Байланысты: Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org
2. Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік мәселе туралы айтыңыз.
3. Е. Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі қоғамдық сананың көркем бейнеленуін көрсетіңіз.Жылы төсек, дайын ас, жайлы өмір, әрі жеке шекара да баспанаңда болады. Мейлі, көлемі үлкен немесе кіші болсын, «өз үйім – өлең төсегім». Меніңше, қазір заманның дамуына байланысты баспаналы болу немесе пәтер жалдау оңай. 90-жылдарда әр азаматта мұндай мүмкіндік болған жоқ. Осыдан 15-20 жыл бұрын еліміздің азаматтарына баспана сатып алу, тіпті пәтер жалдап тұру өте ауыр болды. Салыстырмалы түрде зерттесек, қазір жаңадан үй алып жатқан тұрғындар сол заманның адамдары немесе олардың балалары. Демек, неліктен қазір баспана ісінің жұмысы жеңіл шаруаға айналды? Біріншіден, 90-жылдар еліміз егенмендігін енді алып, есін жия бастаған кезең. 20 жылдай тоқырау көрген халық көпшілікке сенуден қалды. Жалға беретін қожайынның талаптары жоғары болды. Жас жұбайлар болса, балалары болмауын, қыздар болса, биік өкше кимеуін, ер адам болса, темекі шекпеуін, ішпеуін талап ететін болған. Мұндай мысалдарды біз Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінен көре аламыз. Кішкентай, жағдайы жоқ лашықтың өзіне жоғары төлем сұрайды. Айтар ой-түйінім, қазір қожайынның басты талабы – үй іші таза болып, ақысын уақытылы алып отыру.Екіншіден, қазір үкімет халық үшін көп мүмкіндік, жағдай жасап жатыр. Мысалы, жас отбасыларға, жалғызбасты аналар мен әкелерге, мүгедек адамдарға үкіметтің қолдауы арқылы жеңілдікпен баспаналы болуға болады. Сондай-ақ «Отбасы» банкінен депозит ашып, үйдің бастапқы жарнасын жинауға болады. Депозитті тіпті балаға ашып қойса да болады екен. Үшіншіден, бүгінде жаңа буын баспана мәселесіне көп бас қатыра бермейді. Себебі олардың пікірінше, үй алған соң сол жерде тұрақтап қалады. Ал олар ел-жер көріп, саяхаттап, әлемді аралағысы келеді. Тіпті қалталы адамдардың өзіне шетелдегідей пәтер жалдап тұруы өте ыңғайлы. Сондықтан пәтер жалдау бұрынғыдай нашар тұрмысты көрсетпесе керек.Баспана мәселесі – әр адамның жеке мәселесі. Оны алу немесе жалдау – әркімнің еркі. Заманның, сананың дамуына байланысты XXI ғасырда пәтер алу оңай іс. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».