емтихан билеті № 12
1. Қиындатылған және күрделендірілген есептеулердің алгоритмін келтіре отырып түсіндіріңіз.
1 мысал. Қоспа .
Жалпы массасы 15,5 Са(ОН)2, СаСО3 және СаSО4 қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде 1,12 л (қ.ж.) газ бөлінді және 6,80 г ерімейтін қалдық қалды. Қоспадағы Са(ОН)2 компонентінің массалық үлесін табыңыздар.
Шешуі: Тұз қышқылында ерімейтін болғандықтан, ерімейтін қалдық ретінде СаSО4 қалады. Демек, оның массасы 6,80 г. Қалғандары тұз қышқылымен әрекеттеседі.
Белгісіз газ – СО2, оның көлемі 1,12 л, зат мөлшері 0,05 моль.
2 мысал. Қоспа .
Мырыш пен оның нитратының қоспасын ауада қыздырғанда, оның массасы өзгермеген. Қоспадағы мырыштың массалық үлесін (%) анықтаңыздар.
Шешуі:
Қоспаның 100 г үлгісін қарастырамыз:
Теңдеулер жүйесін құрамыз:
2. Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесін талқылап, қорытындылаңыз, жауаптарыңызды дәлелді түрде келтіріңіз.
1 мысал. Бес нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: барий хлориді, натрий хлориді, алюминий нитраты, калий карбонаты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.
Шешуі:
Теориялық матрица.
Реакция теңдеулері:
2 мысал. А затын күкірт қышқылында еріткенде көк түсті зат түзіледі. Егер осы затқа бөлме температурасында В затының артық мөлшерін қосса көкшіл түсті суда ерімейтін С заты түзіледі. Ал, егер де В затын 90-1000С температурада қосса, қара түсті А затының тұнбасы түзіледі. Есепте қандай заттар жайлы сөз қозғалып отыр? Барлық реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Шешуі: Қыздырғанда қараятын көк түсті зат мыс гидроксиді, ол суда ерімейді. Суда ерімейтін қара зат – мыс оксиді. Ендеше: A – CuO , B – кез-келген сілті, мысалы NaOH, C – Cu(OH)2.
Реакция теңдеулері:
Достарыңызбен бөлісу: |