
өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту (параноидты депрессия) өзін-өзі өлтіруге дейін
алып келетін жағдайлар да жатады.
Психотикалық депрессия кезінде сомато-вегетативті бұзылыстар: ОЖЖ
симпатикалық бөлімнің тонусы жоғарылауы яғни, тахикардия, мидриаз, іш қату
(Протопопов үштігі) байқалады. Тәбеті төмендейді, дене салмағы азаяды,
анорексия, ұйқысы бұзылады.
Маскалы (ларвирлі) депрессия, эмоциональды компанент анық емес және
соматовегетативті бұзылыстар болады(депрессия маскасы). «Жасырын
депрессияның» диагностикасында келесібелгілер бағаланады:
Көбінесе таң ертең субъективті жайсыздық байқалады.
Полиморфизм, анық еместілік, сомато-вегетативті шағымдар, белгілі бір шегі
жоқ ауру сезімі. Тіршіліктік қызметінің бұзылысы (ұйқының, тәбеттің,
етеккірдің, потенцияның, салмақ жоғалту). Бұзылыстың периодтылығы және
оның пайда болуы мен жоғалуының өз бетінше болуы. Маусымдылығы-жиі
көктем және күз. Әр түрлі зерттеу әдістерінде нақты соматикалық аурулар
табылмайды. Соматикалық терапияның эффектісі жоқ.
Науқас әр түрлі дәрігерлерде ұзақ уақыт нәтижесіз емделуіне қарамастан,
дәрігерлерге барудан жалықпайды. Антидепрессантты терапия жақсы
көмектеседі.
23. Маскалы депрессия МДП-ның депрессивті фазасында, шизофренияда, пресенильді депрессияда кездеседі. Дабыл депрессиясы – инволюциялық депр Маскалы депрессия МДП-ның депрессивті фазасында, шизофренияда,
пресенильді депрессияда кездеседі.
Дабыл депрессиясы – инволюциялық депрессияға тән. Дабыл және
қорқыныш негізгі аффект болады. Науқастар үнемі катастрофа, қайғы
сезімдерінде жүреді. Дабыл қайғысының құрамы жалпы диффузды қасиет
құрайды. Қимыл-әрекеттің баяулауы емес, керісінше қимыл-әрекеттің қозуы
байқалады яғни, науқастар бір орында отыра алмайды. Мұндай қозу
жағдайындағыларды меланхоликалық раптуста: науқастар айқайлап,
қайғырады, шыңғырып, ары-бері жүреді,еденде аунайды. Осы жағдайда
оларға суицид жағдайына қауіп төнеді.
Анестетикалық депрессия- науқастар қандай да бір уайымның толық
және қайғылы жоғалуына шағымданады. Жиі сыртқы ортадағы өзгерістердіәлем өз түсінен айырылып жатыр, дауыстар әлсіз естіледі, уақыт жүрмей
қалған сияқты (меланхоликалық дереализация).
Маниакальды синдром- маниакальды үштікпен көрінеді: эйфория (көңілкүйдің адеквантты емес көтерілуі), ассоциативті процестің жылдамдауы
және бір әрекетке талпыну мақсатында қимылдық қозу. Науқастар бастаған
ісін аяғына дейін жеткізе алмайды яғни, зейіннің тұрақсыздығы. Ассоциация
көбінесе беткейлік болады. Бұндай жағдайда науқастар өзінің қабілеті мен
мүмкіндіктерін бағалай алады. Жартылай әуестілік жоғарылаған.
Маниакальды жағдайдың жеңіл дәрежесін гипомания деп атайды. Бұл
жағдай көбінесе МДП және шизофренияда кездеседі.