Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет44/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № __29_____
1. Ш. Мұртаза әңгімелеріндегі ұлттық характер көрінісін сипаттаңыз.
Ш. Мұртаза әңгімелеріндегі ұлттық характер- Шерхан Мұртаза қазақ қоғамы құрылымының ең негізгі сатысы, бастапқы ұясы – отбасы беріктігін, ер-азамат рухының биік болуын жырлайды. Шерханның да көлемді, күрделі шығармаларында алтын арқау болып отыратын үш желі бар. Оның біріншісі – туған жер табиғаты, екіншісі – ата-баба рухы, үшіншісі – шығарманың негізгі сюжеті, яғни кейіпкерінің басынан өтіп жатқан оқиғалар тізбегі. Ш.Мұртазаның басты туындыларының бірі «Қызыл жебе» – бес кітаптан тұратын роман-эпопея. Роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктері оның мынадай сипаттарынан байқалады: роман-эпопеяда а) саяси-әлеумет тік қайшылықтарға толы, сұрапыл өзгерістер мен төңкерістер орын алған бүкіл бір дәуірдің шындығы көркем жинақталған, ә) бүкіл бір дәуір бойы қоғамды, мемлекетті билеп-төстеген әлеуметтік күштердің үдерісі мен күресі бейнеленген, б) ұлт тағдырындағы, халық өміріндегі кезеңді құбылыстар мен тұрмыстық болмыс тығыз бірлікте суреттелген. Қызыл жебеде» Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі толық қамтылғанмен, оны өмірбаяндық шығарма деп қабылдауға болмайды. Өйткені роман-эпопеяда тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі арқылы халық бейнесі, тұтас бір елдің өмір-тарихы аясында бүкіл бір дәуірдің аса ірі саяси-әлеуметтік шындық оқиғалары көрініс тапқан. Сондықтан «Қызыл жебенің» негізгі қаһарманы – халық. «Қызыл жебеде» суреттелген шындық – халық өмірінің шындығы. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясының негізгі тақырыбы – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өмірінде болған саяси-әлеуметтік өзгерістер мен төңкерістер. Роман-эпопеяның негізгі идеясы – қазақ халқының саяси-әлеуметтік тәуелсіздігі. Бес кітап көлемінде суреттелетін өмір шындықтарының өзегінде үзілмей жалғасатын мынадай ойлардың желісі бар: а) қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы тағдыр-талайы туралы; ә) жеке тұлға болмысы туралы; б) қоғамдық сана сипаты туралы; в) мемлекеттік басқару жүйесі туралы. Роман-эпопеяның бес кітабының өзегінде үзілмей жалғасып жатқан осындай ойлар желісінде дараланатын мынадай бірнеше күрделі ұғымдар бар: а) қазақ халқының тарихи өткен дәуірдегі қайғы-қасіретке, азап-мехнатқа толы трагедиялық тағдыры туралы; ә) өмірі зая жеке тұлға туралы; б) қоғамдық сананың езілген, жаншылған қалпы туралы; в) тәуелсіз мемлекеті, тәуелсіз мемлекеттік басқару жүйесі жоқ елдің мүсәпір хәлі туралы. Осы ұғымдар тұтастығы негізінде автор ел-жұрттың бәріне бірдей қымбат ұлттық идеяны мынадай қырларынан көрсетеді: а) халықтың адал еңбегімен еркін, бейбіт өмір сүруіне қажетті жағдай жасау; ә) адам өмірін баянды ету жолында еңбектену; б) қоғамдық сананың жаңаруына, ұдайы жетілуіне жағдай жасау; в) мемлектеттің, мемлекеттік басқару жүйесінің тәуелсіздігіне жету. Қызыл жебе» – шын мен жалған, адал мен арам, жарық пен түнек, жақсылық пен жамандық, махаббат пен зұлымдық арасындағы бітіспес күрестің зардабын эпикалық кең құлашпен суреттеген роман-эпопея.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет