Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз



бет85/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз.



  • Д.Исабеков«Актриса», пьесаларында образдарға тоқталыңыз.



    емтихан билеті № ____67___


      1. И.Сапарбай поэзиясндағы Тәуелсіздік туралы толғаныстарын жазыңыз.

      2. Б.Мұқай«Өмірзая», пьесасындағы қоғамдық жағдаяттар,өмір-тұрмыс көріністері , өнер адамдарының қайшылықты күрделі сәттерін ашыңыз.

      3. Сатираның өзекті мәселелері О.Әубәкіров шығармашылығын талдаңыз.





    ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ____68___
    1. С.Тұрғынбеков поэзиясындағы лирикалық қаһарман тұлғасы туралы жазыңыз.
    С.Тұрғынбеков поэзиясындағы лирикалық қаһарман тұлғасы Қазақ лирикасының кемелдену, толысу кезеңінде өзіндік үн қосып, өзгелерден дараланып, өзіндік қолтаңбасын анық танытатын ақынымыз – Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы ерекше құбылыс.Т. Медетбек айтқандай, «Ұлықбек Есдәулетов – үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принципті сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз. Ұ.Есдәулеттің «Алматы. Ақпан» өлеңінде лирикалық қаһарманның күйі тұрмыс тірішілікпен қат-қабат болып көрінеді. Қыс суреттері лирикалық қаһарманның көңіл-күйіне сай өрілгендігі және бірер сәттегі көңілінің бейқамдығы «Қар жауған түнгі қаланың көшесіне ұқсар, // Көңілім менің тапталар-тапталмас болып» өлең жолдарында байқалады. Ақын «көңілін қар жауған түнгі қаланың көшесіне» ұқсатуы, яғни тыныштықты қалауы айтылса, «Көңілім менің тапталар-тапталмас болып» тармағында жаңа жауған қардың басылып, тапталып қалатыны белгілі, сондықтан да лирикалық қаһарманның көңілі осы қар жауғандай күйде болатынын айтқысы келеді. Лирикалық қаһарманның көзіне «Ай қан-сөлсіз қылаңытқан» болып көрінуі де нанымды. Өйткені, лирикалық қаһарманның көңіл-күйінің бір нәрсені ойлаудан біраз қобалжып тұрғаны аңғарылады. Бұл ретте назар аударатыны – айдың «қан-сөлсіз қылаңытқан» деп суреттелуінде, өйткені айдың қан-сөлсіз болуы, оның үнемі боз болып, суық тартатынын білдіретінін, жалпы айтқанда айдың сипатын көрсетіп тұрса, ал ақынның «Атжүйріктей боп аспанға жабысып тұрды», - деуінен лирикалық қаһарманның көзімен айдың орналасу дәлдігі мен бірқалыпта өзгермей тұратынын әсерлі беруінен ақын шеберлігін бағамдаймыз. «Күз келді» деп аталатын өлеңі екі шумақтан тұрса да, өзіндік ойын нақты аңғарта алатындай туынды екені сөзсіз Орыс әдебиетінде табиғатты суреттеу Пушкиннен басталатын болса, оның табиғаты бір жанды, тіршілік иесіне ұқсап тұрады. Сол сияқты Ұ.Есдәулетте де бір жапырақтың күз мезгілінде құлауын «патшаның тағынан құлауына» ұқсатады. Жаз ұғымын бір жапыраққа сыйғызып жібергенінен ақынның шеберлігін көреміз. Табиғатты осылай ерекше бейнелеу поэзияда сирек кездеседі. Өйткені, мұнда ешкім айтпаған ой және осы күнге дейін салынбаған сурет бар. Бұл – Ұ. Есдәулеттің поэзиядағы жаңалығы. Ақын сонысымен дараланады. Жаз мезгілінің күз маусымына ауысуын сәтті жеткізген. Алғашқы шумақтағы «Дәурен сүрген бұтағынан – тағынан, // Құлап жатыр жапырақ боп патша – жаз», – дегенінен алдымен, жазды жапырақ сияқты құлап жатыр деуі де қазақ әдебиетіндегі тың қолданыс, әрі дерексіз ұғымды заттандыру болса, екіншіден, күздің келіп, жаздың кетіп бара жатқаны лирикалық қаһарман үшін бір кезде дәурен сүрген патшаның тақтан құлап қалуына ұқсатып, соны жалаң баяндаумен емес, образбен берген.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет