Байланысты: Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org
3. М. Мағауин әңгімелеріндегі кейіпкерлерге талдау. М.Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінің басты ерекшелігі сол, жазушы өзі сомдаған əр бейненің бойына ешкімге ұқсамайтын даралық қасиеттерді сыйғыза білген. Мейлі ол қоғамның бір мүшесі ғалым, студент, малшы болсын, мейлі шығарма кейіпкеріне айналған «өзі» болсын жоғарыда айтылған даралық қасиеттерімен ерекшеленеді. М.Мағауиннің кейіпкерлер галереясы шындық өмірдің қайнаған ортасынан шыққан өз заманының нақты адамдары бейнелерінен тұрады. Сол кейіпкерлер қатарын қарап отырсаңыз көңілі күдікті кемелді («Қылмыстағы» Алпамыс), көкейі күңгірт құмбылды («Екеудегі» жаңа қазақ), бар айласы бас пайдасынан аспайтын нəмартты «Күмбездегі» Білгір Бекен), надандығы нар жығатын көркеуде («Подоноктағы» Сілімтік) мен жақыны үшін жанын берген жанкештіні де көрер едіңіз.Көркем бейне жасаудағы жазушының тағы бір ерекшелігі оның түрлі көркемдік əдістерді қолдана білуінде. Мысалы, «Күмбез» əңгімесіндегі Білгір Бекеннің бейнесі бірде оның өз қимыл-əрекеті, сөйлеген сөзі, ойы арқылы беріліп отырса, бірде авторлық баяндау, енді бірде ауылдас-туыстың ішкі монологі, сөйлеген сөзі, Бекенге деген көзқарасы арқылы, енді бірде оның ата-бабасы туралы ел аузындағы аңыз ретінде беріледі.
емтихан билеті № ___51____
1.Махаббат тақырыбы, биік моральдық талап деңгейіне құрылған қазақ поэзиясына тоқтаңыз Тәуелсіздің жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған.Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған. Осы уақытта қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлауға тырысады.Әр жаңа уақыт әдебиетке өз тақырыбын ала келеді. Сөз өнерінің ежелден сіңісті тақырыптарына жаңа ырғақ, екпін қосады. Бірақ түп тамырымен өзгерте алмайды. Махаббат секілді мәңгілік тақырып әлемдік әдебиеттің барша кезеңінің, бар жанрының өзегі. “қыз, бозбала жиылмай, тойдың сәні келмейді” дейтіндей, махаббат боздақтарынсыз әдебиет сәні келмейді. Прозаның кесек жанрының “роман” аталуы оның асық жүректерді жырлайтын, ер әйелдің блекше жарастығын шертетін табиғатына мезгейді. “бұлардың арасында роман болған” деген тіркесті жиі естиміз. “махаббатсыз дүние бос”, - депті ұлы абай. Ғашық жүректердiңкүйдiм-жандымынсыз роман да бос. Махаббатсыз роман тұл. Жалынсыз бос сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің екінші жүйені ауыстыруына дөп келді. Өтпелі кезең халық бұқарасына оңайға соққан жоқ. Ел тұрмысы құлдырай төмендеді. Тұрмыс тауқыметін тарту рухани құндылықтардың арзандауымен тiркестi. Зинақорлық деген кінәрат етек ала бастады. Міне, осы қиын-қыстау кезеңде қазақ әдебиеті ежелгі қымбат рухи асыл мұраттарынан көз жазып қалған жоқ. Махаббаттың ақ туын желбіреткен жаңа романдар бірінен кейін бірі жарық көргені айтылғанға толық дәлел. Қай заманның материалына жазылса да, махаббат тақырыбы ар-инабат, биік моральдық талап деңгейiнберiк ұстанған бағытынан жазбады.