Күңгіртқылқан жапырақты.Құрылымы өте қарапайым, ярустар саны әдетте 2 - 3. Ағаш ярустан басқа, шөп немесе шөп-бұта және мүк ярустары болуы мүмкін. Кейде шөпті ярус болмайды. Бұталар сирек кездеседі және айқын ярус түзбейді. Көлеңке деңгейі бұл орманда айтарлықтай, осыған байланысты шөптер мен бұталар тұқымға қарағанда вегетативті жолмен көбейеді. Орман астындағы қоқыс баяу ыдырайды, ал кейбір шөпті өсімдіктер хлорофилл түзбейді сондықтан сапрофитті қоректенеді (шыршышөп, маржантамыр және т.б.). Төменгі ярус өсімдіктері гүлдерінің күлтелері ақ, бозғылт қызғылт, бозғылт көк; бұл түстер мүк жамылғысының қара-жасыл фонында және күңгіртқылқан жапырақты орманның қараңғылығында айқын көрінеді.
Жылумен қамтамасыз етудің өзгеруіне байланысты ендік градиенті бойынша тайга : Солтүстік тайга, Орта, Оңтүстік тайга.