«Эмпирикалық ғылыми- зерттеу әдiстерi негiзiнде мектеп оқушыларына кiшiгiрiм педагогикалық зерттеу жүргiзу»



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#132212
  1   2

Орындаған: Шералы Молдир



«Эмпирикалық ғылыми- зерттеу әдiстерi негiзiнде мектеп оқушыларына кiшiгiрiм педагогикалық зерттеу жүргiзу»
11- сынып оқушысына педагогикалық зерттеу
Әсел-2006жылы туылған
1) Сырт келбеті: қасы- көзі қиылған, күн келбетті, ажарлы, аққу мойын, аққұба, ұзын бойлы қыз.Мектеп талабына сай киінеді. Қоңыр дауысты, көзінің түсі ашық қоңыр.
2) Мінез- құлқы: қарапайым, ақжарқын, белсенді, мейірімді, ақкөңіл. Темпераменті холерик, қуатты. Кез келген іске бейімді, жауапкершілігі бар. Үзілісте пайдалы жұмыспен айналысады. Эмоциялары мазасыз емес, сабырлы.
3) Әлеуметтік жағдайы: толыққанды отбасынан, үйінің екінші баласы, материалдық жағдайы жақсы.
4) Педагогикалық ерекшеліктері: сабақ үлгерімі жақсы, тәртіпті. Сынып белсенді, сыныпта мәдениет секторы. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
5) Оқу жағдайы: бірінші ауысымда оқиды, сабаққа деген талпынысы жақсы. Математика пәніне деген қызығушылығы жоғары. Олимпиада жүлдегері. Есте сақтау қабілеті дамыған, сөздік қоры мол.
6) Мектептің оқу процесі: қазақ орта мектебі, екі ауысымды, жоғарғы санаттағы мұғалімдер қызмет етеді. Аудан бойынша үздік мектептердің бірі.
7) Мектептен тыс ән және домбыра үйірмелеріне қатысады. Облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Бос уақытында үй шаруасымен айналысады.
8) Әсел болашақта Физика- Математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Және ұлттық біріңғай тестілеуге дайындығы керемет. Бақыт деген оның ойынша, ата- анасының үмітін ақтап, батасына бөлену.
9) Педагогикалық шешім: Әселдің адамдармен тез тіл табысып кетумен қатар кез келген ортаға тез үйренісу қабілеті бар. Кез келген нәрсені тереңінен ойлап, түсіне алады!
1-сынып оқушысына педагогикалық зерттеу-2014жылы туылған
Лашын
1) Сырт келбеті: орташа бойлы, шашы ұзын, сүйкімді, аққұба келген. Тәттіні жақсы көреді және боянғанды ұнатады. Көзі де, шашы да қоңыр.
2) Мінез-құлқы: ақылды, қырсық, ерке, бауырмал қыз. Темпераменті холерик, яғни қуатты әрі пысық. Кез келген істі алып кете алады. Көңіл-күйі тұрақты.
3) Әлеуметтік жағдайы: толыққанды, көпбалалы отбасыдан. Материалдық жағдайы орташа, үйінің 6-шысы. Ата-әжесімен бірге тұрады. Ата-анасы толық қамтамасыз етіп отыр.
4) Педагогикалық ерекшеліктері: сабақ үлгерімі жоғары, тәртіпті, сыныпта белсенді. Достарымен жақсы қарым-қатынаста. Есепті жақсы шығарады. 1-ден 100-ге дейін санай алады.
5) Оқу жағдайы: екінші ауысымда оқиды, сабаққа деген құлшынысы жоғары. Сабақтан қалмайды және сыныптың белсендісі. Барлық пәнді ұнатады. Мұғалімдерге жоғары құрмет көрсетеді. Және де Лашын мәнерлеп оқу жарыстарының жүлдегері. Әдебиетке қызығушылығы әжесіне ұқсағысы келгендіктен екенін айтады.
6) Мектептің оқу процесі: қазақ орта мектебі, екі ауысымды, білікті ұстаздар жұмыс жасайды. Сынып жетекшісі білімді ұстаз.
7) Мектептен тыс бимен айналысады. Бос уақытында анасына, әпкелеріне үй шаруасына көмектеседі. Сурет салғанды ұнатады.
8) Лашын болашақта өнер иесі болғысы келеді. Сахнада ән айтып, би билегісі келеді. Достық деген оның ойынша, бір біріне көмектесе білу.Бақыт деген не деген сұраққа армандарының орындауы деп жауап берді.
9) Педагогикалық шешім: Лашын ақжарқын, жан-жақты, білімге құштар қыз. Мектеп табалдырығын енді бассада өзіне сенімді, батыл қыз. Лашынның алға қойған мақсаттары көп және олар нақты.

7-сынып оқушысына педагогикалық зерттеу
Айдана-2011жылы туылған
1) Сырт келбеті: аққұба келген, орта бойлы, қоңыр көзді, тез қимылдайтын, қара шашты қыз.
2) Мінез-құлқы: ақылды, ашық, ақкөңіл, бауырмал, көңілді. Әр түрлі сайыстарға қатысқанды жақсы көреді. Активист, кез келген істі оңай алып кетеді. Кей кезде ашушаң, бірақ тез басылады.
3) Әлеуметтік жағдайы: Толыққанды отбасынан, ата-анасының тұңғышы. Көп балалы отбасыдан емес, материалдық жағдайы жақсы.
4) Оқу жағдайы: екі ауысымды, тәжірбиелі мұғалімдермен қамтылған қазақ орта мектебінде оқиды, сабақ үлгерімі жақсы, тәртіпті, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста. Мұғалімдерін ерекше сыйлайды. Тарих пәнін сүйсініп оқиды.
5) Педагогикалық ерекшеліктері: Тарих және география пәнінен жыл сайынғы олимпиядаларға қатысады, мұғалімдердің сүйіктісі. Мектептен тыс бимен айналысады. Ансамбл құрамында өнер көрсетіп, түрлі жарыстарға қатысады.
6) Мектепте үзілістер 5(қысқа) және 10(ұзақ) минуттық болып бөлінетінін айтады. 5 минуттық кішігірім үзіліс кезінде сыртқа шығып таза ауамен тыныстағанды жақсы көреді.Ал 2-ші 10 минуттық ұзақ қоңырау кезінді сыныптастарымен асханаға барып тамақтанады.
7) Әлеуметтік желіде белсенді екенін айтады. Оған өзінің не істеп жатқанын достарымен бөлісіп отқан ұнайды. Достары да бұған жақсы көз-қараспен қарайды.
8) Болашақта мұғалім болғысы келеді, себебі оған өзінің білгенін басқалармен бөліскен ұнайды, және өзін болашақта басқа мамандықта көре алмайтынын айтады.
9) Айдана үшін Отан сөзі- Отбасы деп түсінетінін айтады. «Отан отбасыдан басталады,себебі әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі, шағын ОТАН» деп қорытындылады сөзін.

10 сынып оқушысына педагогикалық зерттеу


Сымбат
1) Сырт келбеті: ұзын бойлы, аққұба, қысқа қара шашты, ақылына көркі сай, қоңыр көзді.
2) Мінез-құлқы: Өте пысық, ашық-жарқын, барлығына позитивті қараған ұнайды. Достарының арасында көңілді.
3) Әлеуметтік жағдайы: Толыққанды, көпбалалы отбасынан. Үйінің 2-ші баласы. Өзінен бүрын ағасы және өзінен кейін іні-сіңілілері бар. Ата-әжесінің тәрбиесінде өскен.
4) Оқу жағдайы: екі ауысымды жаңа технологиялармен қамтылған, қазақ орта мектебінде оқиды. Мектеп мұғалімдері тәжірбиелі, осы үшін оған мектебі ұнайтынын айтады.
5) Педагогикалық ерекшеліктері: оқу үлгерімі жақсы, барлық сабақтарға үлгеріп жүруге тырысады. Мектептен тыс өнер мектебін аяқтаған. Сурет салғанды жақсы көреді және көптеген жетістіктері бар.
6) Қазіргі таңда 10 сынып оқиды. Алдағы ұлттық бірыңғай тестте қазірден дайындықты бастап кеткен. Күніне 2 немесе оданда көп уақытын дайындыққа арнауға тырысады.
7) Әлеуметтік желіде аса белсенді емес, бірақ қолданады.
8) Мектеп бітірген соң Заң саласында жоғарғы білім алып, сол салада жұмыс жасағысы келеді.
9) (Ситуациялық сұрақ) Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе қоқыс салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
Оқушының жауабы: Мүмкін ашуланамын, мүмкін керісінше реакция беремін. Ондай жағдай басымнан өтпеген соң қандай жауап берерімді де білмеймін, сыныптастарым олай жасамайды деп үміттенемін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет