Нивальдық белдеу (мәңгілік қар белдеуі) Солтүстік Тянь-Шань тауларында 3200 м-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта. Жер бедері биік шың, жартасты, құлама болып келеді. Беткейлерін үйме қорым тас, көп жылдық мұз бен қар басып жатады. Өсімдік өспейді, жануарлар мекендемейді.
Қылқан жапырақты ормандардың түрлері. Ерекшеліктері.
Қылқан жапырақты ормандар табиғи белдеуі (қылқандары ине тәрізді орман) Солтүстік жарты шарда кең тараған. Қылқан жапырақты орман Европада, Солтүстік Азияда, солтүстік Американың географиялық кең алқабын қамтып, солтүстік жарты шардың орман табиғат белдеуінде циркулярлы белдеу тармағын құрайды.