Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау.
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесіъ Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады.
Салауатты өмір салтын қалып- тастырудың негізгі бағытгары мыналар: жеке және қоғамдық гигиена;
дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
Өмір сапасы (life quality) – бұл индивидумның өзі өмір сүріп жатқан ортасындағы оның мақсаты, қызықтылығы, стандарттылығы және де оның мәдениет контексі мен құндылықтар жүйесіндегі орны мен қатынасы. Бұл анықтамаға қарамастан дисосация жалғасуда. Кейбір авторлар өмір сапасын өмір сүру (тұрмыс), психоциалды атрибуттармен шектелу деп түсіндіреді. Ал кейбіреулер бұл категория мінездемесін мына көрсеткіштерден іздейді: ауру, өлім, симтомдар, болжам т.б. Ал үшіншілері өмір сапасын материялды және ішкі жан – дүниелік байлық, яғни тамақтану сапасы, өмір сүру жағдайы, киімнің сапасы, денсаулык сактаудың сапасы деп түсінеді. Төртіншілер оны физикалық, психикалық және эмоционалды сәттілік контексі деп айтады.
Өмір сапасының құрылымы 3 негізгі компонеттерден тұрады:
Өмір сүру жағдайы, яғни адамның өзіне тәуелсіз жағы (табиғи, әлеуметтік орта);
Өмір сүру салты, субъективті, адам өзі жасайтын жақтары;
Өмір сүру жағдайымен қанағаттануы;
Өмір сапасы деген түсінікте өмір анықтамасы жатыр, мұнда өмір- адамның басты байлығы. Өмір түсінігі келесідей құрамдармен анықталады:
• Құрылған өмір • Тұтынушылық өмір • Отбасылық өмір
• Социодениттік өмір
• Ішкі жан – дүниелік өмір