Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Оқиға орнын қарау тергеу әрекеттерін жүргізу барысында суретке түсіруді сипатта



бет48/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
76. Оқиға орнын қарау тергеу әрекеттерін жүргізу барысында суретке түсіруді сипатта. Ғимарат, тұрғын-жай және т.б. жабық жер-лерде детальды түсіру кезінде күн сәулесі терезеден түсіп тұрған жағдайда терезеге мата іліп, қараңғы жерлерді түсіруге есептелген ұстау (вьщержка) қолданылады. Оқиға болған жерді түсіру көп жағдайларда электрлік тұтану шырағы арқылы жарықтандырылады. Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті
коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен
мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында
орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін
толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған
ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде
фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына
бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет.
Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы
жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған
ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол
панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы
түсіріледі.


77. Сандық фотоаппараттың зарядтық байланыс құрылғысының (ПЗС) құрылысын түсіндір.
«Сандық фотография» дегеніміз компьютерлік техниканы қолдану арқылы қоршаған ортадағы объектілердің бейнесін компьютерлік технологияны қолдана отырып алу. Электронды есептеу машиналарының жұмысы алынған ақпараттарды сандық түрде немесе сандық форматта өңдеуге негізделген. Цифрлық форматтағы фотографиялық процесс схемасының фотобейнелерді алудың классикалық əдісімен көп ұқсастығы бар, себебі сандық фотоапараттар дəстүрлі фотоаппараттарға тек сыртқы түрімен ғана емес функционалдық жағымен де өте ұқсас. Сандық фотография технологиясында дəстүрлі фотография процестеріндегіге ұқсас келесі негізгі сатыларды бөліп көрсетуге болады:  Фотоға түсіруге дайындық – яғни жарықты, экспозицияны таңдау жəне экспонирлеу.  Алынған бейнелерді компьютерде графикалық программалардың көмегімен өңдеу жəне редакциялау.  Принтер немесе фотопринтердің көмегімен фотобейнелер алу. Сандық камераларда фотоға түсірілетін объектілердің кадрлық шекарасы кескін іздегіштің (видеоискатель) көмегімен ғана емес осы фотоаппараттағы сұйықкристалды LCD түрлі-түсті дисплейдің көмегімен де анықталады. Бұл өз кезегінде, дəстүрлі аппараттармен салыстырғанда сандық аппараттардың жұмысын ыңғайландырып, тездетеді. Мысалы, сұйық кристалды LCD – дисплейі арқылы түсірілген кадрларды көру режимінде жұмыс істей отырып, сəтсіз түсірілгендерін өшіріп тастауға болады. Осы дисплейді экранның мəзіріжəне түсіру параметрлерінің көрсеткіші (түсірілген кадрлардың жылы, күні, саны жəне тағы қанша кадр түсіруге болатындығы т.с.с.) ретінде де қолдануға болады. Сандық фотокамераның классикалық камералардан негізгі айырмашылығы – суретке түсірілетін объектілердің кескіні жарыққа сезімтал фотоматериалдардың (фотопленка, фотоплас-тинка) қабатында емес, арнаулы электрондық жарық сезгіш қондырғыда қалыптасады (прибор с зарядовой связью (ПЗС). Бұл қондырғыны зарядтық байланысы бар прибор ЗБП (ПЗС) деп атайды. Суретке түсіру процессі кезінде - электрондық затвор ашылғаннан кейін ЗБП объектінің оптикалық бейнесін электрлік бейне сигналға өзгертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет