Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері.
Жауабы:
Өлшем дегеніміз - физикалық шамалардың мәнін, тәжірибелік жолмен, өлшемдік заттарды қолдана отырып табу процесі.
Статикалық дегеніміз- өлшенетін шама уақытқа тұрақты болып қалады. Бұндай өлшемдерге жататындар, заттың өлшемін өлшеу, тұрақты қысымның, температураның т.б. шамалары.
Динамикалық өлшем дегеніміз- өлшенетін шама уақытқа байланысты өзгеретін процесс, мысалы, қысымды және температураны қозғалтқыш цилиндріндегі газ сығымдалуы кезінде өлшеуді айтады.
Тікелей өлшеу дегеніміз - бұл жерде ізделіп отырған физикалық шаманың мәнін тікелей тәжірибе мәліметтерінен табады. Тікелей өлшеуді Q=Х формуласымен көрсетуге болады, бұл жердегі Q өлшенген шаманың ізделіп отырған мәні, ал Х- мәні , оны тікелей тәжірибе мәліметтерінен алған. Бұл секілді өлшемдерге мысал ретінде мыналарды алуға болады: ұзындықты сызғышпен немесе рулеткамен өлшеу, диаметрді штангенциркульмен немесе микрометрмен өлшеу, бұрышты бұрыш өлшегішпен өлшеу, температураны термометрмен өлшеу т.б. жатады.
Сәйкестік шкаласы 5-ке бөлінеді: 1-шкала – жұмыс жағдайы, нормативтік және технологиялық құжаттарды білу, жұмыс тәжірибесі, кэсіпқойлықты көтеру туралы мәліметтер, қызмет нәтижесін таңдап тексеру және соңынан жүргізілетін инспекциялық тексеруді қамтитын орындаушы шеберлігін бағалауды қарастырады. Бұл шкала кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар көрсететін сертификациялауда қолданылады.
2-шкала – екі тәсілмен іске асатын қызмет көрсету процесін бағалауды қарастырады: технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайын тексеру немесе қызмет сапасын бағалау мен инспекциялық тексеру.
3-шкала – қызмет нәтижесін толық тексеру, қызмет нэтижесін тандап тексеру арқылы инспекциялық тексеруді қарастырады. Бұл шкала материалдық қызмет көрсету, сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша бұйым жасау мен жөндеу кезінде қолданылады.