Тарихи поэмалардағы шындық пен көркем шындық мәселесін ажыратыңыз.
Әдеби-теориялық және эстетикалық сананың даму барысында өнердің әр дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін «көркем қиял және көркемдік болжам» атты екі теориялық категория қалыптасты. Өнертанушы мамандар қиялды суреттердің нақты шындықты қаз-қалпында, өмірді дәл өмірдегідей суреттеуден ауытқу құралы деп ұғынады. Тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тәсілін болжау деп таниды. Тарихи романдар жөніндегі зерттеулердің қомақты тізіміне көз салсақ, шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне соқпай өтетіні жоқ. Бұл жұмыстарды «қиял мен болжалдың» жалпы теориясы оның әдебиеттегі ролі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы қызметін анықтауға талпыныс жасады. Тарихи факт – ол біздің санамыздан тыс өмір сүретін және өзіне ғана тән белгілі мазмұны бар объективті шындық. Көркем шығармалардағы тарихи деректермен көремдік шеберліктің жігін ажырату ежелден келе жатқан және болашақта да жалғаса беретін шексіз, қызық та, күрделі мәңгілік проблема. Тарихи шығармадағы тарихилық пен көркемдіктің ара қатынасы, айналып келгенде жазушының шеберлік қырын ашады.«Көшпенділер» типологиясының да тұтас табиғатына осы тұрғыдан көз салсақ, небір қызғылықты мәселелердің бас көтеретініне көз жеткіземіз. Трилогияның қамтыған кезеңі бірер жыл немесе белгілі бір тарихи кезең, әлде тұтас дәуір емес, қазақ халқының қалыптасуынан бастап, қабырғалы ел болғанға дейінгі небір қиын-қыстау уақыттардың тоғысынан құрастырған әлденеше ғасырға созылды. Сондықтан да, бұл кезеңдерге қатысты тарихи деректер, фактілер мен документтер ауызекі мағлұматтар өте мол. «Көшпенділер» трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар басты қаһармандар тарихта болған, автор оның барлығын тарихи деректерден алған. Сондықтан тарихи шығарма табиғатынан көркем қиялдан гөрі көркемдік болжалдың салмағы басым. Әр кезеңдегі трихи деректермен мағлұматтарды, ғалымдар еңбектерін барынша тереңдей зерттегені шығарма табиғатынан айқын аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |