Сабақ Тақырыбы: «Менің музыкалық әлемім»



бет1/3
Дата01.07.2023
өлшемі162,81 Kb.
#103924
түріСабақ
  1   2   3

Бекітемін:__________________ №1-2 сабақ



Тақырыбы:
«Менің музыкалық әлемім»

Мектеп:№278



күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

Сынып 0 «д»:

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын ажыратады (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасайды.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілетіне сүйеніп ән салады.
кейбір балалар:
Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған)
жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнайды.

Тілдік мақсаттар

  • Балалар: Өздері туралы, музыкаға деген құштарлығы туралы әңгімелей алады.

  • Көптілділік: ән – песня – song.

  • негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • Ән, әуен, музыка, әннің сипаты.

  • Пікір алмасу сұрақтары:

  • Музыка деген не?

  • Қандай әнді ұнатасың?

  • Қандай әуен түрлерін білесің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өздері білетін әндерді орындайды, би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. Жеңіл әуенді бубен аспабында ойнап,
балаларға кезекпен ырғақты сезіне орындауды ұсыну.

Музыка әлемі туралы мағұламат беру. Балалардың ой-қиялдары,


армандары туралы әңгімелесу.

Бубен аспабы



ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Балалығым балғын шағым»
(муз. Е. Ташев, сөзі Т. Қажыбаев).
Тыңдаған әннен алған әсерлерін, мазмұны, көңіл күйі туралы сұрау,
әңгімелеу (көңілді, ашық-жарқын т.б.)
Әннің сипаттары туралы түсінік беру (мұңды, көңілді, салтанатты,
ойнақы, қайғылы т.б).
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Жоғарыға шығамыз, төмен қарай
түсеміз». Әуенді дауыс ырғағымен қол қимылдары арқылы жоғары,
төмен көрсете білу.
«Ән» сөзінің аудармасын үш тілде белгілі бір әуенмен әндете
қайталату: ән – песня – song.
(Т, Ж) Ән айту: «Мен елімнің ертеңі» (муз. мен сөзі Л. Мұқашева).
Педагог әнді аспаптың сүйемелдеумен орындап, балаларға сұрақтар
қояды:
– Қарқыны қандай?
– Көңіл күйі қандай?
– Ән мәтінінде не туралы айтылады?
Бірнеше топтарға бөлініп, ән ырғағын шапалақтап, әрі қарай бубен
ырғағымен көрсетуді ұсыну. Ырғақты дәл көрсете білуге үйрету.
(Т) аспаппен танысу: Бубен аспабымен таныстыру.
Ұрмалы аспап екенін ұғындыру.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: Қазақ биі «Айгөлек»
(өңдеген Е. Лапин).
Қазақтың кейбір ұлттық би элементтерімен таныстыру, суреттен
көрсет у.
Балалар орындарынан тұрып, би қимылдарын қайталайды. Әуенге
қосылып, мәнерлі қозғалыстар жасайды.
Өздері ойдан шығарған би қимылдарымен көрсету.
Екі топқа бөліну, бір топ би қимылдарын жасайды, екінші топ бубен
аспаптарында ырғақпен ойнайды.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Музыка әлемін қалай
елестете аласың? Қандай ғажайыптармен байланыстырар едің?
Ән қандай көңіл күйде орындалды? Қай гүл әннің сипатына сәйкес
келеді? Айгөлектің киімін әннің сипатына сай боя.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Қандай мамандық иелерін білесің? Ержеткенде кім болғың келеді?
Әр мамандықтың қажетті заттарын сызықпен қосып көрсет.
Өзің ұнататын мамандық иесін белгіле.
Өзіңе ұнайтын мамандықтың суретін сал.



«Балалығым
балғын шағым» әні
Интерактивті тақта
«Балалық шақ»
атты слайд көрсету
Музыкалық
сүйемелдеу

«Мен елімнің


ертеңі» әні
Бубен аспаптары

Би элементтері


көрсетілген суретті
материалдар
Қазақ биі
«Айгөлек»
Аудио,
бейнематериалдар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



IV. ұОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:____________________ №3-4

Тақырыбы:
«Мен өнерлі баламын »

Мектеп: №278



күні:12.09-13.09

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

Сынып: 0 «д»

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.
0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға
арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу.
0.1.2.2. Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен айта алады.
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты. мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әндерді сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған
музыка аспабының көмегімен суырыпсалып айта алады.
кейбір балалар:
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Өнердің түрлері және өнер адамдары туралы айтып, ой-пікірлерін бөліседі.
Көптілділік: ырғақ – ритм – rhythm.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ырғақ, шығарма, әннің мазмұны, өнерлі бала, өнерпаз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Ән айтқанды ұнатасың ба? Неліктен?
Қандай әндерді, әншілерді білесің?
«Өнерлі өрге жүзеді» дегенді қалай түсінесің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өздері білетін әндерді орындайды, би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. Ырғаққа сәйкес бірге қол шапалақтау және
«Сә-ле-мет-сіз бе?» сөзін буынға бөле әндету.
Балаларды екі топқа бөлу. Бірінші топқа ырғақты шапалақтап, келесі
топқа бубен аспабымен әуенін ырғағын дәл бере ойнауды ұсыну. Әрі
қарай екі топ алмасады.
Ән жанрлары, әншілер туралы мағлұмат беру

Бубен аспабы



ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Күзгі вальс» (муз. А. Досмағамбет).
«Балдырғандар маршы» (муз. К. Қуатбаев).
Балалар шығарманы тыңдап, әуеннің сипатын анықтайды.
Алған әсерлерін бөліседі.
Әуенді тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?
Шығарманың қарқыны қандай?
(Т, Ж) дауыс жаттығуы.«Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту.
Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. «Күшті»
бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, «әлсіз» бөлігінде
ақырын орындау.
(Т, Ж) Ән айту.«Мен өнерлі баламын»
(муз. М. Омаров, сөзі Г. Жотаева).
Әнді орындап, мазмұны туралы әңгімелесу. Өнер және музыкалық
мамандықтар (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер туралы мағлұмат беру.
Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындау. Жаңа әннің әуенін
таза орындауға үйрету.
Бұл әнді қандай көңіл күймен орындаймыз? Ырғағы қандай екен?
«Ырғақ» деген сөздің үш тілде айтылуын қайталау арқылы естеріне
сақтауға ықпал ету: ырғақ – ритм – rhythm.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: Полька (Б. Сметан).
Би түрін бейнематериалдан көрсету. Би ырғағын аяқ топылдату,
шапалақтау арқылы есте сақтауға үйрету.
Би элементтерін жұптасып бірге қайталау, қарқынын сезіне мәнерлеп
қозғалуға баулу.
Ұлттық ойын. «Ақ терек, көк терек».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Мен өнерлі баламын»
әнінің мазмұнына қай сурет лайықты? Неліктен сол суретті таңдадың?
Таңдаған суреттің астындағы дөңгелекті бояп көрсет.
Өнерлі балаға қажетті заттарын тауып беруге көмектес. Аса қажетті
құрал не деп ойлайсың? Неліктен бұл затты таңдадың?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:«Күзгі вальс» әуенін
мұқият тыңда. Ырғағын ажырат. Әуен көңілді ме әлде көңілсіз бе?
Мазмұнына қарай суретті аяқта. Әуеннің мәтініне, көңіл күйіне
байланысты таңдаған түстеріңмен боя.
Суреттегі өнерлі балалардың ішінен қайсысы қазақ биін орындауда?

«Күзгі вальс»,
«Балдырғандар
маршы»
музыкасы
Күз мезгілін
бейнелейтін түрлі
түсті сурет
«Жаңғырық» дауыс
жаттығуы
«Мен өнерлі
баламын» әні
Балалар хорының,
белгілі әншілердің
суреті немесе слайд
Полька (Б. Сметан)
Аудиожазбалар,
бейнематериалдар

Нота хрестоматиясы.


Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



5-6 МАД музыка



Тақырыбы:
« Мен Отанды сүйемін »

Мектеп/Мұ:



күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ТОП:

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.6. Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын
сипат тау.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыка тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай алады.
Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғаралығы айқындалмаған) жеке
және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді сүйемелдеусіз таза интонациямен айта алады.
кейбір балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Туған жері, қаласы, ауылы туралы әңгімелейді.
Отан, Қазақстан туралы тақпақ-өлеңдер айтады.
Көптілділік: көңілді – веселый – cheerful.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ашық-жарқын, мұңды, салтанатты.
Пікір алмасу сұрақтары:
Біздің Отанымыз қандай?
Елордамыз Астана туралы не білесің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Төмен-жоғары, қысқа-ұзын дыбыстарды ажыратады.
Үйренген әндерді еркін орындайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

(Т) Музыкалық сәлемдесу. Балаларға кезекпен допты лақтыру
арқылы сұрақтар қойылады, жауаптары тыңдалады.
Әңгіме өткізеді:
– Сен қай мемлекетте тұрасың?
– Қазақстанның қандай қалаларын білесің?
– Отан, туған жер туралы қандай ән білесің?

Доп

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау:«Керуен» (муз. К. Дүйсекеев).
– Керуен деген не, білесің бе?
– Керуенге қандай жануарлар қолданылады?
– Бұл шығарманың қарқыны қандай?
– Неліктен жай, асықпай орындалады деп ойлайсың?
(Т, Ж) дауыс жаттығулары:
«Тик-так», «Жаңғырық» жаттығулары. Тынысты дұрыс алу ережесін
сақтап, таза айтуға баулу.
(Т, Ж) Ән айту:«Отаным» (муз. мен сөзі Д. Қиқымов).
Отан – туған еліміз,
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз. (Е. Өтетілеуұлы)
Өлеңді оқып, Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Әнді орындаудан алған толғаныстарын, сезімдерін әңгімелеп
берулерін сұрау.
Әннің мәтінін, сөздерін еске сақтауға қалыптастыру.
Әнді көңілді, қуанышты, салтанатты орындауға үйрету.
Ән көңілді екпінде орындалатынын ерекше атап айту.
Көңілді – веселый – cheerful сөздерін үш тілде қайталап үйрету.
(Т, Ж) аспапта ойнау: Асатаяқ және тұяқтас аспаптарымен
таныстыру.
Жасалу жолдарын, құрылысын, ұрмалы аспап екенін түсіндіру.
«Сәулем-ай» (қазақтың халық әні, өңдеген Б. Дәлденбай).
Әуенді мұқият тыңдап, ырғақты сезіне дәл ойнауға үйрету.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Туған жеріңнің табиғаты мына суреттердің қайсысына ұқсайды?
Таңдаған суреттің астындағы дөңгелекті боя.
Сүйікті Отаныңды, туған жеріңді қалай бейнелер едің?
Достарыңа әңгімелеп бер. Суретін сал.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Керуен деген не?
Сен өз керуеніңе үй жануарынан қайсысын таңдар едің?
Дөңгелекті бояп, өз таңдауыңды белгіле.
Суреттегі музыкалық аспаптар қалай аталады?
Бұлар қай ұлттың аспабы?
Үзік сызықтарды қосып сыз және боя.
Мына музыкалық аспаптардың саған қайсысы таныс? Олар қалай
аталады? «Сәулем-ай» халық әнін орындау үшін қазақтың ұлттық
аспаптарынан оркестр құрайық. Оркестрге арнап өзің таңдаған
аспаптарды боя

Аудиожазбалар
«Керуен» музыкасы
Керуен бейнеленген
сурет
«Тик-так»,
«Жаңғырық»
жаттығулары
«Отаным» әні
«Менің Отаным –
Қазақстан» атты
слайд немесе түрлі
түсті суреттер
«Сәулем-ай» әні
Асатаяқ, тұяқтас,
бубен аспаптары
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар,
бояулар



IV. ұОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:________________ 7-8



Тақырыбы:
«Мен бақытты баламын»

Мектеп №278



күні:26.09-27.09

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

Сынып:0д

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау
ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын).
0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс),
тембріне қарап ажырату

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын ажырата біледі (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы)
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне
қарай ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Әуеннің сипатын, көңіл күйін, өз ойларын жеткізе әңгімелей біледі.
Көптілділік: көгершін – голубь – dove.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Марш, күй, жоғары-төмен.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыкадан қандай әсер алдың?
Тыңдаған әнді қалай бейнелер едің?
Әннің мәтіні не туралы?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Өткен сабақтарда алған білімдерін көрсете алады, музыкалық шығарманың түрлерін
ажырата біледі.
Өз ойларын еркін жеткізе әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!»
(әндете амандасу).
Балаларға кезекпен допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады,
жауаптар тыңдалады.
– Бақыт деген не?
– Бақытты болу үшін не істеу керек?
– Достарыңа бақытты болу үшін қандай тілек айтасың?

Музыкалық
сүйемелдеу
Доп

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау:«Ақ көгершін» (муз. Қ. Қалқатаев, сөзі Е. Баят).
«Еркін самғап ұшсын» деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қайсы құсты біз мақтаймыз?
– Ән сендерге ұнады ма? Неліктен? Ән қанша бөліктен тұрады?
Мазмұнын әңгімелеп беруді ұсыну.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары. «Тақ-тұқ», «Көңілді алақандар мен
балақандар» жаттығулары. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету.
(Т, Ж) Ән айту. «Біз бақытты баламыз»
(муз. Ә. Қонысбеков, сөзі Ұ. Қонысбекова).
Балалардан ән мазмұны мен көрнекі суреттердің өзара байланысын
сұ рау.
Әнді бубен, асатаяқ, тұяқтас аспаптарының сүйемелдеуімен орындау.
«Бейбітшілік құсы – көгершін» деп таныстыру.
Көгершін – голубь – dove деп үш тілде қайталап үйрету
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс:«Қазіргі би ырғағы»
(муз. Е. Лапин).
Музыкалық шығарманың сипатын мағыналы түрде көрсетуге
дағдыландыру. Заманауи би элементтерін Полька (Б. Сметан), ұлттық
би («Айгөлек») түрлерімен салыстыру, айырмашылықтарын түсіндіру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Бейбітшілікті сен
қалай елестетесің? Өз қиялыңмен қалаған суретіңді сал. Салған
суретің туралы әңгімелеп бер. Бұл ән қандай құс туралы? Әннің
қарқыны, көңіл күйі қандай? Сен бұл құсты білесің бе? Мына
құстардың арасынан көгершінді тауып, белгіле.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннен қандай әсер
алдың? Осы әннің көңіл күйіне сәйкес қай түсті шарды қалар едің?
Таңдаған шарды толықтырып боя. Қазіргі заманауи ән ырғағына
қандай музыка аспаптары қолданылады? Қажетті аспаптарды әншінің
суретіне сызық арқылы қос.
Заманауи қандай би түрлерін білесің? Қандай ырғақта билегенді
ұнатасың? Бүгінгі үйренген әнге билеуге қай киім үлгісін таңдар едің?
Өз таңдауыңды белгілеп көрсет

«Ақ көгершін» әні

«Тақ-тұқ», «Көңілді


алақандар мен
балақандар»
жаттығулары
«Біз бақытты
баламыз» ән

Қазіргі би ырғағы»


музыкасы
Би элементтері
көрсетілген суретті
материалдар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



IV. ұОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:___________________ 9-10



Тақырыбы:
«Мен әдепті баламын »

