106. Түсті ажырату және ерекше жарықтау арқылы суретке түсіру жағдайын сипатта. Түсті ажырату дегеніміз— бір мезгілде экранда өндірілетін алуан түрлі түстер реңкінің ең көп мөлшерін анықтайтын параметр. Нақты компьютердің мүмкіндігі пайдаланылатын бейнебейімдеуіш картасымен жөне мониторымен анықталады. Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды . Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.Бұл жерд е түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне б айланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жары қ көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қой ылған шыны әйнекті қолданады. Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны о бъектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілер ді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.
107. Суретке түсірудің тәсілін таңдау жағдайын сипатта. Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзінді к бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғала рымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.); ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маманкриминалист, сарапшы); б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маң ызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану; в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б. г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері); д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретушьбұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді қарындаштармен, бо яулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объ ектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді); е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған ф отосуреттер мен фотокестелер. Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттерін е байланысты жедел-іздестіру, соттергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді. Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдерболады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін. Жеке тәсілдерге: а) бағдарлап түсіру; ә) шолып түсіру; б) түсіру; в) тетіктік фотобейнелер жатады.