2.Т.Әбдіктің «Парасат майданы» повесінде қазіргі уақыттың шындық сырлары, адам әлемінің ішкі сырын талдаңыз «Парасат майданы» - жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдіковтің аталған философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз. Жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды. «Парасат майданындағы» тұлғаның екіге жарылуы, тұлға дихотомиясы, оның амалгамдық, амвивалентік күйі модернистік әдебиеттегі бар құбылыс. Мен осындай көркемдік құбылыспен қатар «Пасарат майданындағы» кейіпкер тұлғасының екіге жарылуынан трансгрессия құбылысында байқаймын. Шындықтың қат-қабат қатпарларын ашуда, оның рационалдық қана емес, иррационалистік болмысын танытуда реалистік суреттеулер шындықтың тар өрісті бір ғана қабатын алып олқы соғып жатады. Осы тұрғыда әлем суреткерлері шындықтың толық шырайын таныту үшін, шығармаларында экзицстенциалдық, мифопоэтикалық, сюрреалистік тәсілдерге жүгініп, шындық болмыстың бейсаналық, түйсік, ұғарлық сәттерін ішкі бір сана талпынысы, ұмтылысы (интенция) арқылы өрістеп жатады. Осы ұмтылыстың бірі - көркем әдебиеттегі трансгрессия.
3.Қ.Жұмаділов «Дарабоз» романындағы қазақ батырлардың сомдалуы Қ.Жұмаділов «Дарабоз» романындағы қазақ батырлардың сомдалуы- Қ.Жұмаділов өзінің екі кітаптан тұратын “Дарабоз” романында тарихта Қабанбай, Дарабоз есімдермен əйгілі болған Ерасыл батыр бейнесін сомдайды. Романда XVIII ғасырдағы тарихи-əлеуметтік жағдай, ішкі-сыртқы саясат, қазақ халқының ұлы жорықтары суреттеледі. Қ.Жұмаділов тарихи деректерге сүйене отырып, қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімін Қабанбай өміріне үңілу арқылы шебер суреттейді. Ал Қабанбай өмірін, ол өмір сүрген қоғам келбетін қазақтың ұлттық болмыс-бітімін айшықтап тұратын би-шешенсіз көрсету мүмкін емес. Қабанбай батырлығымен қатар бір дүйім жұртты аузына қаратқан шешен бейнесінде де, билік айтып, жау-жанжалды тоқтатқан би ретінде де көрініс тапқан. Ру арасындағы даудамайды шешу кезінде де, жаудан азат етілген жерлерді ру-руға бөліп беру кезінде де өзінің “тура би” екендігін дəлелдейді. Байырғы дəуірлерде қазақ даласында кісінің атақ-даңқын асқақтата шарықтататын санаулы ғана өнер болған. Оның бірі – соғыс ісін жүргізу өнері, екіншісі – билік, үшіншісі – сөз өнері” болса, жазушы Қ.Жұмаділов осы үш өнердің үшеуін Қабанбай бойына жинақтап, типтік дəрежеге жеткізген. Шығармада Қабанбай бойындағы үш өнерді өз бойына сіңіре білген тағы бір тұлға – Абылай. Бір-бірінен билікті қызғанып, халықты жанжаққа таратқан ел басшылары, басы ешқашан бірікпейтін бəтуасыз халықты қалай ымыра – бірлікте ұстасам, қалай басын қоссам деп, қазақ жерін талам-таражға салмай, сақтап қалсам деп жанталасқан ханның ішкі жан дүниесін, көңіл күйін жазушы еш боямасыз өзіндік тіл өрнектерімен ұтымды жеткізе білген. Абылай образының биік мəреге жетер тұсыжазушының “...Сіздің көзіңіз тірі тұрғанда, мен ұлы орда тағына ешқашан отырмаймын, хан аға! Сіз бұдан кейін де қазақ ордасының ұлы ханы болып қала бересіз. Тəңір жазса, үш жүздің баласы дəргейіңізгеəлі-ақ түгел бас ұрады. Үш жүз түгілі, алты алаштың да бір тудың астына топталар кезі алыс емес”[3,179] деп, əскер тізгінін қолға алған сұлтаннын бүкіл болмысын айшықтай түсетіндей етіп сөйлетуі. Қай хан болсын, елді бірлікте, ынтымақта ұстауда билерге сүйенеді, себебі би халықты ақылмен тəнті етіп, бағындырады. Романда қазақтың əйгілі билері – Төле би, Қазыбек би, Төбет би, Боранбай би, Байқара би, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, т.б. бейнелер көрініс береді.