Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар-Қ.Бұғыбаева шығармашылығын талдаңыз



бет20/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар-Қ.Бұғыбаева шығармашылығын талдаңыз

Қанипа Бұғыбаева (1942–2004) - 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1963; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Қара торғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Ару ана. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1973; Ана жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Жыр және жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Қыз дәурен. Өлеңдер.А., «Жазушы», 1979; Менің дауысым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Гүлдер көзін ашқанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Домбыра дәурен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қоңыр жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Шұғылалы шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қоштасқым келмейді. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1995; Құс жолы. Өлеңдер. А., «Шартарап», 2001.


    1. Б.Нұржекеұлы «Құпия махаббат» әңгімесіндегі психологизм мәселесі

Бексұлтан Нұржекеұлы есімі қазақ мәдениетінің көш басында көрініп жүрген атақты қаламгер десек, артық айтпағандығымыз. Қазақ қоғамында бұрын да әйел мен ердің арасындағы қарым-қатынас, махаббат, құпия сезім иірімдеріне қатысты талғам-түсініктері, көзқарастары биік мо¬раль¬¬дық-этикалық тұрғыдан әспеттел¬ген. Мұ¬ны біз ауыз әдебиетінен бастап, мବқал-мәтелдер, кейінгі жазба әдебиет, клас¬сик жазушыларымыздың көркем дүниелеріндегі құндылықтар арқылы танып білдік. Бұл ретте әйел мен еркек арасындағы қатынас табиғи киелі қасиет деп, сүйіспеншіліктің жан рахаты мен тән рахатын ашық-шашық көрсетпесе де, оқушы сезіміне ләззат аларлықтай әсерін терең жеткізеді. Б.Нұржекеұлының махаббат, әйелдер тақырыбындағы сюжеттерінің арғы төркіні жалпы қазақ әйелдерінің жан дүниесіндегі аяулы сезім құпиялары, кейіпкерлердің өз ойлары, сөздерімен баяндалады. Қаламгердің әңгімелері тартымды, әрі қызықты, әрі әдемі болып шығуына кемел суреткердің нұрлы жан-шуағы мейілінше асқақтыққа ие болған. Мәселен, «Қырғыз келіншек», «Екі қырсық», «Күю», «Өш алудан өршіген әдет», «Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезімі», «Құпия махаббат» тағы басқа туындылары уақыт пен заман шындығына суырылып, әйелдердің бір қалыпқа сыймайтын қилы тағдыры арқылы сендіре бейнеленеді. Әңгімелердің барлығы да махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін қай¬таламайтын соны дүниелер




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет