Эмоция және сезім жоспар



бет4/4
Дата11.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#49418
1   2   3   4
Байланысты:
Эмоция туралы

ЭМОЦИЯЛАР

СЕЗІМДЕР

1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болса, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі.

1. Сезімдер – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процесс.

2. Эмоция мәнерлі қозғалыстардан көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көре алады.

2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады.

3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді.

4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді

4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады

ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Қорытынды


Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді ..." т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы.. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев) ««Жалпы психология»;
  • Жарықбаев Қ. « Психология негіздері»293-297-беттер;
  • http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D1%96%D0%BC


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет