3.Д.Әбілевтің «Махаббат құдіреті»повесінде қазіргі уақыттың шындық сырлары қалай көрсетілген. емтихан билеті № ___16____ 1.Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар- А.Бақтыгереева шығармашылығын талдаңыз. Қанипа Бұғыбаева (1942–2004) - 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1963; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Қара торғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Ару ана. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1973; Ана жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Жыр және жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Қыз дәурен. Өлеңдер.А., «Жазушы», 1979; Менің дауысым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Гүлдер көзін ашқанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Домбыра дәурен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қоңыр жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Шұғылалы шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қоштасқым келмейді. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1995; Құс жолы. Өлеңдер. А., «Шартарап», 2001.
2.Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» пьесасындағы саяси мәселелер туралы айтыңыз. Негізі тарихи болған оқиға негізінде жазылған шығарма, 1932 ж. 4 шілдеде Сталинге, Голощекинге Ғ.Мүсірепов бастаған қазақ зиялыларының жолдаған хаты. Хат мазмұнында коллективтендірудің қате саясат екенін баяндап, қазақ халқының ашаршылықтан тартқан зардабын, одан құтылу жолдарын көрсеткен Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар: 1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов. 2. Ал ендi Ғабеңмен бiрге хат мәтiнiн әзiрлеген Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ кiм едi? 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Тайбұрат деген жерiнде дүниеге келген ол 1923 жылы Орынбордың рабфагында жазушы Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Бейiмбет Майлиндермен бiрге оқыған. Содан кейiн Мәскеудегi Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, елде түрлi салада басшылық қызметтер атқарған Мұташ Дәулетқалиев хат жазылған тұста КомВУЗ-дың (кейiннен жоғары партия мектебi болған) ректоры қызметiнде болған екен. Голощекин қанша тiсiн қайраса да, олардың көзiн жойып жiберуге құдiретi жетпей, тек “оппортунистер” деп қудалауға ұшыратады. Сол себептi Мұташ ағамыз Арал қаласы парткомының бiрiншi хатшысы қызметiне “жiберiледi”. Одан қайтадан Алматыға келiп, Қазақ өлкелiк комитетiндегi мәдениет бөлiмiн басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетiне хатшы боп кетедi. Әйтеуiр, 1935 жылы Қазақстаннан кетiп, «көзi жоғалғанша» Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұсталады…1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озған. 3. Үшiншi тұлға – сол тұста Қазақ мемлекеттiк баспасының меңгерушiсi қызметiн атқарған Мансұр ҒАТАУЛИН. Ол 1903 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы Нысамбай ауылында туылған. Сол тұстағы құрдастары секiлдi ол да алғаш ауылдағы шiркеу мектебiнен сауаттанып, содан соң бiлiмiн Астрахань гимназиясында жалғастырады. Алғай-Ембi темiржол құрылысын салуға атсалысқан Мансұрды уезд бөлiмi 1925 жылы Саратов малдәрiгерлiк институтына жiбередi. Бiрақ отбасын асырау iсi жалғыз өзiне қарап тұрғандықтан, ол оқуын тастап, «Еңбекшi қазақ», «Лениншiл жас» газеттерiне мақала жазумен айналысады. Содан кейiн саяси iстерге етене араласқан Мансұр Тиатұлы да халықтың басына төнген қасiретке қарсы тұруды азаматтық парызына баласа керек. «Бесеудiң хатынан» кейiнгi бұл кiсiнiң тағдыры 1937 жылғы репрессияға ұласады. Сонда ату жазасына кесiлiп бара жатқан жанкештi азамат жанындағы өзiнiң серiктерiн нұсқап: «Бұлардың еш жазығы жоқ. Мен – жаумын. Менi соттаңдар, жалғыз өзiмдi. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, мен – өз халқымның жауының жауымын. Мен ондай дертке 1932 жылы аштықтан әбден ашынып, көздерi қарауытқан, сөйтiп, адамға пышақ ала ұмтылған халқымды көргенде ұшырағанмын», – деп салады. Бұл оның соңғы сөзi едi. Осыдан кейiн Мансұр Ғатаулиндi атуға алып кетедi. 4. Есiмiн көпшiлiк бiле бермейтiн әрi дерегi де аз «бесеудiң» бiрi – Емберген АЛТЫНБЕКОВ. 1904 жылы туылған бұл азамат жайлы қолдағы бар дерек – оның 1925 жылы Коммунистiк партияға мүшелiкке қабылданып, ал хатты жазған кезде Мұташ Дәулетқалиев басқаратын Коммунистiк жоғары оқу орнында оқу iсi жөнiндегi проректор болғандығы жайлы ғана дерек. 5. Қадыр ҚУАНЫШЕВ 1906 жылы туылған. 1930 жылдан бастап Коммунистiк партияның мүшесi болған ол дәл сол тұста Қазақ АССР Мемлекеттiк жоспарлау комиссиясының энергетика секторының меңгерушiсi қызметiн атқарыпты.