Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Мұртазаның «Алапар мен Динго» әңгімесіндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын суреттеңіз



бет80/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
3.Мұртазаның «Алапар мен Динго» әңгімесіндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын суреттеңіз. Шерхан Мұртазадай қайраткерлік қызметін қалдырмай жүріп, том-том романдар жазған жазушылар тым сирек Әдебиет пен өнерде орын алған кеңестік кезеңді идеализациялау – ол кезде советтік өмір шындығын дәл көрсету, ал қолдан мінсіз еткен кейіпкерлер сол заманның қаһарманы деп бағаланды. Бірақ мұндай шығармалар жалпылдақ отынның жалыны құсап тез-ақ сөніп қалатын. Өйткені ондай туындылар кезекті партия съезінің шешімдерін ғана басты нысана етіп ұстайтын да, құбылып тұратын саясат толқыны тез-ақ көміп тастайтын. Мұны жақсы түсінген жас жазушы өз уа¬қытының тыңын жазса да, кенін жазса да, кейіпкер¬лері кезекті қаулыны емес, ата-баба рухын тірек етеді..“Алапар мен Динго” әңгімесі шығарманың екі басты кейіпкерлердің атымен аталған. Динго – австралиялық иттердің тұқымы. Ал Алапар — иттердің ергежейлісі, мәстек тұқымы. Шерхан Мұртазаның бұл әңгімесі жақсы мен жаманның, күшті мен әлсіздің тартысы, қазіргі замандағы адамдарда табылмай жатқан жанашырлық, бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерінің иттердің бойынан табылуы. Әңгіменің негізгі идеясы – адамгершілік қасиеттер заман өте жойылып бара жатса, адам баласының адал досына айналған иттің қасиеті нығайып келе жатқандығында. Қазіргі таңда, дүние уақыт өте келе қайтадан кірлене бастағанын жайында, зіл сияқты алыптар жойылып, піл сияқты ірілер азайғанын, адамдар мен аңдар ұсақталып жатқанын жеткізгісі келген.

емтихан билеті № ___56____



1.Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар-Қ.Бұғыбаева шығармашылығын талдаңыз Қанипа Бұғыбаева (1942–2004) - 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1963; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Қара торғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Ару ана. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1973; Ана жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Жыр және жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Қыз дәурен. Өлеңдер.А., «Жазушы», 1979; Менің дауысым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Гүлдер көзін ашқанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Домбыра дәурен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қоңыр жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Шұғылалы шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қоштасқым келмейді. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1995; Құс жолы. Өлеңдер. А., «Шартарап», 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет