Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Сатираның өзекті мәселелерін қозғанан - Т.Әлімбеков шығармалары туралы айтыңыз



бет89/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

2.Сатираның өзекті мәселелерін қозғанан - Т.Әлімбеков шығармалары туралы айтыңыз.
1974 жылы әскери борышын өтеп келген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1979 жылы аяқтады. Жамбыл ауданының «Шұғыла–Радуга», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеді. Сол облыстың Красногор аудандық «Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» газетінің редакторы болды. Содан кейін республикалық «Ара–Шмель» сатиралық журналына бөлім редакторы боп ауысты. Қазақ теледидарының «Орда» шығармашылық бірлестігінде Бас редактор, республикалық «Ара–Шмель» сатиралық газетінде жауапты хатшы, Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі болды. 2000 жылдан бері Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадацирк колледжінде актер бөлімінде дәріс береді. Сықақ әңгіме, өлеңдері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақтарында жарық көрді. «Когда солнце смеется» жинағына әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды. «Ләммим», «Аһүһ» кітаптарының, «Ымжым», «Тойда жолығайық» (І), «Тойда жолығайық» (ІІ), «Қалай болса – солай» атты сықақ өлеңдер жинақтарының авторы. «Күйеуіңізді сатыңызшы» (М.Задорнов), «Отыз ұлың болғанша» (Ф.Буляков), «Желіккен жастар» (Г.Белецкий) комедияларын аударып, М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында және «Темір қуыршақ» (Э.Берджес) драмасы Қостанай облыстық драма театрында сахналанған. «Тамаша», «Бауыржан шоу» сатиралық театрлардың репертуарларына арнап сценарийлер жазды. «Хабар» телеарнасынан ұсынылған «Сүйінші», «Бозбала шақтың соңғы жазы» атты көркем фильмдердің сценарийлерінің, «Қазақстан» телеарнасындағы «Әзілкештер ауылы», «Хабар» телеарнасындағы «Әзілің жарасса...» бағдарламалардың авторы.
3.Аударма өнері: кеңістік пен көркемдік шешім туралы айтыңыз.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ___71____


  1. Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар- С.Ақсұңқарұлы шығармашылығын талдаңыз.

Ақтоғай ауданы "Арқа еңбеккері" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1978 - 1987 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Коммунизм таңы" газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды. 1987 - 1990 ж. еркін шығармашылық жұмыста болды. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі.


Жас ақындардың «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975), «Қарлығаш» («Жалын», 1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. «ХХ ғасырдың жиырма сәті» поэмапанорамасы («Жалын», 1990), «Ғасыр кардиограммасы» («Жазушы», 1991) кітаптары, «АдамАта – Һауа Ана» («Қазақстан», 2000), «Өмір деген күнді айналу» («Жазушы», 2005), «Төбемнен жауһар жауып тұр» (2005), «Қыпшақ хиссасы» («Қазығұрт», 2008) атты өлеңпоэмалар жинағы жарық көрген. А.Пушкин, А.Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. шетел ақындарын қазақшаға тәржімалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет