30.ҚР-да денсаулықты нығайтудың гендерлік аспектілері.
Гендер (ағылш. gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді,
Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.
Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда
Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның заманауи мемлекеттік саясаты жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктердің барлық түрлерін еңсеруге, ерлер мен әйелдердің еңбекте, қоғамдық және жеке өмірінде қабілеттерін толық іске асыруы үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты іске асыру мынадай қағидаттар арқылы жүзеге асырылатын болады:
1) барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды жынысына қарамай тең қолдануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік және қоғамдық өмірде кемсітушілікке, гендерлік ассиметрияға жол бермеу;
3) гендерлік өзін-өзі тануды қалыптастыру және қоғамдағы гендерлік стереотиптерді жою.
3. Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, оны іске асыру кезеңі және нысаналы индикаторлары
Отбасын қолдау, нығайту және қорғау, отбасы мен олардың мүшелеріне тәни, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына қажетті жағдайларды жасау, ананы, әкені және баланы қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың мақсаты болып табылады.
Қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тепе-тең құқықтарға, пайдаға, міндеттер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты болып табылады.
Мемлекеттік отбасылық саясат бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажет:
1) отбасылық саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ оны халықаралық стандарттарға, БҰҰ, ТДМ және ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес келтіру;
2) ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығында гендерлік алшақтықтарды жою, сондай-ақ отбасын жоспарлауды қоса алғанда, олардың денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
3) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың тәни, зияткерлік және рухани дамуына жәрдемдесу;
4) отбасылық өмірдің жағымды үлгісін қалыптастыру, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, өскелең ұрпақ тәрбиесін күшейту;
5) әлеуметтік қорғауды қажет ететін, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
6) отбасының барлық мүшелеріне қатысты, оның ішінде жыныс белгісі бойынша зорлық-зомбылық фактілерін азайту;
7) отбасына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қызметтер сапасын ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |