2. Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік талдауға тоқталыңыз.
Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік мәселелер- Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Бұл жанр кеңестік дәуір тұсында тыйым салынған діни-философиялық, эротикалық, интимдік әңгімелермен толықты. Б. Нұржек, Т. Ахметжан, т.б. жазушылар адам жанының ішкі иірімдеріне үңілуде психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті. Дәстүрлі ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен жалғасты. Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмодернистік ағымдар пайда болды. . Т. Ахметжанның «О дүниенің қонағы» (2000), «Күнәһар» әңгімесінде ар-ұят періштесі мен сайтандарды арбастыра отырып, адамшылық, имандылық мәселесін алға тартса, «Махаббат әуені» (2006) шынайы пәк сезімге құрылған. Жазушының барлық әңгімелерінің негізгі өзегі – ар іліміБ. Нұржекеұлының Құпия махаббат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келіншек», «Өш алудан өршіген әдет», «Екі қырсық», «Күю» атты әңгімелердің де негізгі тақырыбы махаббат мәселесі болғандықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезімдік байланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін қайталамайтын соны дүниелер. Шағын әңгімелерінде ауыл өмірінің көркем суреттерін жасаған.
3. Е. Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі қоғамдық сананың көркем бейнеленуін айтыңыз. Қазір әрбір саналы адам баспаналы болуды армандайды. Жылы төсек, дайын ас, жайлы өмір, әрі жеке шекара да баспанаңда болады. Мейлі, көлемі үлкен немесе кіші болсын, «өз үйім – өлең төсегім». Меніңше, қазір заманның дамуына байланысты баспаналы болу немесе пәтер жалдау оңай. 90-жылдарда әр азаматта мұндай мүмкіндік болған жоқ. Осыдан 15-20 жыл бұрын еліміздің азаматтарына баспана сатып алу, тіпті пәтер жалдап тұру өте ауыр болды. Салыстырмалы түрде зерттесек, қазір жаңадан үй алып жатқан тұрғындар сол заманның адамдары немесе олардың балалары. Демек, неліктен қазір баспана ісінің жұмысы жеңіл шаруаға айналды? Біріншіден, 90-жылдар еліміз егенмендігін енді алып, есін жия бастаған кезең. 20 жылдай тоқырау көрген халық көпшілікке сенуден қалды. Жалға беретін қожайынның талаптары жоғары болды. Жас жұбайлар болса, балалары болмауын, қыздар болса, биік өкше кимеуін, ер адам болса, темекі шекпеуін, ішпеуін талап ететін болған. Мұндай мысалдарды біз Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінен көре аламыз. Кішкентай, жағдайы жоқ лашықтың өзіне жоғары төлем сұрайды. Айтар ой-түйінім, қазір қожайынның басты талабы – үй іші таза болып, ақысын уақытылы алып отыру.Екіншіден, қазір үкімет халық үшін көп мүмкіндік, жағдай жасап жатыр. Мысалы, жас отбасыларға, жалғызбасты аналар мен әкелерге, мүгедек адамдарға үкіметтің қолдауы арқылы жеңілдікпен баспаналы болуға болады. Сондай-ақ «Отбасы» банкінен депозит ашып, үйдің бастапқы жарнасын жинауға болады. Депозитті тіпті балаға ашып қойса да болады екен. Үшіншіден, бүгінде жаңа буын баспана мәселесіне көп бас қатыра бермейді. Себебі олардың пікірінше, үй алған соң сол жерде тұрақтап қалады. Ал олар ел-жер көріп, саяхаттап, әлемді аралағысы келеді. Тіпті қалталы адамдардың өзіне шетелдегідей пәтер жалдап тұруы өте ыңғайлы. Сондықтан пәтер жалдау бұрынғыдай нашар тұрмысты көрсетпесе керек.Баспана мәселесі – әр адамның жеке мәселесі. Оны алу немесе жалдау – әркімнің еркі. Заманның, сананың дамуына байланысты XXI ғасырда пәтер алу оңай іс. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».