Мектеп №278



күні:3.10-4.10

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

Сынып:0д

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (кіріспе, қайырма) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілеттеріне сүйеніп ән сала алады.
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
кейбір балалар:
Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған)
жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
«Әдептілік» деген сөздің мағынасын өз сөздерімен түсіндіреді.
Өз достары туралы әңгімелейді.
Көптілділік: балалар – дети – children.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Кіріспе, қайырма, музыкалық фраза, сүйемелдеусіз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Әнді орындағанда қандай сезімде боласың?
Дыбыстарды қалай сипаттар едің?
Жай музыканы қалай сипаттар едің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өздері білетін әндерді орындайды, би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!»
(әндете амандасу).
Әңгіме:
– Сен өз достарыңа, үлкендерге көмектескенді ұнатасың ба?
– «Әдепті бала – арлы бала» дегенді қалай түсінесің?
Көпшілік жерде, мектепте, театрда өздерін әдепті ұстау туралы
әңгімелеу. Суреттерге қарап әңгіме құрастыру

Музыкалық
сүйемелдеу
Түрлі түсті
суреттер



ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Балалық шақ әлемі»
(муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева).
Әннің дыбыс биіктігін қолмен көрсетуді ұсыну. Шығарманың ырғағын
шапалақтау және аяқ топылдату арқылы көрсету.
Әннің мазмұнына көңіл бөлу.
Балалар – дети – childrenсөздерінің дұрыс айтылуын үйрету.
(Т, Ж) дауыс жаттығуы.«Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту.
Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. Күшті
бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, әлсіз бөлігінде
ақырын орындау.
(Т, Ж) Ән айту: «Балдырғандар әні» (муз. және сөзі Г. Жотаева).
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі.
Біз бақытты балдырған –
Ата-ананың өркені. (М. Дауылбаев)
Әнді таза, әуенімен айтуға дағдыландыру. Әннің кіріспесі мен
қайырмасы, қарқыны, сипаты туралы түсіндіру.
– Неліктен ән көңілді, ойнақы орындалады?
Әннің күшті және әлсіз бөліктерін ажыратуға үйрету
(Т, Ж) аспапта ойнау: «Сылдырмақтармен ойын»
(бубен) (укр. х.әуені, өңдеген Д. Львов).
Ұрмалы аспаптар көмегімен жеке және ансамбльде күрделі емес
ырғақты суреттерді ойнау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс:
«Соқыртеке» (муз.А. Тани, А. Естенов).
Ән-ойынның шартын еске сақтау, әуенін тыңдап, қимыл-қозғалыстарды бірге жасауға үйрету.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Ән не туралы? Бұл әннің ырғағы қандай?
Осы әнге сәйкес келетін суретті қоршап сыз.
Қай сызық ән әуенінің қозғалысын көрсетеді?
Ұнаған түспен бастырып сызып көрсет.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Бұл музыкалық аспаптар саған таныс па? Қайдан көрдің?
Үрмелі аспаптарды қызыл қорапқа, ал ішекті аспаптарды көк қорапқа
сызық арқылы бөліп сал

«Балалық шақ
әлемі» әні
«Жаңғырық» дауыс
Жаттығуы

«Балдырғандар


әні»
Ән мәтініне
сәйкес түрлі түсті
суреттер
«Сылдырмақтармен
ойын» әуені
Сылдырмақ, бубен
аспаптары
«Соқыртеке» әні
Ән-ойынға
түсініктеме-сурет
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар,
бояулар



IV. ұОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:_________________ 11-12



Тақырыбы:
«Ардақты ұстазым »

Мектеп:№278



күні:10.10-11.10

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

Сынып:0д

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып
орындау

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендер, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз
қозғалыстарын ойдан шығарып суырыпсалма би орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Мектептегі ұстаздары туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Көптілділік: ұстаз – учитель – teacher.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Нәзік, жұмсақ, композитор, сүйемелдеу.
Пікір алмасу сұрақтары:
Дыбыс қандай болады? (шулы және музыкалық)
Әуеннің ырғағы әртүрлі болады. Неліктен деп ойлайсың?
Ұстаз деген кім?
Әннің әуеніне қандай би қимылын ойлап табар едің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Қарапайым әуендердің ырғағын ұрмалы аспаптармен ойнайды.
Таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке және бірге еркін, таза орындай
алады.
Жоспар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. «Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу).
(Т) Мимикалық жаттығу.«Көңілді және мұңды». Көңілді немесе
мұңды әуен ойналғанда сәйкес карточканы көрсетіп, өз беттерінде
мимикамен көңіл күйін көрсетеді.
Түрлі мамандықтар туралы, олардың еңбектерімен таныстыру.
«Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға...» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Музыкалық
сүйемелдеу
Көңілді және
мұңды (көңілсіз)
баланың суреті

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Ұстаз – ол» (муз. Д. Қиқымов, сөзі Ғ. Орманов).
«Салауат» (муз. мен сөзі М. Оразалиева).
Әнді тыңдап, сипатын, көңіл күйін ажырату. Ән мазмұнын әңгімелеуді
ұсын у.
(Т, Ж) дауыс жаттығуы:«Әуе шары». Дұрыс тыныс алу ережесін
сақтау үшін қолданылады. Терең тыныс алу, үрлеп, «шарды үлкейту».
Қарапайым әуенге қосыла отырып ұстаз – учитель – teacher сөздерін
таза, әндете айтуға үйрету.
(Т, Ж) Ән айту.«Мұғалім» (муз. Қ. Сақай, сөзі Н. Жанаев).
Ардақты мұғалім,
Білімің – бұлағым.
Таусылмас сен жайлы
Тасқынды жыр әнім. (А. Шаяхметов)
– Педагог сендерге қандай көмек көрсетеді? Ержеткенде кім боласың?
Әннің композиторы туралы айтып, мамандығы жөнінде әңгімелеу.
Әнді таза, әуенімен айтуға дағдыландыру. Әннің қарқыны, сипаты
туралы сұралады.
– Неліктен нәзік, жұмсақ деп ойлайсыңдар?
Әннің күшті және әлсіз бөліктерін бірге қосыла ажыратуға үйрету.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Қамажай»
(халық әні, өңдеген Н. Меңдіғалиев).
Үйренген таныс би элементтерін ырғақпен мәнерлеп көрсетуге
тырысады.
Би ырғағына сәйкес ойдан шығарып, суырыпсалма би өнерлерін
көрсетеді.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Ұстаз деген кім?
Ұстаздың қызметі туралы әңгімеле.
Сүйікті ұстазыңа не сыйлар едің? Ұстазыңа арнаған гүл шоғының
суретін салып, қалаған түспен боя.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Қамажай» биіне қай
қыз лайықты деп ойлайсың? Белгіле.
Неліктен сол суретті таңдадың? Қыздарға өз аспаптарын табуға
көмектес. Алдымен сызықтар бойымен саусағыңды жүргізіп көр. Әрі
қарай үзік сызықтарды әуен ырғағына сай жалғастыр. Қандай музыка
жанрлары бар? Еске түсірейік (марш, полька, вальс, ұлттық би)

Түрлі мамандық
иелерінің суреттері
«Ұстаз – ол» әні
«Салауат» әні
Музыкалық
Сүйемелдеу

«Мұғалім» әні


Педагог пен
балалардың түрлі
түсті суреттері
«Қамажай» әні
Би элементтері
көрсетілген
бейнежазбалар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар,
бояулар



IV. ұОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:______________ №13-14



Тақырыбы: « Біздің мектеп»

Мектеп:№278

күні: 17.10-18.10

Педагогтің аты-жөні: Мукеева Г

Сынып: 0д

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.2.2. Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату.
0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.2.2.2. Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано,
скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (кіріспе, қайырма) ажырата алады.
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано,
скрипка, флейта), балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Мектеп туралы ойларын жеткізіп, мектептегі достары туралы әңгімелейді.
Көптілділік: мектеп – школа – school.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
маракас, шығарма, дирижер, оркестр.
Пікір алмасу сұрақтары:
Әуен қалай өзгерді?
Қандай аспаптың дауысын естідің?
Мектепке не үшін барамыз?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Таныс әуендерге би элементтерін қосып, өз ойларынан суырыпсалма би көрсете біледі.
Үйренген әндердің көңіл күйін, сипатын бере орындайды

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу.«Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!»
(әндете амандасу).
Өткен сабақта ұстаз – мұғалім туралы ән айттық. Бүгін сол мамандық
иелерінің жұмыс орны – мектеп туралы білетін боламыз.
Үш тілде қайталап үйрету: мектеп – школа – school.
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз. (А. Меңжанова)
Мектеп ережелері, қызметі туралы түсінік беру.

Музыкалық
сүйемелдеу
Мектеп туралы
суреттер

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Мектебім» (Б. Бейсенова (үнтаспа).
– Әннің сипаты қандай?
«Үш түрлі көңіл күй» музыкалық-дидактикалық ойынын қолдану
арқылы әннің көңіл күйін ажыратуға баулу.
(Т, Ж) дауыс жаттығуы.«Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту.
Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. Күшті
бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, әлсіз бөлігінде
ақырын орындау.
(Т, Ж) Ән айту:«Мектебім» (муз. А. Маханбетова).
Мектеп саған ұнай ма? Саған қандай сабақ қызықты?
Әннің мазмұны туралы не айта аласың? Қарқыны тез бе әлде жай
орындала ма?
Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету. Әннің кіріспе бөлімі мен
қайырмасын ажыра білуге баулу. Айырмашылықтарын түсіндіру,
талқылау. Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету.
Қол шапалақтау арқылы әннің ырғағын қабылдауға дағдыландыру.
(Т, Ж) аспапта ойнау.«Қандай аспап?» (муз Б. Дәлденбай, сөзі
А. Меңжанова). Маракас аспабымен таныстыру.
Әннің сөзін, әуенін айта отырып ұрмалы аспаптарда ойнауды
жалғастыру. «Оркестр» және «әншілер» топтарына бөлініп, дирижер
сайлау. «Дирижер», «оркестр» сөздеріне түсінік беру. «Оркестр» тобы
аспаптарда ойнайды, «әншілер» әнді айтып, дирижердің көмегімен
шығарманы орындайды.
Ұлттық ойын «Етек-етек».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Мектепке не үшін
барасың? Мектепте не үйренесің? Суретке қарап, өз мектебің туралы
әңгімеле. Әннің ырғағын ажырат. Әуеннің қозғалысын берілген
үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес түспен қос.
Мектепке қандай құрал-жабдықтар қажет? Атап айт. Өзің қолданатын
құрал-жабдықтардың суретін салып, таңдаған түстеріңмен боя.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнді мұқият тыңда.
Не туралы айтылады? Көңіл күйі қандай? Әннің ырғағын ажырат.
Әуеннің қозғалысын берілген үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес
түспен қос.
Суретке қарап, музыкалық аспаптарды ата. Ұрмалы аспаптарды
қоршап сыз.
Орман тұрғындарына мектепке бару үшін жол көрсетіп, көмектес.
Аюдың жолын көк сызықпен, түлкінің жолын сары, қоянның жолын жасыл,
үкінің жолын қызыл түспен сызықтарды қосу арқылы мектепке жеткіз

Аудиожазба
«Мектебім»
(үнтаспа)
Үлестірмелі
карточкалар
«Жаңғырық»
жаттығуы

«Мектеп-дастан»


әні

«Қандай аспап?»


әні
Нота хрестоматиясы.

Әліппе-дәптер,


түрлі түсті
қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:__________________ №15-16



Тақырыбы: «Көңілді әуендер »

Мектеп:№№278

күні:24.10-25.10

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

МАД 0д

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.
0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға
арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз,
мұңды, қайғылы) ажырата алады.
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
кейбір балалар:
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған
музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалып айта алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Өздеріне таныс, сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды.
Көптілділік: күлдіргіш – клоун – clown.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Музыкалық фраза, фортепиано, ойнақы, салтанатты.
Пікір алмасу сұрақтары:
Қандай әуендер «көңілді әуендер» деп айтылады?
Көңілді, ойнақы ырғақ жай ойнала ма әлде тез бе?
Қандай көңілді әндер білесің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар тыңдаған шығармалары туралы өз пікірлерін айтады.
Маракас аспабының дыбысын ажырата алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу.«Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу).
Мимикалық жаттығу:«Көңілді және мұңды». Көңілді немесе мұңды
әуен ойналғанда сәйкес карточканы көрсетіп, мимикамен көңіл күйін
білдіреді.
– Балалар, музыка әлемінде көңілді және көңілсіз әуендер болады.
Ойнақы, ашық-жарқын әуендерге көңілді секіріп билеуге болады.
Ал көңілсіз әуендер мұңды, жабырқау болып келеді.
Қазір мына шығармалардың қандай көңіл күйде екенін тыңдап көрейі

Музыкалық
сүйемелдеу

Үлестірмелі


карточкалар

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау:«Күлдіргіштер» (муз. Д. Кабалевский),
«Марш» (муз. С. Прокофьев).
Әннің сипатын ажырату. Ырғақты сезіну үшін маракас, бубен
аспаптарында ойнау. «Ойнақы»сөзіне түсінік беру.
Марш әуенімен салыстыру, айырмашылықтарын көрсете білу.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Ән шырқайық», «Барабан»
жаттығулары әнді еркін айтуға қалыптастырады.
(Т, Ж) Ән айту:«Бейбіт болсын қашанда»
(муз. мен сөзі А. Досмағамбет).
Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы. (Н. Шәкенов)
– «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің?
Әннің салтанатты көңіл күйде екенін түсіндіру.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Тапқыр музыканттар»
(«Оңай пьеса» Л. Шкерянс; «Тироль вальсі» Ф. Пуленк;
«Марш» Я. Ваньгал; «Қаздар маршы» Б. Канэда).
Би жанрларын ажыратуға баулу. Әуенге ілесе әсем, мәнерлі қозғалуға үйретуді жалғастыру
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Көңілді күлдіргіштер
қайда өнер көрсетеді? Әуенді тыңдап, көңіл күйін ажырат. Суреттегі
күлдіргіштердің барабанын көк түске, маракасты – қызыл, бубенді
жасыл түске боя.
Суреттегі кейіпкерлер қалай дыбыстайды? Дауыстарын салып көрсет.
Көңілді ән салатын қайсысы деп ойлайсың? Сол кейіпкерге ортадағы
әдемі гүлді сыйла, қызыл сызықпен қос.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
«Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің? Суреттегі күндердің қайсысы
әннің көңіл күйіне сәйкес келеді? Әннен алған әсеріңмен бөліс.
Өзің таңдаған күнді боя. Сен тапқыр музыкантсың. Берілген
суреттердің өзара байланысын тап. Сызық арқылы қосып көрсет.
Күлдіргіштер неге ерекше киінеді деп ойлайсың? Күлдіргіштің киімін
сипатта. Көңілді күлдіргіш туралы әңгімеле. Суретті түрлі түсті
қарындаштармен боя.

«Күлдіргіштер»
«Марш» музыкасы

Аудиожазбалар


«Ән шырқайық»,
«Барабан»
жаттығулары

«Бейбіт болсын


қашанда» әні

«Тапқыр


музыканттар»
музыкасы («Вальс»,
«Марш»)
Би жанрлары
туралы
Слайд суреттер

Аудиожазба


Әліппе-дәптер,


түрлі түсті
қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:___________________________


№17-18


Тақырыбы: «Біз өнерпаз баламыз »

Мектеп:№ 278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын), тембріне қарап ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу
0.2.2.2. Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарлығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарап ажыратады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйке сән сала алады.
кейбір балалар:
Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано,
скрипка, флейта) сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Өздері ұнататын өнер түрлері туралы әңгімелейді. Тақпақ-өлеңдер айтады.
Көптілділік: би – танец – dance.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тайтұяқ, жетіген, мимикамен көрсету, халық әні.
Пікір алмасу сұрақтары:
Әннің ырғағына қандай қимылдар жасауға болады?
Тыңдаған әннің әуені саған қалай әсер етті?
Музыканы тыңдағанда көз алдыңа нені елестете аласың?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар үйренген әндерін зор ықыласпен орындайды.
Өз шығармашылықтарын достарымен бөліседі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!»
(әндете амандасу).
«Ән салған кім?» ойынын ұсыну. Ортаға көзі жұмулы бала тұрады.
Кез келген бала ортадағы баланың атын әндете айтады
Ортадағы бала тапса, әнші баламен орын алмастырады. Ойын 2-3 рет
қайталанады.
Өнер қайраткерлері туралы түсінік беру. «Өнерпаз бала» тақырыбына әңгімелесу. Суреттер көрсету

Музыкалық
сүйемелдеу

Өнер
қайраткерлерінің


суреттері

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Ләйлім шырақ» (муз. мен сөзін жазған Ақан
сері, өңдеген Т. Қоңыратбай).
Әнді тыңдап, сипатын анықтайды, мазмұны туралы әңгімелейді,
қарапайым пікірлерін ортаға салады.
– Қандай халық әндерін естідіңдер?
– Отбасыңда халық әнін орындайтын өнерпаз бар ма?
Осындай сұрақтар қою арқылы сөздік қорларының жетілуіне әсер ету.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары:«Күзгі жел», «Әдемі ән». Тыныс алу
ережелері дұрыс жасалуын қадағалау.
(Т, Ж) Ән айту:«Жан сырым» (муз. Е. Өміров, сөзі Х. Талғаров).
Әнді сезімталдықпен орындау. Мәтінін түсіндіріп, балалардың
қызығушылығын ояту.
Балаларға кезекпен допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады,
жауаптары тыңдалады.
– Әннің сипаты қандай?
– Екпіні туралы не айта аласың?
– Ән қанша бөліктен тұрады?
– Ән не туралы?
(Т) аспапта ойнау:«Тайтұяқ пен асатаяқ» (муз. А. Райымқұлова).
Асатаяқ, тұяқтас аспаптарында ойнауды жалғастыру.
Жетіген аспабымен таныстыру, жасалуы, қолдану жолдарын түсіндіру.
Аспаптың дауысын есте сақтауға үйрету.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әндегі кейіпкердің
қандай өнерпаз екенін анықта.
Әр өнерпаздың қажетті заттарын сызықпен қос. «Жан сырым» әнінің
көңіл күйіне, бояуына (тембріне) қай түс сәйкес келеді? Белгіле.
Бұл қандай музыкалық аспап? Суретті аяқта, қалаған түспен боя.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Әннің әуені, ырғағы қандай? Берілген сызықтардың қайсысы әуеннің
қозғалысына сәйкес келеді деп ойлайсың? Осы сызықтарды қызыл
түспен бастырып сыз.
Жетіген мен қобыз аспаптарының аталуын есте сақта! Бұл аспаптар
қандай түсте деп ойлайсың? Үзік сызықтарды қос. Боя

«Ләйлім шырақ»
халық әні
Аудиожазбалар
Музыкалық
сүйемелдеу

«Жан сырым» әні


Доп

Тайтұяқ пен


асатаяқ» әні
Асатаяқ, тұяқтас,
жетіген аспаптары
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.



Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№19-20

Тақырыбы: «Отбасым –бақытым»

Мектеп: № 278

күні: 14.11-15.11

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.3. Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю») анықтау.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне
сүйеніп ән салу.
0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (қайырмасын, кіріспесін) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне
сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс»,
орташа – «қоян», төмен – «аю») ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Отбасы туралы әңгімелей алады.
Отбасы мүшелері кімдер екенін ажыратады.
Көптілділік: отбасы – семья – family.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Әуен, ырғақ, қалып.
Пікір алмасу сұрақтары:
Аналарың ұйықтар алдында қандай ән айтады?
Сендер аналарыңа қандай ән айтасыңдар?
Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Өткен сабақта қандай ән айттыңдар? Музыка тыңдаған сендерге ұнай ма?
Әнде кім, не туралы айтылғанын еске түсіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Балалар көңілді музыка әуенімен келеді. Педагогпен әндетіп
амандасады. Шеңбер бойымен жүріп, би қимылдарынан элементтер
жасайды.
– Балалар, «отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
– Отбасыларыңда кімдер бар?
– Сендер ұйықтар алдында аналарың әндетіп ұйықтатады, сол әнді
«бесік жыры» деп атайды. Бүгінгі әніміз де, тыңдайтын әуеніміз де осы тақырыпта болмақ.
Әуеннің қарқынын, динамикасын, регистрін талдап, түсіндіру.

Музыкалық
сүйемелдеу

Үлестірмелі


карточкалар

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Бесік жыры»
(муз. И. Нүсіпбаев, сөзі С. Жиенбаев).
Әнде не туралы айтылғанын, алған әсерлерін сұрау. Балаларға
«бесік жыры» туралы мәлімет беріңіз. Балалардан бұл ән күннің қай
мезгілінде орындалатынын сұрау.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «аққу» (Сүгір). Әуенді асықпай,
төменнен жоғары қарай әндету. Әуенді «га-га» буынында орындау.
Дауысты ашық «а» дыбысын дөңгелете айтуға жаттықтыру.
(Т, Ж) Ән айту: «Әже тілегі»
(муз. мен сөзі Т. Қоңыратбай).
Педагог әнді сүйемелдеумен орындап, балаларға мәтінін қайталатып
үйретеді.
Ән кім туралы айтылып отырғанын естеріне салып, сезіммен айтуды
ұсынады.
Ән айту барысында сүйемелсіз балаларға қайталатып, есту қабілетін
тексеріңіз.
(Т) аспапта ойнау: «Қандай аспап?»(муз. Б. Дәлденбай).
Балалар музыка аспаптарының тембрі (бояуы) арқылы қай аспап
ойналып жатқанын ажыратады.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Сенің отбасыңда қандай отбасылық мерекені атап өтеді?
«Өнерлі отбасы» атану үшін отбасы мүшелеріне қандай сыйлық заттар
ұсынар едің?
Бесік жырының әуені қандай? Дауыс биіктігі қандай? Жоғары ма
әлде төмен бе? Суреттегі қай жануардың дауыс биіктігі, ырғағы бесік
жырының әуеніне ұқсайды?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы:
Ән кімдер туралы? Анаң мен әкеңнің анасын қалай атайсың?
Өз отбасың туралы әңгімеле. Суретті мұқият қарап, әженің киімдерін
сипатта.
Әженің қамзолын әшекейлеуге көмектес. Ою-өрнекті боя.
Музыкалық аспаптарды ата. Ұрмалы аспаптарды қызыл түспен,
ал ішекті аспаптарды көк түспен қоршап көрсе

«Бесік жыры» әні
Аспаптың
сүйемелдеуімен
«Әже тілегі» әні
Сылдырмақ,
даңғыра,
ысқырық аспаптары

Әліппе-дәптермен


жұмыс жасау
үшін түрлі-түсті
қарындаштар



IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№21-22

Тақырыбы: «Анашым – мақтанышым»

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.1. Таныс әндерді қарапайым әуендерден ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүймелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Таныс әндерді қарапайым әндерден ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Ән сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Сүйікті әндері туралы өз ойларын әңгімелей алады.
Әннің көңіл күйін жеткізе алады.
Көптілділік: ана – мама – mother.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Музыкалық шығарма, әуен, ән, музыка.
Пікір алмасу сұрақтары:
Композитор деген кім?
Ән айтқанды ұнатасың ба?
Ән әуеніне сай қандай қимылдар жасар едің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өткен сабақта үйренген әндерін қайталайды, сол әуенге сәйкес би қимылдарын жасайды.
Өз шығармашылықтарын көрсетеді

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Балалармен амандасу. Өткен сабақта не өткенімізді қайталап, еске түсіру.
Қандай музыка тыңдағанымызды және ол не туралы екенін баяндау.
– Әлемдегі ең қымбат жан кім деп ойлайсыңдар?
Суреттен түрлі мамандықтарды көрсетіп, ана – аспаз, ана – дәрігер, ана –
ұстаз, ана – күтуші екенін түсіндіру.
– Ананың аялы алақаны сендерді әрқашан қорғап, қолдап отырады. Бүгінгі
тақырыбымыз сол аяулы аналар жайында болмақ

Аналардың
суреттері, түрлі
мамандықта
жүрген
аналардың
суреттері

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Жан анам» (муз. О. Пелевина, сөзі Г. Құрымбаева).
Тыңдаған әннің кім туралы екенін, қандай көңіл күйде жазылғанын сұрау,
әңгімелеу. Өз аналары туралы балалардың пікірлерін тыңдау.
Музыканың сипатын сөз ету.
(Т, Ж)Дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди» халық әні. Бұл ән ұйықтар
алдында айтылатындықтан әнді айғайламай, байыппен, баяу айту қажет.
(Т, Ж) Ән айту: «Ақ мамам» (муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева).
Әнді педагог өзі орындап, балалардан сұрақ-жауап алады. Әннің кім
туралы айтылғанын, қандай көңіл күйде орындалатынын (көңілді,
көңілсіз, баяу, жүрдек) әңгімелеу. Әннің мәтінін қайталап, әуенге қосылып
айту. Балалар мәтінді анық айтуын, бір-бірін тыңдай отырып әндетуін
қадаға лау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Сылдырмақты серуен»
(муз. Ж. Тезекбаев).
Музыка әуеніне ілесіп сылдырмақтың көмегімен ырғақты қимылдар жасау.
Балалардың ырғаққа дұрыс ілесіп орындауларын қадағалау. Әуенге ілесіп
мәнерлі қимылдар келтіру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Анаң сені қалай
еркелетеді? Сен анаңа қандай тілек айтар едің? Сүйікті анаңа сыйлайтын
гүлдердің суретін салып, боя
Бубеннің дауысы қандай? Ол қандай аспаптың түріне жатады (ұрмалы,
ішекті)? Суретке мұқият қара. Тасбақа, қоян, қасқырдың жылдамдықтары
әртүрлі. Бубенге қайсысы тез жетеді?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы: Әннің ырғағы, көңіл күйі қандай? Қандай
әсерге бөлендің? Бұл әннің сипаты берілген қай суретке сәйкес келеді?
Таңдаған суретіңді өзің қалаған түстермен боя.
Аналар мерекесінде өз анаңа не сыйлар едің? Әдемі моншақ сыйлағың келе
ме? Әртүрлі түстермен моншақтарды боя. «Жан анам» әнінің ырғағына
сәйкес келетін сызықтар үлгісін қызыл түспен бастыр

«Жан анам» ән

«Әлди-әлди»


халық әні
«Ақ мамам» ән
Сылдырмақ-тармен музыка
әуеніне ілесіп
қимылдар
жасау
Әліппе-дәптермен
жұмыс жасау
үшін түрлі түсті қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№23-24

Тақырыбы: «Туған күнді тойлаймыз»

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.2.2. Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер)
ажырат у.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар
орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата
алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән
сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:Достары туралы, өздері туралы әңгімелей алады.
«Достар» мен «достық» сөзінің айырмашылықтарын ұғынады.
Көптілділік: туған күн – день рождения – birthday.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ырғақ, әуен, музыкалық дыбыс.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыка тыңдай отырып оны қалай сипаттар едің?
Ән мазмұны не туралы?
Достар туралы ән қалай орындалуы керек деп ойлайсың?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өткен сабақта айтқан әндері мен тыңдаған музыкалары жайында әңгімелейді.
Қандай қимыл-қозғалыс жасағандарын естеріне алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. Марш ырғағы арқылы аяқты нық басып
жүруді ұсыну. Жеңіл музыка әуенімен аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру.
– Балалар, сендер әрқайсыларың әр кезде дүниеге келдіңдер,
сол күнді «туған күн» дейді.
Сендер әрбір туған күндеріңде бір жасқа үлкейесіңдер.
Сендердің ата-аналарың жыл сайын «Міне, азамат болдың» деп
қуанады. Сол туралы ән тыңдайық.

Тақырып бойынша
суреттер

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Міне, үлкен азамат»
(муз. С. Жанғабылов, сөзі С. Мәуленов).
Балалардан тыңдаған әннен алған әсерлерін сұрау. Мазмұнын
әңгімелеу, қандай көңіл күйде айтылғанын ажырату.
Әннің сипаты туралы түсінік беру (көңілді, көңілсіз, мұңды,
салтанатты, ойнақы т.б.)
Балаларға жеке әншінің, дирижердің, оркестрдің суреттерін көрсетіп,
таныстыру.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Ботақан»
(муз. К. Қуатбаев, сөзі Д. Мүсіров)
Әуенді асықпай, әндетіп айту. Диапазоны өте аумақты
болмағандықтан бірнеше тональдылықта қайталауға болады.
(Т, Ж) Ән айту: «Бүгін туған күніміз»
(муз. И. Нүсіпбаев, сөзі Ә. Табылдиев).
Педагог әнді орындап, балалармен сұрақ-жауап жүргізеді. Музыканың
сипатын (ашық-жарқын, салтанатты, көңілді-көңілсіз) ажырату.
Туған күн туралы ойларын, бір-біріне тілейтін тілектерін ортаға салу,
әңгімелеу.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Буги-вуги»
(муз. А. Тани, сөзі А. Естенов).
Музыка ырғағымен қолды, аяқты қимылдатып, әндете қозғалу.
Әуенге ілесіп мәнерлі қозғалыстар жасау. Көңілді әуен үнімен өз
беттерінше ойдан шығарып би қимылдарын жасауға бағыт беру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Сенің туған күнің жылдың қай мезгілінде? Сен неше жастасың?
Туған күніңе сыйлаған торттың суретін боя.
Ұлдар қыздарды биге шақырады. Киген киімдеріне сәйкес сыңарларын
табуға көмектес. Қай жұп қандай биге лайықты деп ойлайсың?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Әннің мазмұнын түсініп, суреттегі көріністі достарыңмен бірге
әңгімеле. Қай баланың іс-әрекеті дұрыс емес?
Қандай мамандық иелерін білесің? Суреттер арасынан музыкаға
байланысты мамандықтарды тауып, ата, қоршап көрсе

«Міне, үлкен
азамат» әні

Жеке әншінің,


дирижердің,
оркестрдің
суреттері

«Ботақан» әні


«Бүгін туған


күніміз» әні
«Буги-вуги» әні

Әліппе-дәптер



IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№25-26

Тақырыбы: « Менің сүйікті достарым»

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне
сүйеніп таза айта алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Таныс әндердің не туралы екенін айта алады.
Әннің көңіл күйін, әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді.
Көптілділік: дос – друг – friend.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Таныс әуен, қарапайым әуен, сүйемелдеумен, сүйемелсіз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыка әуеніне ілесіп қимыл жасағанды ұнатасың ба?
Саған қандай әндер ұнайды?
Музыка тыңдағанды ұнатасың ба?
Көбіне қандай музыкалар тыңдайсың?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өткен сабақта әннің не және кім туралы айтылғанын естеріне түсіреді.
Балалар тыңдаған музыкалары жайында өздерінің пікірлерін ортаға салады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка
ойналғанда жеңіл жүгіреді. Шаттық шеңберін жасап, алақандарын
тигізіп, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
Қуаныш сұрақ қояды:
Дос деген кім?
– Балалар, сендер бір-біріңмен доссыңдар ма? «Достық» пен «дос»
туралы білгендерің дұрыс. Достық – араларыңдағы татулық, дос –
жаныңдағы бірге ойнап жүрген бала. Жаныңда жақын достарың мен
айналаңда ата-аналарың болған кезде нағыз бақытты баласыңдар

Жүздері бал-бұл
жанған бақытты
балалардың
суреттері

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Балалардың бақыты»
(муз. Б. Әлімжан, сөзі С. Мәуленов).
Әнді тыңдай отырып мазмұны не туралы екенін сұрау. «Бақыт» деген
сөздің айналасында балалармен пікірталас жүргізу.
Сендер өздеріңді қай кезде бақытты санайсыңдар?
Ән көңілді ме әлде көңілсіз бе?
Қандай екпінде айтылып отыр?
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Телқоңыр» (Сүгір).
«Телқоңыр» күйінің негізгі әуенін «да» буынында орындау.
Жақ сүйектері еркін қимылдайды, ауызды кең, дөңгелете ашады.
(Т, Ж) Ән айту: «Достасайық бәріміз». (сөзі мен муз. жазған Т. Бейсембек)
Педагог әнді таныстырып болған соң, әнде не туралы айтылғанын
әңгімелейді. Достық туралы, достары туралы балалар ойларын ортаға
салады.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Соқыртеке»
(муз. А. Тани, сөзі А. Естенов).
Әуен мен мәтінді дұрыс айта жүріп қимылдар жасау.
Балалардың қалауы бойынша импровизация жасау, өңдеу, әрлеу.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Сенің досың кім?
Достарыңмен қалай ойнайсың?
Достарың туралы әңгімеле.
Өзің таңдаған түстермен шарларды боя.
Бұл суреттен не көріп тұрсың? Тату достардың іс-әрекеттерін
әңгімелеп бер.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннің көңіл күйі,
ырғағы қандай? Ән не туралы? Суреттегі баланың қай түрі әннің
сипатына сәйкес келеді? Дөңгелекті бояп белгіле.
Бұлбұл әдемі ән салады. Оның дауысы жіңішке, жоғары. Ал аюдың
даусы жуан және төмен.
Оларды дауыстарына лайықты түбірлердің қайсысына отырғызар едің?
Сызықты қосып көрсет.
Мәнерлі би қимылдарын жасау үшін кімге қандай аяқкиім сәйкес келеді?

«Балалардың
бақыты» әні

«Телқоңыр» күйі


«Достасайық
бәріміз» әні

«Соқыртеке» әні


Әліппе-дәптер





IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:___________________________


№27-28

Тақырыбы: «Табиғат тамшылары»

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.6. Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын
сипат тау.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын
сипаттай алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән
сала алады.
кейбір балалар:
Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында жеке және ансамбльде күрделі
емес ырғақтық суреттерді ойнай алады.



Тілдік мақсаттар

Балалар:
Табиғаттағы құбылыстарды әңгімелей алады.
Музыканы ести отырып қиялдарынан туған ертегілерді әңгімелей алады.
Көптілділік: көңіл күй – настроение – mood.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тамшылар, ансамбль, оркестр, металлофон.
Пікір алмасу сұрақтары:
Сендерге табиғаттың қандай құбылыстары ұнайды?
Оркестрде сендерге қандай аспапта ойнаған ұнайды?
Жауынның қандай түрлерін білесіңдер (ақ жауын, нөсер жауын)?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Өткен сабақта біз қандай әндер айттық, қандай музыка тыңдадық?
Сендерге қандай тақырыпқа айтылған әндер немесе музыкалар көбірек ұнайды?
Ұнайтын әндерінен үзінділер айту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Шаттық шеңберіне тұру.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, жер-ана!
Қайырлы таң, мектебім!
Қайырлы таң, достарым!
Көңілді әуенмен сабақты бастау.
– Біздің айналамызды не қоршап тұр? Әрине, табиғат. Табиғатта түрлі
құбылыстар болады, жел соғады, жауын жауады, қар жауады, күн
шығады. Бүгінгі сабағымыз сол табиғат құбылыстарына арналады.
Жаңбырдың қандай пайдасы бар? Жаңбырдың да бірнеше түрі болады.
«Ақ жауын», «нөсер жауын». Ақ жауын – жайлап ұзақ жауады, кейде
апталап жауады. Нөсер жауын қатты құйып жауады, бірақ тез бітеді

Ауа райындағы
табиғат
құбылыстарын
бейнелейтін
(жаңбыр, қар
жауып тұрған, жеке
тамшылардың)
суреттері.

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Тамшылар» (муз. мен сөзі Л. Мұқашева).
Балалардан әннің не жайында екенін сұрау. Әуен қалай орындалды,
қандай екпінде, қандай көңіл күйде? Тамшы қайдан пайда болады?
Балалардың пікірін тыңдау.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Қосалқа» (Дәулеткерей).
Күйдің үзіндісін «ля» буынында орындау. Ауызды кеңірек ашып, еркін
тыныс алуға үйрету. Дыбыстарды таза, ашық емес, дөңгелете айтуға
көңіл бөлу.
(Т, Ж) Ән айту: «Ақ жауын» (муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева).
Әнді педагог орындап, балалардан әннің мазмұнын сұрайды.
Жауын жылдың қай мезгілінде көбірек жауады?
«Ақ жауын» деп қандай жауынды айтамыз?
Ән қандай көңіл күйде айтылып отыр?
Әннің сөздерін қайталату, анық, таза айтуларын қадағалау.
(Т, Ж) аспапта ойнау: «Тамшылар»
(румын халық әні, өңдеген Т. Попатенко).
Металлофонда ойнау. Алдымен педагог ойнап көрсетіп, балалардың
өздеріне ойнауға мүмкіндік беру. Ырғақты жақсы ұстайтын балалардан
алғашқы топ құрып, келесі сабаққа қалған балаларды қамтуға болады.
Балалар ойнауды игерген соң, фортепианоның сүйемелдеуімен
орындауға болады.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнді тыңдағанда
көз алдыңа не елестеттің? Әннің сипатын әңгімелеп бер. Суреттегі
бұлт пен күннің қайсысының көңіл күйі әннің мазмұнына сай келеді?
Қандай түстерді таңдар едің? Жаңбыр жауғанда қалай қорғанасың?
Қолшатырдың суретін аяқтап салып, боя.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Ақ жауын жылдың қай мезгілінде жауады? Тағы қандай жауын
түрлерін білесің?
Кемпірқосақ пен даланы өзің қалаған түстермен боя.
Табиғаттың қандай құбылыстарын білесің?
«Ақ жауын» әнінің көңіл күйі суреттегі қай құбылысқа сай келеді деп
ойлайсың?

«Тамшылар» әні

«Қосалқа» күйі


«Ақ жауын» ән
«Тамшылар» әні

Металлофондар

Әліппе-дәпте


IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№29-30

Тақырыбы: « Айнала ақша қар »

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп
ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыкалық аспаптарда (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және топпен күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Музыкалық шығармалардың қарапайым формаларын, яғни кіріспесі мен қайырмасын
ажырата алады. Қарапайым әуендерді сүйемелдеумен таза айта алады.
көпшілік балалар:
Балаларға арналған ұрмалы музыкалық аспаптарда жеке күрделі емес ырғақты суреттерді ойнай алады.
кейбір балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілеттеріне сүйеніп ән сала алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Айнала қоршаған орта туралы әңгімелей алады.
Толық жауап беруге дағдыланады, пікірталасқа атсалысады.
Көптілділік: қар – снег – snow.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ырғақ, кіріспе, қайырма, ансамбль, жай және жылдам, асықпай, тез.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыкада жылдамдықтар әртүрлі болады, неліктен деп ойлайсың?
Музыканы тыңдай отырып не елестетесің?
Қыс мезгілі саған ұнай ма?
Қыста ойналатын қандай ойындарды білесің?
Сырғанақта ойнаған саған ұнай ма?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Балалар өткен сабақтарда айтқан өлеңдерінен қысқаша попурри айтады.
Попурриді кезектесіп, бірі аяқтаса, екіншісі жалғастырып кетуі тиіс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Балалармен әндетіп амандасу. Өткен сабақтағы материалдарды еске
түсіріп, үзінділер айту. «Қандай музыка тыңдадық?» деген сұрақтарға толық жауап талап ету.
Табиғатта неше түрлі құбылыстар болатынын білеміз.
Қазір жылдың қандай мезгілі, бұл кезде қандай құбылыстар болады,
не жауады? Қыста қандай ойындарды көп ойнайсыңдар?
Әрине, шанамен сырғанақ тебесіңдер, аққала соғасыңдар, міне, бүгінгі сабағымыз осы тақырыптың айналасында өтеді.

Қыста көңілді
балалардың
сырғанақ теуіп
жүрген, аққала
жасап жүрген
суреттері

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Сырғанақ» (муз. Ө. Байділдаев, сөзі Ә. Тәжібаев).
Әннің мазмұнын, алған әсерлерін, көңіл күйін сұрау.
Әннің қайырмасы қайсы, кіріспесі қайсы екенін ажыратуға үйрету.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Жоғары шығамыз, төмен түсеміз».
Әуенді дауыс ырғағымен, дауысқа қатты күш түсірмей орындау.
(Т, Ж) Ән айту: «Зырлайды шанамыз»
(муз. М. Маңғытаев, сөзі Қ. Ыдырысов).
Әнді тыңдап, мәтініне көңіл аудару.
Әннің көңіл күйін, жылдамдығын, ырғағын ажырату.
Ән айту кезінде ережелерді еске түсіру, әннің сөзін таза айту, бірін-бірі
тыңдап, үндесіп айтуға машықтандыру.
(Т) аспапта ойнау: «Музыкалық аспаптарға арналған этюд»
(муз. Ф. Госсек).
Ұрмалы аспаптарда ырғақты сақтай отырып педагогтің
сүйемелдеуімен ансамбльде ойнау.
Балалардың есту қабілеттерін дамыту, ырғақты (ритм) дұрыс ұстай
алмаған балалармен жеке жұмыс жасау.
Ұлттық ойын «Ормандағы аю».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Әннің екпіні, ырғағы қандай? Әнді тыңдап, суретке қарап әңгіме
құрастыр.
Берілген суреттерден ән мазмұнына сәйкес суретті таңда.
Суреттегі екі аққаланың қандай айырмашылықтары бар?
Екінші аққалаға не жетіспейді? Суретті аяқта.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Қыста көңілді, қызық
ойындар өте көп. Мынау сурет саған таныс қандай әннің мазмұнына
сәйкес келеді?
Қысқы ойындарға арналған заттарды қоршап белгіле.

«Сырғанақ» ән
«Зырлайды
шанамыз» әні
«Музыкалық
аспаптарға
арналған этюд»
Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар


Бекітемін:___________________________


№31-32

Тақырыбы: «Мәңгі жасыл шыршалар »

Мектеп:№278

күні:

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Өздеріне таныс музыкалық шығармалардың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ән сала алады

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Жалпы музыкалық шығармалардың көңіл күйін, мазмұнын әңгімелей алады.
Өз ойларын жеткізе алады.
Көптілділік: шырша – елка – conifer tree.
негізі терминдер мен сөз тіркестері:
Салтанатты, қуанышты, мұңды, вальс.
Пікір алмасу сұрақтары:
Орманшы туралы не айта аласың?
Әннің қай бөліктері жақсы шықты?
Музыка тыңдай отырып осы музыкаға қандай қимыл жасар едің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Қандай музыкалық аспаптарда, қандай әуен ойнағанын, қандай қимылдар жасағанын еске түсіреді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Балалармен әндетіп амандасу. Өткен сабақтағы айтқан әндерді еске
түсіріп, әуенімен қайталау. Музыка тыңдағанда не естерінде қалғанын әңгімелеп жеткізу. Басқа қандай бөлімдерде жұмыс жасағанымызды еске түсіріп қайталау
Бізде қыс мезгілінде болатын қандай мерекені білесіңдер? Ол мерекеде кімдер келеді, не әкеледі? Шыршалар қандай түсте болады және түсі өзгере ме? Шырша қайда өседі?
Бүгін біз мәңгі жасыл шыршалар туралы, шырша өсетін орман туралы, орманды қарайтын орманшы туралы сабағымызды жалғастырамыз.

Орманның,
ормандағы
мәңгі жасыл
шыршалардың
суреттер

ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Орманшы»
(муз. Т. Қоңыратбай, сөзі Б. Әбдіразақов).
Балалар тыңдаған әннің мазмұны, көңіл күйі туралы әңгімелеуі керек.
Әннің әуенінен алған әсерлерін жеткізуін талап етіңіз (көңілді, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды).
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Аққу» (Сүгір).
Әуенді асықпай, төменнен жоғары қарай әндету.
Әуенді «га-га» буынында орындау.
Дауысты ашық «а» дыбысында емес, дөңгелете айтуға жаттықтыру.
(Т, Ж) Ән айту: «Жасыл шырша» (муз. К. Қуатбаев, сөзі К. Шалқаров).
Балалармен ән жылдың қай мезгілінде орындалатыны туралы
әңгімелесу. Балалар жыл мезгілдері, ондағы мерекелер, мерекеге
байланысты кейіпкерлер туралы пікірлерін жеткізеді.
Педагог әуенді орындап, балалар мәтінін қайталап, әуенге қосылып
үйренеді.
(Т, Ж) Музыкалы-ырғақтық қозғалыс: «Конькишілер вальсі»
(муз. Ю. Слонов). Музыка әуеніне қосылып, ырғақты ұстай отырып
мәнерлі қимыл жасауға талпындыру. Мұз үстінде қалықтап жүретін
конькишілерге еліктеп сырғанай қимыл жасау.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннің ырғағы мен
қарқыны қандай? Берілген сызбаның қай түрі әннің қозғалысын
дәл көрсетеді? Әннің мазмұнына қай сурет лайықты деп ойлайсың?
Дөңгелекті бояп белгіле.
Қандай музыка ырғақтарын білесің? Бірге есімізге түсірейік (марш
екпінінде, секіртпелі – тез, жай – созылмалы).
Суреттегі сызықтар музыканың қай жанрына сәйкес деп ойлайсың?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Шыршамен байланысты мереке қалай аталады?
Шырша туралы тақпақ білесің бе?
Шырша ойыншықтарын өзің қалаған түстермен бояп, безендір.
Жаңа жыл мерекесінде барлық бала асыға күтетін кейіпкер кім?

«Орманшы»
(муз. Т. Қоңыратбай, сөзі Б. Әбдіразақов).
«Аққу» (Сүгір).
«Конькишілер вальсі»
Әліппе-дәптер



IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:___________________________


№33-34



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет