Байланысты: Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)
2. Сатираның өзекті мәселелері.Ш.Смаханұлы «Өткірдің жүзі», Баспасөздегі «Сүзеген сөз», «Мүйізтұмсық» айдарларына тоқталыңыз. Шона Смаханұлы (1924–1988) 5 қазан Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. Шона Смаханұлының “Өткірдің жүзі”, “Сүзеген сөз”, “Мүйізтұмсық” өлеңдері сатиралық сипатқа ие.
Ш.Смаханұлының «Өткірдің жүзі», «Үміт жұлдызы» сынды сатиралық өлеңдері мен повесінде қоғамдық өмір, күнделікті тұрмыс- тіршілік шынайы да шебер суреттелінуі.Мезгіл көріністері.
Баспасөздегі сын-сықақ бұрыштары: «Сүзеген сөз»,«Мүйізтұмсық», «Әзілің жарасса», «Мағынасы майысқан мақалдар», «Сатира стадионы» т.т. Олар туралы көзқарас, пікірлер.Уақыт көріністері. 3. Қазақ фантастикасы:кеше мен бүгін Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастика туралы айтыңыз. «Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары» деген тақырыппен кандидаттық диссертация қорғаған. Жалпы қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына өз үлесін қосудағы жазушы¬ның мақсаты – жастардың арманын асқақтатып, қиялдарын ұштау, бола¬шақ¬¬тың техникаларын, технология¬ларын меңгеруге жетелеу. Абдул-Хам¬ид Мархабаев фантастикалық жанрда 1959 жылдан бастап әңгіме-повестер жазған. Содан бері «Арал әуендері», «Жарылқаушы…», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», «Шаян планетасы,сен кінәлісің!» сияқты он-он бестей дүниелері жеке кітап болып шыққан. Осылардың ішінде біраз шығармалары «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағында орыс тілінде, Киевтегі «Молодь» баспасында украин тілінде, Кишинев қаласында «Литера¬тура артистика» баспасында молдаван тілінде жарық көрген. Ол орыс жазу¬шысы В.Михановскийдің «Шексіз¬дікке шеру» фантастикалық романын қазақшаға аударған. Сонымен қатар, америкалық он алты қиялгер жазушы¬ның шығармаларын тәржімалап, «Фантастикалық Америка әпсанасы» жинағына енгізді