Эмоция және сезім



Дата09.04.2022
өлшемі0,82 Mb.
#30452

Эмоция және сезім

Сауранбаева Зере

Әлеуметтік жұмыс

Сезім мен эмоция

  • Сезім — айналадағы заттар мен құбылыстардың адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінен туындайтын жан қуаты. Қажеттердің өтелу жағдайына қарай адамдарда әртүрлі (ұнамды, ұнамсыз) сезімдер пайда болады. Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну, наздану, қорқу, қайғыру, үрейлену, т.б. — сезімнің эмоция деп аталатын қарапайым түрлері. Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты олар түрлі деңгейде көрінеді.
  • Адамның органикалық қажеттері мен инстинктеріне байланысты қарапайым, өткінші эмоциялардан (күлкі, жылау, т.б.) мұның күрделі түрлерін (аффект, көңіл, құмарлық, стресс) ажырату қажет. Эмоциялардың бәр-бәріне ортақ белгі — олардың ситуациялығы, яғни нақты жағдайға орай туатындығы, сондай-ақ түрлі мәнерлі қозғалыстарға (бет, дене, қол, т.б.) бай келетіндігі.

Сезім

  • Сезім — тікелей ми қабығы жартышарларының жұмысы болса, эмоциялар — көбінде ми қабығы астындағы аймақ пен ми бағанасы бөліктерінің (сопақша, ортаңғы аралық, т.б.) қызметінен туындайды. Адам сезімдері мен эмоциялары қашанда тарихи-әлеуметтік сипатта болады, оның мазмұнын қоғамдық болмыс белгілейді. Жануарлар эмоциясы — биологиялық реакциялардың жиынтығы, рефлекстер тізбегі, инстинктер комплексі болып табылады.
  • Сезімдер мен эмоцияларға бірнеше ерекшеліктер тән. Олардан қарама-қарсы полярлық сапалықтарды (сүйсіну-сүйсінбеу, шаттық-уайым), жігерлі, жігерсіз, қозу және кернеуден босану, яғни шешілу, т.б. сиякты көріністерді байқауға болады. Сезімдерден адамның дүниетанымы, өмір позициясы жақсы аңғарылады. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте күшті, жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Тыныс-тіршілігі солғын, селсоқ адамдардың көздеген мақсаттарына жетуі қиын. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, ал ұнамсыз нәрселерді барынша жек көріп отыруы қажет.

Эмоция

  • Адам эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі — көңілдің алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат береді, ондай кісі оптимист болады («Сырдың суы сирағынан келмеу»), ал уайым-қайғы кісіні кейде жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Көңіл ылғи да сыртқы, (шкі әсерлерден туындайды.
  • Мәселен, адамның қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның көңілі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы да (ауру-сырқау), жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер де көңілге біраз әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да, мәнді нәрсенің бәрі көңілге ерекше із қалдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет