1. Есеп шығару алгоритмі – есеп мәтіні (шарты), кедергі, ізденіс, жолы, әдіс (модель), таңдау тәуелсіздігі және қорытынды жасау – түсінік бере отырып, анықтама беріңіз. Есеп мәтіні (шарты). Мұнда білім алушы – есепті шешу оқиғасындағы басты тұлға. Оның есептің мазмұны мен мақсатын терең түсінуі басты шарт. Есепті шешу – күрделі ойлау әрекеті. Мұнда есепке логикалық-құрылымдық және химиялық-мазмұндық талдау жасалынады, объектілер анықталынып, олардың сипаттамалары, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар ойлауға түрткі болады.
Кедергі. Есептің мақсаты мен мазмұнын түсінген соң есепті шығару барысында қандай да бір оқиға көмегімен жаңа түсініктерді енгізу арқылы кездескен кедергілерден өту. Бұл сатыда білім алушыдан терең логикалық ойлауды, бұрын меңгерген заңдар мен ұғымдарды, таныған құбылыстарды ой елегінен өткізуді, олардың есеп мазмұнымен байланысын анықтауды талап етеді. Сол арқылы жаңа түсінікті немесе ұғымды сезінуге әкеледі. Бұл сатыда оқытушының сілтемесі мен бағдары қажет болады.
Ізденіс. Білім алушыдан ғана емес, мұғалімнен да талап етіледі. Себебі, білім алушы – есеп шығаруда басты тұлға болғанымен, мұғалім қолдаушы, жетелеуші. Білім алушының әр сатыдағы логикалық ойлауының, шығару сатыларының дұрыстығын қадағалаушы, бағалаушы.
Жолы. Жаңа және бұрын меңгерген тиімді пайдалана отырып, есепті шығарудың жеңіл әрі тиімдірек жолын іздеу. Бұл сатыда білім алушының есеп оқиғасының негізінде жататын химиялық үдерісті немесе құбылысты тану, осы құбылыстарды сипаттайтын формулаларды, заңдарды есіне түсіруді талап етеді.
Әдіс (модель). Іс-әрекеттің құрылу принциптерінің түсініктері мен анықталатын есепті шешу барысында пайда болады. Бұл сатыда берілген химиялық есептің негізінде жататын не құбылыстың, объектінің абстракциялау және идеализациялау жолдарымен идеалданған моделі жасалынады. Талдауларды графикалық, схемалық әдістерге жинақтап, берілген химиялық есептің математикалық әдісін құрумен бұл саты аяқталады.
Таңдау тәуелсіздігі. Мұнда туындаған көзқарастардағы қайшылықтарды шешу үшін химиялық заңдылықтарға сүйеніп, есепті шешеді. Оны әрқалай формада жүзеге асыруға болады. Мұнда көзқарастардың тәуелсіздігін, есептің мақсатына жетуді қарастырады.
Қорытынды. Есепті шығару барысында жасалған барлық әрекеттер талданып, ортақ үлкен қорытындыға, жаңа түсініктерге келеді. Мұнда білім алушылар мен мұғалім біріге отырып, жалпы қорытынды жасайды.