Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет1/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)


ЕМТИХАН БИЛЕТІ № __1_____
1. Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз.
Қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік аңсары 1991-2001 жылдар аралығында өзінің бұрынғы асқақ ұлттық рухын қайта тапты және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы апыл-тапыл басқан қадамын қалтқысыз қадағалап, рухани демесін, сүйеніш бола білді. Қ. Мырза Әлидің “Заман-ай” және Т. Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары” жинақтарындағы дәуір тынысын, кезең шындығын бейнелеуін, замандастарымыздың рухани жаңғыруын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау. Бұл кітаптар дәуір сипаты мен тәуелсіздік жылдарындағы адамның жан сезімін айрықша биік танытқан туындылар ретінде қаралады. Тәуелсіздік рухы қазақ ақындары жырларынң тақырыптық аясын кеңейтіп, көркемдік ізденістерге жетеледі, жаңа, тәуелсіз ұрпаққа ата-бабамыз армандаған, сарыла күткен қуанышты сәттің жеткенін жария етті. Ә.Тәжібаев “Аралдар”, “Кешеден бүгінге” атты жинақтарында ұлғайған адамның өмір тәжірибесінен туған ой мен сезім сырларын, жан тебіресін тапқыр толғады. Ақынның сыршыл жырлары адамды сүюді, досқа деген адалдықты, өмірге құмарлықты паш етеді. Мейірімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге,
От боп жанғым келеді
Жылуы жоқ үйлерге,- дейді ол.
2. Қазақ поэзиясын биік белеске көтерген- Т.Әбдрахманова шығармашылығы туралы айтыңыз.
Қазақ поэзиясын биік белеске көтерген- Қ.Мырза-Әлидің шығармашылығы- Қазақ әдебиетінде алғашында балалар ақыны ретінде кеңінен танылған ақын жырлары қазақ балалар поэзиясына жаңа тақырыптар, тың кейіпкерлер, көркемдік өріс әкелді. Балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік ерекшелігі, көптеген қиындықтары бар, себебі балалар ақыны болу үшін автор балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білуі аса қажетАқын балалардың осы ерекшеліктерін әбден зерттеп, біліп, меңгергендігін «Жаңғалақтар» (1960 ж.), «Тақпақ айтып, ән шырқайық» (1961 ж.), «Кішкене Қожанасырлар» (1961 ж.), «Алуан палуан» (1962 ж.), «Омар мен Құмар» (1963 ж.), «Сабақ» (1964 ж.), «Мешін мен адам» (1968 ж.), «Ноян қоян», «Күміс қоңырау» (1970 ж.), «Шымыр жаңғақ» (1984 ж.) т.с.с. кітаптарынан көреміз. Ақынның «Күміс қоңырау» (1985 ж.), «Мәңгі майдан» (1993 ж.), «Үкілі үзінділер» (1996 ж.), «Алаштың арманы» (2001 ж.), «Иірім» (2004 ж.) т.б. кітаптары жарық көрді.Қ.Мырзалиевтің «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиясы, Махамбетке арналған «Жаралы жолбарыс» трагедиясы, Ақсақ Темірге арналған «Әмір Темір» поэтикалық драмасы және Төле би либреттосы – ақын қаламынан туған ірі драмалық туындылар болып саналады. Қаламгердің елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары жарық көрді. Жырлары ойлылығымен, парасат әлемінің кеңдігімен айрықшаланады. Ақынның көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге, нақылдарға айналды. Оның «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен», «Қазақ пен қонақ» және тағы басқа өлеңдері халқымыздың психологиясын шебер бейнелеп, ұлттық құндылықтарын ұлықтайды. Ана тілінің, ұлттық аспап – домбыраның қасиеті мен құдіреті де ақын қаламынан тыс қалған жоқ.Қадыр ақын – шебер аудармашы. Әлемдік әдебиет өкілдері Ж.Румидің, Г.Гейненің, В.Гюгоның, М.Лермонтовтың, С.Есениннің, Р.Ғамзатовтың, Э.Межелайтистің, Ш.Петефидің т.б. қаламгерлердің жырларын қазақ тіліне аударған. Талантты ақынның өз туындылары да бірнеше тілге аударылып, шетелдіктер тарапынан өте жоғары бағаланды. Оның 200-ден астам өлеңіне Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов, М.Сағатов, М.Маңғытаев, Е.Хасанғалиев т.б. көптеген талантты композиторлар әндер шығарған.Қадыр Мырзалиев – Қазақ КСР Мемлекеттік, Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС», тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері, Қазақстанның халық жазушысы. Ол «Достық», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Орал қаласында ақын атында Өнер және мәдениет орталығы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында орта мектеп бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет