Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сот-сараптамалық зерттеудің жіктелуін түсіндір



бет50/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
79.Сот-сараптамалық зерттеудің жіктелуін түсіндір.
Сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру барысында, сот сараптамалары жіктелуінің ғылыми заңдылығына қатысты мәселесі маңызды. Оның шешілуі бірнеше факторларға қатысты. Ең алдымен, сараптаманың жіктелуі дегеніміз – сараптамалық білім саласының ғылыми жүйелендірілген түсінігі. Мұндай анықтама аталған тәжірбиелік және ғылыми сала туралы жүйелік түсінік алумен қатар, оның тәжірбиеде жүзеге асатын құрылымдық элементтерін бөлуге де мүмкіндік береді. Өз кезегінде, әрекеттердің соңында сот сараптамаларын жүргізуде көрініс табатын танымдық сараптамалық қызметтің құрылымдық элементтерінің дифференциациялануы, объективті критерилердің айқындалуын талап етеді, олардың негізделуі сот өндірісінде арнайы ретінде қолданылатын ғылыми білімдерді бөліп көрсету үшін қажет. Сот өндірісінде ғылыми білімді арнайы деп көрсету әдістемелік негізде келесі мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді, олар:
 азаматтық және қылмыстық процестегі міндеттерді шешу үшін қолданылатын сараптамалық білімдердің өзектілігі;
 оның әзірлену және тәжірибелік маңыздылығының деңгейі;
 жетілдірудің мүмкінде жолдары;
 арнайы сараптамалық мамандықтардың тізімі және соған сәйкесінше сараптамалық мекемелердің талап бойынша құрылымдық құрылысы;
 сот-сараптамалық жүйесі үшін кадрлерді дайындаудың негізгі бағыттары.


80. Сот-сараптамлық зерттеуде қолданылатын жалпы әдістерді баянда.
Сот сараптамасы кластарының қысқартылуы сараптамалық міндеттерді шешу үшін ғылыми білімдерді пайдалану деңгейін бағалаумен тікелей байланысты. Біз ұсынып отырған кластардің тізімі толық қамтылмаған, осыған қатысты аталған тізім белгілі бір білім саласында әзірлену деңгейіне қатысты және сот өндірісінің мұқтаждарық өзектілігіне сәйкес өзгеріп отырады. Сараптамалардың нақты түрлеріне бөлінуі олардың белгілі бір жіктеулік категорияда болуы немесе болмауы сараптамалық зерттеудің өндірісіндегі сот тәжірбиелік сұраныстарымен және әдістемелік, оның ішіндегі жабдықтаумен қамтамасыз етіледі. Осыған қатысты, нақты сараптаманың белгілі бір түрлерге жатуы мұнда қолданылатын ғылыми білімге ғана қатысты емес, сол сияқты нақты сараптамалық салаға да байланысты. Мысалы, трасологиялық сараптаманың тегі криминалистикалық білімге негізделе отырып, келесі түрлерге бөлінеді:
 дактилоскопиялық сараптама;
 аяқ киім мен жалаңаяқ іздерінің сараптамасы;
 тіс, ерін және адамның басқа бөлшектерінің сараптамасы
 бұзу қаруының, саймандардың және құлыптау құралдары іздерінің сараптамасы;
 көлік-трасологиялық сараптамасы;
 бүтінді бөлшектеу идентификациялық сараптамасы.
Тәжірбиенің сұраныстарына және қолданылатын білімдерге сәйкес сараптамалардың түрлерге топтасу кластары мен тектеріне қатысты жіктеледі. Аталған оқу құралында сот сараптама тәжірбиесінде жиі кездесетін және сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптамалардан басқа, сараптамалардың түрлері мен тектері қарастырылған. Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасының жіктелуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет